Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 591 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2015 жылғы 27 шілдедегі
№ 591 қаулысына   
қосымша       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Жылжымалы мүлік кепілі бойынша ақпараттық қызметтер көрсету үшін ақы алудың мөлшері мен тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 маусымдағы № 888 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 29, 286-құжат).
      2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 маусымдағы № 888 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 мамырдағы № 453 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 19,199-құжат).
      3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 маусымдағы № 888 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 сәуірдегі № 394 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 18,215-құжат).
      4. «Мемлекеттік органдардың құқықтық және өзге де кадастрларды жүргізу мақсатында ақпарат алмасуы жөнінде өзара іс-қимыл жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қыркүйектегі № 798 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 34,374-құжат).
      5. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 наурыздағы № 300 қаулысына 2-қосымшаның 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 18, 160-құжат).
      6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 820 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 10-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 47, 643-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады