Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.07.2015 № 591 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу және ақпараттық қызметтер көрсету үшін ақы алудың мөлшерi мен тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 29 маусымдағы N 888 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 29, 286-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жылжымалы мүлiк кепiлi бойынша ақпараттық қызметтер көрсету үшiн ақы алудың мөлшерi мен тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы";
1-тармақта:
"Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу және" деген сөздер алынып тасталсын;
"Қоса берiлiп отырған" деген сөздерден кейiн "Жылжымалы мүлiк кепiлi бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітiлген Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу және ақпараттық қызметтер көрсету үшiн ақы алудың мөлшерi мен тәртiбi туралы ережеде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жылжымалы мүлiк кепiлi бойынша ақпараттық қызметтер көрсету үшiн ақы алудың мөлшерi мен тәртiбi туралы ереже";
1-тармақта:
"жылжымалы мүлiк кепілiн тiркеу және" деген сөздер алынып тасталсын;
"(бұдан әрі - тiркеушi орган)" деген сөздерден кейiн "жылжымалы мүлік кепiлi бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Ақпараттық қызметтер көрсеткені, соның iшiнде жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктi бергенi, жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу тiзілiмiнен үзiндi көшiрме бергенi, сондай-ақ өтiнiш берушінің кiнәсiнен жiберiлген тiркеу құжаттарындағы қателердi түзеткені үшiн ақыны көрсетiлген іс-әрекет мүддесi үшiн жасалатын заңды және жеке тұлғалар енгiзеді.";
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Жылжымалы мүлiк кепілi бойынша ақпараттық қызметтер көрсету үшiн ақының мөлшерi";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Жеке және заңды тұлғалардан ақпараттық қызметтер ұсыну үшiн, сондай-ақ өтiнiш берушiнiң кiнәсiнен жiберілген тiркеу құжаттарындағы қателердi түзеткені үшін алынатын ақы Қазақстан Республикасында ақы төлеу күнi қолданылған айлық есептiк көрсеткiштi ескере отырып жарты айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде есептеледі.";
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Осы Ереженiң 3-тармағында айқындалған жағдайларды қоспағанда, ақы алмастан ақпараттық қызметтер көрсетуге тыйым салынады.";
5-тараудың атауында "Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу үшiн" деген сөздер "Жылжымалы мүлiк кепiлi бойынша ақпараттық қызметтер көрсету үшiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта "Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу үшiн ақы 50 проценті мөлшерiнде жергiлiктi бюджеттiң кiрiсiне, 50 процентi тiркеушi органның есеп шотына аударылады;" деген сөздер алынып тасталсын;
5-1-тармақ алынып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Тiркеушi органға түбіртек немесе ақпараттық қызмет көрсету үшiн, сондай-ақ өтiнiш берушiнiң кiнәсiнен жiберiлген тiркеу құжаттарындағы қателердi түзеткені үшiн ақы енгізілгені туралы төлем құжатының көшiрмесi ұсынылады.";
7-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі