"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне қорға қамту мәселелерi бойынша толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 сәуірдегі N 414 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне қорға қамту мәселелерi бойынша толықтырулар мен өзгерiстер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгізiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба  

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық
актiлерiне қорға қамту мәселелерi бойынша
толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы

       1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актiлерiне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексiне (Жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат, N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжаттар; N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 20, 727, 731-құжаттар; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 11, 56, 57, 66-құжат; N 15, 139-құжат; N 19-20, 146-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 56-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат):

      1) 44-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiгiнде:
      "кәсiпорындардан" деген сөзден кейiн ", арнайы қаржы кәсiпорындарынан" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы сегізiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Арнайы қаржы кәсiпорны қорға қамту туралы заңдарда көзделген тәртiппен өз мiндеттемелерi бойынша жауап береді.";

      2) 45-баптың және 49-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгiнде:
      "ұйымын" деген сөзден кейін ", арнайы қаржы кәсiпорнын" деген сөздермен толықтырылсын;
      "және сақтандыру қызметi" деген сөздер ", сақтандыру қызметi және қорға қамту" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 50-баптың 4-тармағының үшiншi бөлiгінде:
      "құрамына" деген сөзден кейiн "қорға қамту туралы заңдарға сәйкес шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлiнген активтер және" деген сөздермен толықтырылсын;
      "ипотекалық облигацияларды" деген сөздерден кейiн "немесе қорға қамту туралы заңдарға сәйкес шығарылған облигацияларды" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегi Азаматтық  кодексiне (Ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 16-17, 642-құжат; N 23, 929-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат N 10, 244-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 7-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 14, 103-құжат; N 15, 138, 139-құжат; 2004 ж., N 3-4, 16-құжат; N 5, 25-құжат; N 6, 42-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат):
      мынадай мазмұндағы 738-1-баппен толықтырылсын:

      "738-1-бап. Қорға қамту кезiнде ақша түрiндегi талаптан қайту

      Қорға қамту кезiнде ақша түрiндегi талаптан қайтуға арнап қаржыландыру ерекшелiгi қорға қамту туралы заң актілерімен белгiленедi. Егер қорға қамту туралы заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, осы тараудың ережелерi қорға қамту мәмiлелерiне қолданылады.".

      3. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы  Кодексiне (Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 14, 82-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; N 24, 153-құжат):

      1) 50-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгiнде "заң актісіне" деген сөздер ", қорға қамту туралы заң актiлерiне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 91-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "7-1) қорға қамту туралы заңдарға сәйкес арнайы қаржы кәсiпорнының облигациялары бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлiнген активтер;".

      4. "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 1-2, 7-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 14, 198-құжат; N 17-18, 225-құжат; 2000 ж., N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 4, 26-құжат; N 11, 67-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 23, 142-құжат):

      1) 71-баптың 2-тармағының үшiншi бөлiгi "тiзілiмiне" деген сөзден кейiн "қорға қамту туралы заңдарға сәйкес шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлiнген активтер және" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 74-баптың 4-тармағында:
      "массаға" деген сөзден кейiн "қорға қамту туралы заңдарға сәйкес шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлiнген активтер және" деген сөздермен толықтырылсын;
      "мүлiкті" деген сөзден кейiн "және қорға қамту туралы заңдарға сәйкес шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлiнген активтердi" деген сөздермен толықтырылсын;
      "ипотекалық облигацияларды" деген сөздерден кейiн "немесе қорға қамту туралы заңдарға сәйкес шығарылған облигацияларды" деген сөздермен толықтырылсын.

      5. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 15, 281-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 5, 58-құжат; N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 9, 86-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 5, 31-құжат; N 10, 51-құжат; N 11, 56, 67-құжаттар; N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 15, 86-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 140-құжат):

      1) 8-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы г-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "г-1) қорға қамту туралы заңдарға сәйкес құрылған арнайы қаржы кәсiпорындарының жарғылық капиталына банктердің қатысуы;";

      2) 74-1-бапта:
      1-1-тармақта:
      "массасына" деген сөзден кейiн "қорға қамту туралы заңдарға сәйкес шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлiнген активтер және" деген сөздермен толықтырылсын;
      "мүлiктi" деген сөзден кейiн "және қорға қамту туралы заңдарға сәйкес шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлiнген активтердi" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақта "инвестициялық қорлардың" деген сөздерден кейiн "және арнайы қаржы кәсiпорындарының" деген сөздермен толықтырылсын.

      6. "Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 171-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 205-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 12, 116-құжат; 2003 ж, N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат):
      3-бапта:
      4-тармақта "Қаржылық ұйымдардағы" деген сөздерден кейiн "және қорға қамту туралы заңдарға сәйкес құрылған арнайы қаржы кәсiпорындарындағы" деген сөздермен толықтырылсын;
      6-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) қорға қамту туралы заңдарға сәйкес құрылған арнайы қаржы кәсiпорындары үшiн Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп беру жөнiндегі нормативтiк құқықтық актiлерiн осы Заңның талаптарына сәйкес әзiрлейдi және бекiтедi;".

      7. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегi  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 14, 119-құжат; 2004 ж., N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат):

      1) 9-бапта:
      1-тармақтың 5) тармақшасы "қамтамасыз етiлген" деген сөздердiң алдынан "қорға қамту туралы заңдарға сәйкес арнайы қаржы кәсiпорындары шығаратын облигацияларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Қорға қамту туралы заңдарға сәйкес арнайы қаржы кәсiпорындары шығаратын облигацияларды шығару проспектiсiне қойылатын қосымша талаптар қорға қамту туралы заңдармен белгіленеді.";

      2) 12-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Эмитент құрылтайшылар (жалғыз құрылтайшы) жарғылық капиталды төлегеннен кейiн мемлекеттiк емес облигацияларды шығаруды мемлекеттiк тiркелуге құжаттарды ұсынуға құқылы.".

      8. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 23-құжат; N 12, 88-құжат; N 15-16, 100-құжат; N 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 11-12, 262-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 10, 123-құжат; 2003 ж., N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат):
      8-баптың к-1) тармақшасында "қаржы ұйымдары" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ арнайы қаржы кәсiпорындары" деген сөздермен толықтырылсын.

      9. "Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сәуiрдегi  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінiң Жаршысы, 1998 ж., N 5-6, 49-құжат; N 20, 727-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат):
      23-баптың 3-тармағының бiрiншi бөлiгi "(жарғылық капиталы тек қана ақшамен қалыптастырылатын қорға қамту туралы заңнамаға сәйкес құрылатын арнайы қаржы кәсiпорындарын қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын.

       2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады