Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Қорға қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгізiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
"Қорға қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңы
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы қорға қамтудың құқықтық негiздерi мен шарттарын белгілейдi, қорға қамту кезiнде талап құқығынан қайтуды жүзеге асырудың және арнайы қаржы кәсiпорыны облигацияларын шығарудың ерекшелiктерiн анықтайды, арнайы қаржы кәсiпорындарды және қорға қамту мәмілесiнiң басқа да қатысушыларын құруға және оның қызметiне қойылатын талаптарды белгілейдi.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi түсiнiктер:
1) аффилиирленген тұлғалар - шешiмдi тiкелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) арнайы қаржы кәсiпорыны қабылдайтын шешiмге, оның iшiнде ауызша шартты қоса алғанда, шартқа немесе өзге де мәмiлеге орай ықпал етуге мүмкiндiгi бар тұлға (мемлекеттiк органдарды қоспағанда), сондай-ақ өзiне қатысты арнайы қаржы кәсiпорынының осындай құқығы бар кез келген тұлға;
2) бөлiнген активтер - арнайы қаржы кәсiпорыны сатып алған талап құқығы және олар бойынша түсiмдер, сондай-ақ бөлiнген активтердi басқарудан түсетiн пайда және осы қаражат есебiнен сатып алынған қаржылық активтер;
3) дебитор - оригинатор алдында қазiргі немесе болашақ ақшалай мiндеттемесi бар тұлға;
4) қосымша қамтамасыз ету - арнайы қаржы кәсiпорыны шығаратын немесе шығарған талап құқығынан басқа қосымша облигацияларды қамтамасыз ету, оның құрамына қаржы институттары, облигациялардың инвестициялық тартымдылығын ұлғайту мақсатында сатып алған банктiк кепiлдiктер, кепiлгерлiктер, аккредитивтер енедi;
5) арнайы қаржы кәсiпорнының облигациялары - облигациялар, олар бойынша эмитенттiң мiндеттемелерiн орындау бөлiнген активтермен қамтамасыз етiледi;
6) талап құқығының бiркелкiлігі - талап құқығының облигацияларды шығару анықтамалығы болып анықталған жалпы объективтi белгiсiне сәйкес келуі;
7) оригинатор - қорға қамту мәмілесiн жасау кезiнде талап құқығынан қайтуды жүзеге асыратын заңды тұлға;
8) талап құқықтары бойынша түсiмдер - ақшалай нысандағы дебиторлардың мiндеттемелерi бойынша түсiмдер;
9) талап қою құқығы - оригинатордың қызметтiң негiзгi түрiн жүзеге асыру барысында туындаған ақшалай талаптар;
10) арнайы қаржы кәсіпорнындағы бөлектеп есепке алу - арнайы қаржы кәсiпорнының бөлiнген активтерін, облигацияларын (оның iшiнде олар бойынша есептелген купонды) заңды тұлға есебiнде бухгалтерлiк есепке енгізбеу;
11) қорға қамту мәмiлесi - арнайы қаржы кәсiпорнының талап қою құқығын сатып алуы және активтер бөлген қамтамасыз етілген облигацияларды шығару;
12) қорға қамту - бөлінген активтермен қамтамасыз етiлген облигацияларды шығару арқылы ақшалай талаптардан қайтуға арнап қаржыландыру;
13) арнайы қаржы кәсiпорнының жеке қаражаты - арнайы қаржы кәсіпорнының заңды тұлға есебiнде қорға қамту мәмiлесi аяқталғаннан кейiн алынған (тартқан) активтерi, мiндеттемелерi, жеке капиталы және кiрiсi (залалы). Арнайы қаржы кәсiпорынының жеке қаражатына бөлiнген активтер, облигациялар (оның ішiнде олар бойынша есептелген купон) кiрмейдi;
14) арнайы қаржы кәсіпорны - өзiнiң қызметiнiң айырықша түрi қорға қамтудың бiр мәмiлесiн жасау, облигацияларды шығаруға қызмет ету және қосымша қамтамасыз ету мәмiлелерiн жасау болып табылатын құрылған заңды тұлға;
15) уәкілеттi орган - қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеудi және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
16) басқарушы агент - қорға қамту мәмілесiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын және инвестициялық портфелдi басқаруға берiлген лицензиялардың негiзiнде қамтамасыз етілген облигацияларды шығарылуын оның iске асыру мақсатында жүзеге асырылған бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы.
2-бап. Қазақстан Республикасының қорға қамту
туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының қорға қамту туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен , осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiнен тұрады.
2. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасы, егер ол осы Заңмен өзгеше белгіленбесе, қорға қамту мәмілелерiмен байланысты қатынастарға таратылады.
3. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
2-тарау. Қорға қамту мәмілелерiнiң қатысушылары
3-бап. Қорға қамту мәмілелерiнiң қатысушылары
Оригинатор және арнайы қаржы кәсiпорны қорға қамту мәмiлелерiнiң қатысушылары болып табылады.
4-бап. Оригинаторға қойылатын талаптар
1. Оригинатор құрылтайшылары (жалғыз құрылтайшы) жарғылық капиталдың мөлшерiн толығымен төлеген немесе құрылтай шартына сәйкес өзi сатып алған оригинатордың акцияларын толығымен төлеген заңды тұлға болып табылады.
2. Оригинатор қорға қамтудың бiрнеше мәмілелерiн жүзеге асыруға бiр уақытта қатысуға құқылы.
3. Оригинаторда қорға қамту мәмілерiн жасағанға дейiн соңғы үш жылдағы аудиторлық есептілік болуы тиiс.
Егер оригинатор қорға қамту мәмілерiн үш жыл кем жасаған сәтте қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлға болып табылған жағдайда, көрсетiлген құжаттар ол құрылған сәттен бастап заңды тұлға қызметiнiң барлық кезеңiне берiледi.
4. Талап етудiң болашақтағы құқықтарын берудi жүзеге асыратын оригинаторда мына рейтингтердiң бiреуi бар болуы керек:
1) қаржы күшiнiң халықаралық рейтингi рейтингілік агенттiктер сыныптамасы бойынша Қазақстан Республикасының егемен рейтингтен екi арақашықтық санаттан төмен емес, олардың тiзбесi уәкiлеттi органмен белгіленедi;
2) қаржы күшiнiң рейтингi рейтингілiк агенттiктер сыныптамасы бойынша ұлттық рейтингілік шәкілі бойынша ең жоғары рейтингтен екi негiзгi санаттан төмен емес, олардың тiзбесiн уәкілеттi орган тiзбесiн белгілейтiн рейтингiлiк агенттiктер сыныптамасы бойынша Қазақстан Республикасына берiлген сәйкес келетiн егемен рейтингтен төмен емес бiр егемен рейтингi бар елде тiркелген уәкiлеттi орган белгілейдi;
3) қаржы үшін рейтинг тiзбесiн уәкілетті орган белгілейтiн рейтингiлiк агенттiктер сыныптамасы бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық рейтингiлiк шәкілi бойынша ең жоғары рейтингтен екi негiзгi санаттан төмен емес.
5-бап. Арнайы қаржы кәсiпорнын құру
1. Арнайы қаржы кәсiпорны оригинатор да, сол сияқты және жауапкершілігі шектеулi серiктестіктiң ұйымдастыру-құқықтық нысанында өзге де тұлға болып құрылуы мүмкiн.
Арнайы қаржы кәсiпорнының жарғылық капиталы тек қана ақшамен қалыптастырылады.
2. Арнайы қаржы кәсiпорнының атауы "арнайы қаржы кәсiпорны" деген сөздердi қамтуы тиiс. Атауындағы "АЗТ" аббревиатурасын пайдалана отырып арнайы қаржы кәсiпорнының атауын қысқартуға жол беріледi. Арнайы қаржы кәсiпорнының атауында оригинатор немесе оның құрылтайшыларының фирмалық атауына байланысты сөздердi пайдалануға жол берiлмейдi.
6-бап. Арнайы қаржы кәсiпорнын өз еркiмен қайта
ұйымдастыру және тарату
1. Арнайы қаржы кәсiпорнын өз еркiмен қайта ұйымдастыру немесе тарату уәкiлетті органның рұқсатымен жүзеге асырылады.
Арнайы қаржы кәсiпорнын өз еркiмен қайта ұйымдастыру немесе таратуға рұқсат алу талабы мен тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
2. Мынадай шарттар сақталған кезде уәкілеттi орган:
1) арнайы қаржы кәсiпорны облигацияларының өтеу қорытындылары туралы есептердi бекiткеннен кейiн;
2) арнайы қаржы кәсiпорыны облигациялары бойынша дефолт жағдайында арнайы қаржы кәсiпорыны облигациялары ұстаушыларының тiзiлiмiн жабу кезiнде рұқсат бередi.
3. Уәкiлетті орган мынадай негiздемелер бойынша арнайы қаржы кәсіпорнын өз еркiмен қайта құруға немесе жоюға құқылы:
1) уәкілеттi органның нормативтiк құқықтық кесiмдерiнде көзделген құжаттардың толық пакетін ұсынбағанда немесе ұсынғанда;
2) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына берілген құжаттар сәйкес келмегенде заңды тұлғаны өз еркiмен қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат беруден бас тарта алады.
4. Уәкiлеттi орган олар түскен күннен бастап 30 күнтiзбелiк күннiң iшiнде арнайы қаржы кәсiпорны өз еркiмен қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат беруге берілген құжаттарды қарайды және шешiм шығарады. Уәкiлетті орган өз еркiмен қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат беруден бас тарту туралы шешiм қабылдаған жағдайда уәкiлетті орган бас тартудың негіздерiн көрсете отырып арнайы қаржы кәсіпорнын осы туралы жазбаша хабардар етедi.
3-тарау. Қорға қамту мәмілелерiнiң ерекшелiктерi
7-бап. Қорға қамту объектілерi
1. Қорға қамту объектілерi белгілi немесе болжамдалатын кiрiстерден немесе оларды алуы шарт талаптарынан немесе ақша қаражатын болашақта алуды растайтын Қазақстан Республикасы заңнамалық кесiмдерiнiң негiзiнде туындайтын ақшалай түсiмдерден тұратын талаптардың қазiргi бар құқықтары және/немесе талаптардың болашақ құқықтары болуы мүмкiн.
2. Қорға қамту объектілерi болып табылатын талап құқығы бiркелкi болуы тиiс.
3. Егер ол облигацияларды шығару проспектiсiнде көзделсе және облигацияларды ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерiне қысым жасамаса, облигацияларды ұстаушылардың өкілімен келiсiм бойынша арнайы қаржы кәсiпорыны қорға қамту объектілерiн ауыстыруға немесе толықтыруға құқылы.
Арнайы қаржы кәсiпорыны бөлiнген активтердi ауыстырған немесе толықтырған күнге дейiн 30 күн бұрын жазбаша хабарлама жiберу арқылы қорға қамту мәмiлелерiнiң қатысушыларын ол туралы хабарландырады.
4. Арнайы қаржы кәсiпорыны сатып алған талап құқығы жөнiндегi түсiмдер қорға қамту мәмілелерiн немесе қосымша қамтамасыз ету мәмiлелерiн жүргiзумен байланысты шығыстарды төлеуге және бөлiнген активтер қамтамасыз еткен облигациялар бойынша мiндеттемелердi орындауға айрықша бағытталады.
5. Арнайы қаржы кәсiпорны купондарды төлеу және/немесе облигацияларды өтеу үшiн қарыздар түрiнде қаражатты тартуға құқылы.
8-бап. Бөлiнген активтер
1. Бөлiнген активтер облигациялар бойынша мiндеттемелердi орындауға, қорға қамту мәмiлелерiне байланысты шығыстарды төлеуге және қосымша қамтамасыз етуге бағытталады.
2. Бөлiнген активтердi басқаруды басқарушы агент жүзеге асырады.
3. Арнайы қаржы кәсiпорнының бөлiнген активтерiн өндiрiп алуға, оның iшiнде ол тараған және (немесе) банкротқа ұшыраған жағдайда жол берiлмейдi.
9-бап. Қорға қамту кезiнде талап ету
құқықтарынан қайту шарты
1. Қорға қамту кезiнде талап ету құқықтарынан қайту шарты бойынша оригинатордың дебитормен қатынастарынан туындайтын дебиторға қойылатын өзiнiң болашақ немесе орын алып отырған талап ету құқықтарын оригинатор бередi немесе қайта беруге мiндеттенедi, ал арнайы қаржы кәсiпорны оларды сатып алуды талап ету құқықтарымен қамтамасыз етiлген облигацияларды орналастырудан алынған ақша қаражатын беру арқылы жүзеге асырады.
2. Егер шартта өзгеше көзделмесе оригинатор дебиторлардан талаптың қайтқан құқықтары бойынша төлемдер жинауды жүзеге асырады.
3. Қорға қамту мәмiлелерi бойынша қайту талабының мәнi болып табылатын талап ету құқығы шарт жасасу сәтiндегі орын алған ақша талаптарын, ал болашақ талаптарды - ол туындаған сәттен кешiктiрмей бiрегейлендiруге мүмкiндiк беретiндей етiп оригинатор мен арнайы қаржы кәсiпорны арасындағы шартта анықталуы тиiс.
4. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң талаптары сақтала отырып қорға қамту кезiнде талап ету құқықтарының қайту шарты жазбаша нысанда жасалуы тиiс.
5. Қopғa қамту кезінде талап ету құқықтарының қайту нәтижесiнде арнайы қаржы кәсіпорны талаптарды орындау үшiн дебиторлардан алынған талап ету құқықтары бойынша барлық түсiмдердiң құқығына ие болады.
Осы құқықтарды алу үшiн арнайы қаржы кәсiпорны оригинаторға төлеген сомадан аз талап ету құқықтары бойынша алынған түсiмдерге оригинатор арнайы қаржы кәсіпорны алдында жауап бермейдi.
10-бап. Бөлiнген активтердi басқару
1. Уәкiлеттi орган берген тиiстi лицензия болған кезде оригинатор немесе өзге де тұлға басқарушы агенттiң функцияларын жүзеге асыруға құқылы.
2. Басқарушы агент бөлiнген активтердi сенiмдi басқару шартының негізiнде бөлiнген активтердi басқаруды жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерiнде көзделген талаптардан басқа, бөлiнген активтердi сенiмдi басқару шарты мыналарды:
1) бөлiнген активтердiң құрамына енетiн талаптар құқығы бойынша ақша түсiмдерінің шарттарын, тәртiбiн және мерзiмдерiн, және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн немесе;
2) қорға қамту мәмілелерiнiң қатысушыларымен өзара iс-қимыл, оның iшiнде қосымша қамтамасыз ету мәмiлелерiн жасау жөнiндегі тәртiптi;
3) кастодиан-банкпен бөлiнген активтердiң құнына, қозғалысына және құрамына салыстыру жүргiзу тәртiбi;
4) облигацияларды ұстаушылардың, олардың өкiлiне және уәкiлеттi органына ақпаратты ашу тәртiбiн;
5) шартта көзделген өзге де ережелерді қамтуы тиiс.
4. Бөлiнген активтердi сенiмдi басқару шарты бiр жақты тәртiппен бұзылуы мүмкiн:
1) шарт тараптарының бірінің бастамасы бойынша; немесе
2) уәкiлеттi орган бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметiнiң тиiстi түрін жүзеге асыруға басқарушы агенттiң лицензияларын қайтарған жағдайда.
Бөлiнген активтердi сенiмдi басқару шартын бұзудың бастамашысы отыз күнтізбелік күн бұрын бұзылған күнге дейiн шарт тарапын жазбаша хабарландыруға мiндеттi.
Бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметiнiң тиiстi түрiн жүзеге асыруға басқарушы агенттiң лицензияларын қайтарған жағдайда басқарушы агент үш күннiң ішінде ол туралы арнайы қаржы кәсiпорнын жазбаша хабардар етуге мiндетті.
Бөлiнген активтердi сенiмдi басқару шарты уәкiлеттi орган көздеген тәртiппен жаңа басқарушы агентке арнайы қаржы кәсiпорнының берiлетiн активтерiнiң салыстыру рәсiмдерiн аяқтағаннан кейiн бұзылған болып есептеледi.
11-бап. Қорға қамту кезiнде талап ету
құқықтарынан қайту
1. Орын алып отырған талап ету құқықтары шығарылған облигацияларды мемлекеттiк тiркеу сәтiнен бастап жасалған шарт бар болған кезде арнайы қаржы кәсiпорнына ауысқан болып табылады.
2. Болашақ талап ету құқықтарының қайту талабы кезiнде осы баптың 1-тармағында көзделген талаптар болғанда шартта көзделген қайту талабының мәнi болып табылатын ақша алу құқығының өзi туындағаннан кейiн бiрден жоғарыда көрсетiлген талаптар бар болған кезде оларды алушыға өткен болып саналады. Бұл талаптар әр кез туындаған кезде болашақ талап ету құқықтарынан одан әрi қайту қосымша ресiмдеу талап етiлмейдi. Егер, ақшаны талап етуден қайту белгілi бiр оқиғалармен негiзделсе, ол осы оқиға басталғаннан кейiн күшiне енедi.
3. Осы Заңға сәйкес арнайы қаржы кәсiпорнының облигацияларының шығарылым проспектiсiн мемлекеттiк тiркеген күннен бастап бөлiнген активтердi өндiрiп алу осы облигацияларды ұстаушылардың құқығын қорғау және қорға қамтулармен жасалатын мәмiлелер мен қосымша қамтамасыз етуге байланысты шығыстарды төлеу үшiн ғана жұмсалуы мүмкiн.
12-бап. Бөлiнген активтердi есепке алу және сақтау
1. Арнайы қаржы кәсiпорнының бөлiнген активтерi кастодиан-банкте кастодиандық шартқа сәйкес сақталады және шоттарда ескерiледi.
2. Кастодиандық шарт кастодиан банк, арнайы қаржы кәсiпорыны, басқарушы агент арасында жасалады.
3. Үлгілік кастодиандық шарттың нысанын уәкілетті орган әзiрлейдi және бекiтедi.
4. Кастодиан банк олар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмеген жағдайда, бұл туралы уәкiлеттi орган мен арнайы қаржы кәсiпорнын дереу хабардар ете отырып, басқарушы агенттiң тапсырмаларына шектеу қоюға (орындамауға) мiндетті.
5. Арнайы қаржы кәсiпорнының активтерiн нысаналы орналастырылуына кастодиан-банктің бақылау жасауды жүзеге асыру тәртiбiн уәкiлетті орган белгiлейдi.
6. Кастодиан-банк арнайы қаржы кәсiпорнын оның шоттарының жай-күйi туралы ай сайын хабардар етiп отырады.
7. Кастодиандық шарт бiр кастодиан-банкпен ғана бiр уақытта жасалуы тиiс.
8. Кастодиандық шарт:
1) арнайы қаржы кәсiпорыны атқарушы органының тиiстi шешiмiнiң негізiнде немесе;
2) басқарушы агенттiң талабы бойынша немесе;
3) кастодиан-банктiң бiржақты тәртiбiмен бұзылуы мүмкiн.
Кастодиан шартын бұзудың бастамашысы белгіленген бұзу күнiне дейiн отыз күнде шарттың талаптарын хабардар етуге мiндеттi.
Кастодиандық шарт уәкілеттi орган көздеген тәртiппен жаңа кастодиан-банкке арнайы қаржы кәсiпорнының активтерiн беру рәсiмдерiн аяқтағаннан кейiн бұзылған болып есептеледi.
13-бап. Қорға қамту мәмілелерi бойынша
есепке алу және есептiлiк
1. Арнайы қаржы кәсiпорны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте бухгалтерлік eceпті жүргiзедi және жеке қаражаты бойынша және арнайы қаржы кәсiпорынының бөлiнген активтерi, облигациялары (оның iшiнде олар бойынша есептелген купон) бойынша бөлек қаржылық есептілікті ұсынады.
2. Уәкiлеттi орган берiлген облигацияларды өтеу нәтижелерi туралы есептi бекiткеннен кейiн қалған облигациялар бойынша мiндеттемелердi қамтамасыз ету болып табылатын бөлiнген активтер арнайы қаржы кәсiпорнының кiрiсiне (залалға) жатады.
3. Арнайы қаржы кәсiпорны бөлiнген активтердiң бухгалтерлiк есебiн жүзеге асыру тәртiбi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен белгіленедi.
4. Банк-кастодиан арнайы қаржы кәсiпорнының активтерiн есепке алу, сондай-ақ облигациялармен мәмiлелердiң ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленедi.
14-бап. Облигацияларды шығару ерекшелiктерi
1. Бағалы қағаздар рыногы туралы заңнама талаптарынан басқа арнайы қаржы кәсiпорнының облигациялар шығару проспектiсi мыналарды қамтуы керек:
1) оригинатордың, банк-кастодианның, басқарушы агенттiң, арнайы қаржы кәсiпорнының және талап ету құқығынан қамту жөнiнде төлемдер жинауды жүзеге асыратын тұлғаның атауын және заңды мекен-жайын;
2) қорға қамту мәмiлесiнде оригинатордың қызметiнiң, құқығының және мiндеттерiнiң мағынасын;
3) талап ету құқығының сипаттамасын, бөлiнген активтердiң құрамына кiретiн талап ету құқықтары бойынша ақша түсудің шарттары, тәртiбi және мерзiмi және оларды орындауды бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн;
4) бөлiнген активтердi басқару тәртiбi мен шарттарын;
5) бөлiнген активтердi өзгерту мен толықтыру тәртiбi мен шарттарын ;
6) қорға қамту мәселесi бойынша шығыстарды және шарттарын, оларға сәйкес арнайы қаржы кәсiпорны бөлiнген активтерден берiлген шығыстарды алып тастауға құқылы;
7) қорға қамту мәмiлесi тараптарының аффилиирлілігі;
8) оригинатор және қорға қамту мәмілесіне қатысатын үшiншi тұлғалар қорға қамтуды қолдану тәжiрибесiнің бар болуы;
9) қорға қамту мәмілесін қамтамасыз ететiн бөлiнген активтер мөлшерiн, құрамын және өсiмiнiң болжамды талдауын;
10) қосымша қамтамасыз ету туралы мәлiметтердi;
11) облигацияларды шығаруды мерзiмiнен бұрын өтеу шарттарын және тәртiбiн;
12) талап ету құқығының бiр тектілігінiң өлшемдерiн.
2. Арнайы қаржы кәсiпорнының облигациялар шығару проспектiсiнiң ажырамас бөлiгi оригинатордың қаржылық есептілігі және арнайы қаржы кәсіпорны облигациялар шығаруды мемлекеттік тiркеуге құжаттарын тапсыру алдындағы соңғы айдың аяғындағы жағдай бойынша қорға қамту мәмiлесiмен байланысты өзге есептілiк болып табылады.
3. Егер арнайы қаржы кәсіпорнының облигациялар жөнiндегi бөлiнген активтерi шетел дебиторларының талап ету құқықтары болып табылса немесе оригинатор заңды тұлға - Қазақстан Республикасының бейрезиденті болса, арнайы қаржы кәсiпорнының облигацияларын шығару проспектiсi сондай-ақ резиденті оригинатор болып табылатын елдiң заңнамасы мен валюталық реттеу ерекшелiктерiне қатысты және оригинатордың талап ету құқығына немесе қызметiне әсерiн тигiзуi мүмкiн ақпаратты қамтуы керек.
4. Арнайы қаржы кәсіпорнының облигацияларын орналастыру және өтеу нәтижелерi туралы есептердi қарау және бекiту үшiн уәкiлеттi орган белгілеген тәртiпте және нысан бойынша қорға қамту мәмiлесiн және арнайы қаржы кәсiпорнының облигацияларын шығаруды көрсететiн қосымша есептілік ұсынылады.
5. Арнайы қаржы кәсiпорнының облигацияларын ұстаушылардың өкiлi оригинатордың аффилиирленген тұлғасы болмауы тиiс.
6. Арнайы қаржы кәсіпорнының облигацияларды ұстаушылардың алдындағы мiндеттемелерi оның барлық активтерi, оның iшiнде бөлiнген активтер мен жеке қаражат есебiнен өтеледi.
4-тарау. Қорытынды ережелер
15-бап. Қазақстан Республикасының Қорға қамту туралы
заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершілiк
Қазақстан Республикасының Қорға қамту туралы заңдарын бұзған кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауап бередi.
16-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi