"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне банкроттық мәселелерi бойынша толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 сәуірдегі N 415 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне банкроттық мәселелерi бойынша толықтырулар мен өзгерiстер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісiнің қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба   

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық
актілерiне банкроттық мәселелерi бойынша
толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы

       1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілерiне толықтырулар мен өзгерiстер енгiзілсін:

      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексiне (Жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат, N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжат; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжат; N 23, 429-құжат; 1999 ж., N  20, 727, 731-құжат; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52-құжат N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 11, 56, 57, 66-құжат; N 15, 139-құжат; N 19-20, 146-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 56-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат):

      1) 50-баптың 1-тармағы ", тiркеу орыны бойынша салық және кеден органына" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) мынадай мазмұндағы 54-1-баппен толықтырылсын:
      "54-1. Сырттай байқау
      Сырттай байқау рәсiмін сот мынадай мақсаттарда енгізуi мүмкiн:
      борышкер мүлкiнiң сақталуын қамтамасыз ету;
      әдейi банкроттық белгiлерiн анықтау;
      борышкердiң қаржылық жағдайына және кредиторлар алдында мiндеттемелердi орындаудан жалтару жөнiнде iс-әрекеттерiне талдау жүргiзу;
      кредиторлар тарапынан борышкердiң қаржылық-шаруашылық қызметiнің жай-күйiне және олардың қайта ұйымдастырылған рәсiмдерiн жүргiзу;
      негізгі құралдарды шеттету, мүлiктi кепiлге немесе жалға беру бойынша мәмілелердi, сондай-ақ рыноктықтан әлдеқайда төмен бағалар немесе олардың орындалуы борышкер үшiн залалға әкеп соғатын, жеткiлiксiз негіздемелер бойынша басқа да мәмілелердi жасауға бақылау.
      Iшкi бақылауды қолдану заң актілерiнде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.".

      2. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексi)" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 14, 82-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140-құжат; 142-құжат; N 24, 153-құжат):
      501-бап мынадай мазмұндағы 23) тармақшамен толықтырылсын:
      "23) конкурстық басқарушы - банкроттық туралы заңда көзделген өз құзыретiнің шегiнде конкурстық iс жүргiзу мүддесiмен талап қоюды беру кезiнде.".

      3. "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 1-2, 7-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 14, 198-құжат; N 17-18, 225-құжат; 2000 ж., N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 4, 26-құжат; N 11, 67-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 23, 142-құжат):

      1-бапта:
      1) тармақшада:
      "рәсiмiне және соттан тыс тарату рәсiмiне" деген сөздер "рәсіміне және соттан тыс тарату рәсiмiне және сырттай байқауға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы ", сондай-ақ сырттай байқау әкiмшiсiне" деген сөздермен толықтырылсын;
      1-1) және 4-1) мынадай мазмұндағы тармақшалармен толықтырылсын:
      "1-1) сырттай байқау әкiмшiсi - сырттай байқау рәсiмдерiн жүргiзу үшін белгіленген тәртiппен тағайындалған тұлға;";
      "4-1) сырттай байқау - борышкер мүлкiнiң сақталуын қамтамасыз ету, әдейi банкроттық белгілерiн анықтау, борышкердiң қаржылық жағдайына, сондай-aқ кредиторлар алдында мiндеттемелердi орындаудан жалтару жөнiнде iс-әрекеттерiне талдау жүргiзу, кредиторлар тарапынан борышкердiң қаржылық-шаруашылық қызметiнiң жай-күйіне, олардың қайта ұйымдастырылған рәсiмдерiн жүргiзуiне, негiзгi құралдарды шеттету, мүлiкті кепiлге немесе жалға беру бойынша мәмілелердi, сондай-ақ рыноктықтан әлдеқайда төмен бағалар немесе олардың орындалуы борышкер үшін залалға әкеп соғатын, жеткіліксiз негiздемелер бойынша басқа да мәмілелердi жасауға бақылау мақсатында cот белгiлейтiн рәсiм.
      7) тармақшада "өзiне" деген сөзден кейiн "банкроттықтың сырттай байқау" деген сөздермен толықтырылсын;
      12) тармақша "бюджетке түсетiн салық және басқа да міндеттi төлемдер жөнiндегi кредитордан басқа," деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 3-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Егер мынадай:
      салық берешегi бойынша бюджетке түсетiн салық және басқа да мiндетті төлемдер жөніндегі кредитордың талаптары кемiнде жүз елу айлық есептi көрсеткiштердiң сомасын құраса;
      өзге де кредиторлардың борышкерге қоятын талаптары жиынтығында кемiнде жүз елу айлық есептi көрсеткiштердiң сомасын құраса банкроттық туралы iстердi сот қарайды.
      Осы тармақтың талаптары осы Заңның 94-бабында көзделген жағдайларға таратылмайды.";

      3) 6-баптың 2, 3-тармақтарында және 4-тармақтың бiрiнші бөлігінде "екі" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) 10-баптың 2-тармағының бiрiншi бөлiгі "талаптары" деген сөздiң алдынан "мәлімделген" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 10-1-бапта:
      5) тармақшада "қалыптастырады және" деген сөздерден кейiн "бекiтедi" деген сөзбен толықтырылсын;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) кредиторлар комитетiнiң (кредиторлар кеңесiнiң) оңалту немесе конкурстық басқарушылармен, сондай-ақ сырттай байқау әкiмшiсiмен жасайтын келiсiм жобаларының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келуiн қарайды;";
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "дәрменсiз борышкерлерге қатысты оңалту рәсiмiн қолдануды келісудiң тәртiбiн анықтайды";
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "9) конкурстық iс жүргізу, оңалту рәсiмiнде, сондай-ақ сырттай байқау рәсiмi кезiнде кредиторлар комитетiнің (кредиторлар кеңесінің) құрамын бекiтедi;";
      14) тармақшада "жоспарын" деген сөз "жоспардың жобасын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын:
      "20) сырттай байқау әкiмшісiн, конкурстық және оңалту басқарушыларын даярлауды ұйымдастырады және оларды даярлау ережесiн бекiтедi.";

      6) 19-баптың 1-тармағының 1) тармақшасында "борышкер мемлекеттік бажды төлеудi кейiнге қалдыру туралы өтініш берген жағдайлардан бacқа," деген сөздер алынып тасталсын;

      7) 20-бап алынып тасталсын;

      8) 22-бапта:
      атауы "(кредиторлардың)" деген сөзден кейiн "нe сырттай байқау әкімшiсінің" деген сөздермен және 1-тармақта "(кредиторлар)" деген сөзден кейiн "не сырттай байқау әкiмшісi" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақта "Кредитордың" деген сөз "Кредитордың не сырттай байқау әкімшісiнiң өтiнiшi жазбаша түрде беріледі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақта:
      бiрiншi абзацта "Кредитордың" деген сөзден кейiн "не сырттай байқау әкiмшісiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақшада "кредитордың" деген сөзден кейiн "не сырттай байқау әкімшісiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
      8) тармақшада "кредиторға" деген сөзден кейiн "не сырттай байқау әкiмшiсiне" деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақта "Кредитор" деген сөз "Кредитор не сырттай байқау әкiмшiсi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақта "Кредитордың" деген сөзден кейiн "не сырттай байқау әкiмшісiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;

      9) 23-бапта:
      атауы "Кредитордың" деген сөзден кейiн "не сырттай байқау әкiмшiсiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
      бiрiнші абзацта "Кредитордың" деген сөзден кейiн "не сырттай байқау әкiмшiсiнің" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) тармақшада "кредитордың" деген сөз алынып тасталсын;

      10) 28-баптың 1-тармағында:
      1) тармақша мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
      "Eгep осы Заңның 2-бабының 4-тармағында көрсетiлген ұйым борышкер болып табылған жағдайда сот уәкiлетті органның өтiнiшi бойынша өндiрiстік циклды, оның iшiнде үздiксiз өндiрiстi қолдау және мүлiктің сақталуын қамтамасыз ету бойынша қажеттігі шамалы ағымдағы төлемдер өндiрiсiне уәкiлеттi тұлғаларды анықтайды.";
      2) тармақшада "аралық соттардың" деген сөздерден кейiн ", салық органдарының, сондай-ақ меншiктенушілердiң (құрылтайшылардың, қатысушылардың) немесе оның мүлкiне қатысты борышкердiң органдарының" деген сөздермен толықтырылсын;

      11) 36-бапта:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) борышкердiң лауазымды тұлғаларына оның мүлкіне құрылтайшы, қаржылық және құқық белгілеушi құжаттарды, сондай-ақ борышкердiң мөртабанын конкурстық басқарушыға ол тағайындалған күннен бастап үш күннен кешіктiрмейтін мерзiмде беру туралы нұсқаулар болуға тиiс.";
      3-тармақтың бiрiншi бөлiгiнде "ресми басылымдардың бiрiнде, сондай-ақ борышкердiң тұрғылықты жерi бойынша облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмi ресми жарияланым үшiн белгiлеген газеттердiң бiрiнде немесе өзге мерзiмдi басылымда" деген сөздер "белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған республикалық немесе жергілiкті (борышкердің тұрғылықты жерi бойынша) мерзiмдi баспа басылымдарының бiрiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 40-бапта:
      атауында "Сот және" деген сөздер алынып тасталсын;
      1-тармақта "төленуi кейiнге қалдырылған мемлекеттiк баж жөнiндегi шығыстарды қоса алғанда, барлық cот шығыстары мен" деген сөздер алынып тасталсын;

      13) 41-бапта "кассациялық" деген сөз "апелляциялық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      14) мынадай мазмұндағы 3-1-тараумен толықтырылсын:
      "3-1-тарау. Сырттай байқау

      41-1-бап. Сырттай байқау

      1. Азаматтық-құқықтық мiндеттемелер бойынша кредитордың, салық және бюджетке төленетін басқа да мiндетті төлемдер бойынша салық немесе өзге мемлекеттiк уәкілетті органның не уәкiлеттi органның өтiнiшi бойынша сот:
      1) кем деген үш кредитор, оның iшiнде сырттай байқау рәсімін қолдануға келiсiм бiлдiрген өтiнiш беруші;
      2) борышкердiң төлем қабiлетi жоқ болған кезде үш айдан бір жылға дейінгi мерзiмге сырттай байқау рәсiмiн жүргiзуi мүмкiн.
      Сырттай байқау жүргізу туралы сот анықтамасында уәкілетті органға үш күн мерзiмде сырттай байқау әкімшісін тағайындауды тапсыру туралы көрсетiледi.
      Сырттай байқау әкімшісін тағайындау тәртібiн уәкілеттi орган белгілейдi.
      2. Сырттай байқау әкiмшісi болып жеке тұлғаның аттестаттаудан өткенін және оған мүлiктi басқару жөнiндегi қызметтерді көрсетуге және банкроттық рәсiмдерде борышкерлердiң төлем қабілетi жоқ iстерiне құқық берiлгенiн куәландыратын бiлiктiлiк куәлiгi бар жеке тұлға - жеке кәсіпкер тағайындалады.
      Сырттай байқау әкімшісі болып осы Заңның 9-бабының 4-тармағында көрсетілген тұлғалар тағайындалмайды.
      3. Сырттай байқау әкiмшісi мынадай жағдайларда:
      1) өзiне жүктелген мiндеттердi орындамағанда немесе тиiсiнше орындамағанда, жекелеген кредиторлардың мүдделеріне немесе басқаларға артықшылық көрсететiн іс-әрекеттерді жасағанда, оның жұмыстан босатылуына негіздеме болып табылатын өзге де iс-әрекеттер (әрекетсiздiктер) жасағанда;
      2) лицензиялау туралы заңнамада көзделген негіздемелер бойынша лицензиялардың әрекетiн қайтарып алғанда немесе тоқтата тұрғанда;
      3) оларға жүктелген міндеттердің орындалмауының мүмкін еместiгінде көрсетілген функцияларды жүзеге асыру үшiн тағайындалған тәртiппен де борышкердiң iстерi мен мүлкін басқарудан шеттетіледi.
      4. Сырттай байқау жүргізу кезiнде мынадай салдарлар болады:
      борышкерге кредиторлардың кез келген талаптары осы Заңда көзделген сырттай байқау рәсiмдерi шегiнде ғана қойылуы мүмкiн;
      борышкердiң лауазымды тұлғаларына оларға тиесілі акцияларды, борышкер мүлкіне үлестерiн шектеуге тыйым салынады.
      5. Сырттай байқау жүргізу туралы өтінiштi сотқа беру кезiнде кредитор тиiсті салық қызметі органына хабарлама жiбередi.

      41-2-бап. Кредиторлар кеңесiн қалыптастыру

      1. Сырттай байқау кезiнде кредиторлар мүддесiн қамтамасыз ету мақсатында, құрамын осы баптың талаптарына сәйкес сыртқы қадағалау әкiмшiсi қалыптастырылатын және оны уәкілетті орган бекiтетiн кредиторлардың кеңесi құрылады.
      2. Кредиторлар кеңесiнiң құрамына борышкерге бiршама талабы бар азаматтық-құқықтық мiндеттемелер бойынша кредиторлар, сондай-ақ салық берешегi болған кезде салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер бойынша кредитор кiре алады.
      3. Өтінішi бойынша сырттай байқау рәсiмi жүргiзілген кредиторлар талаптардың мөлшерiне қарамастан, кредиторлар кеңесiнiң құрамына енгізіледі.
      4. Кредиторлардың кеңесi жетi адамнан аспайтын тақ саннан құралған мүшелерден тұрады.

      41-3-бап. Кредиторлар кеңесiнiң өкілеттігi

      Кредиторлар кеңесiнiң өкiлеттігіне:
      1) сырттай байқау әкiмшiсiнiң iс-қимылдарын үйлестiру мен бақылау;
      2) борышкердiң заңды айырықша iс-қимылдар жасауына қатысты сырттай байқау әкiмшiсiнiң iс-қимылдарын, негiзгі қаражаттарды шеттету, кепілге немесе жалға мүлiкте беру жөнiндегі мәмілелердi, сондай-ақ рыноктан бiршама төмен баға бойынша не орындалуы борышкерге шығын әкелетiн жеткiлiктi негiздемелерi жоқ басқа да мәмілелердi, қайта ұйымдастыру рәсiмдерiн жүргiзудi соттарда үшiнші тұлғалармен келiсу;
      3) борышкердiң мүлкiнiң сақталуын қамтамасыз ету, оның мәмілелерiн және нәтижесiнде борышкердiң төлем қабiлетi жоқ болып шыққан сырттай байқау рәсiмдерiн жүргiзгенге дейiн жасалған iс-қимылдарды анықтау мен талдау, мүлiктi түгендеу актiсi бойынша салыстыру жүргізу және сырттай байқау мақсатына қайшы келмейтiн өзге, сондай-ақ осы Заңда белгіленген шекте оның өкілеттігi көлемi жөнiндегі iс-шаралар туралы уәкілетті органмен келiсiлген келiсiмдердi сырттай байқау әкiмшiсiмен жасасу жатады.

      41-4-бап. Сырттай байқау әкiмшісiнiң өкілеттігi

      1. Сырттай байқау әкiмшісi:
      1) борышкердiң мүлкiнiң сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi қосымша шараларды қабылдау туралы, сондай-ақ мұндай шаралардың күшін жою туралы қолдаухатты сотқа мәлiмдеуге;
      2) түгендеу актiсi бойынша борышкердiң жылжымалы және жылжымайтын мүлкiне салыстыру жүргiзуге;
      3) борышкерден берешек сомасы, активтер мен пассивтердің айқарма балансы, борышкердің қаржылық ахуалы туралы есеп және басқа да қажетті ақпараттар көрсетілген оның кредиторлары мен дебиторларының толық тiзбесiн талап етуге;
      4) қажетті құжаттарды, қорытындыларды беру және (немесе) үшiнші тұлғалардан беруiн талап ету, борышкердiң қаржылық-шаруашылық қызметіне жататын өзге де мәліметтердi олардың беруi туралы сот алдында өтiнiш жасауға, сондай-ақ егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгелей көзделмесе, олардың тұрғылықты жерінде осы мәлiметтермен танысуға;
      5) борышкердiң қаржылық ахуалын нашарлатқан сырттай байқау рәсiмін жүргiзгенге дейiн жасалған мәмілелердi анықтауға борышкерден оны бұзуын талап етуге;
      6) борышкерден осы Заңның 41-7-бабында көзделген мiндеттерiн орындауын талап етуге;
      7) осы Заңда көзделген тәртiппен және мөлшерде сыйақы алуға;
      8) өзге де өкілеттіктердi осы Заңға сәйкес жүзеге асыруға құқылы.
      2. Сыртқы бақылау әкiмшісi:
      1) борышкерге қатысты өз iс-қимылдарын кредиторлар кеңесiмен келiсуге;
      2) борышкер мүлкiнiң сақталуын қамтамасыз ету және оны қорғау жөнiндегi шараларды қабылдауға;
      3) әдейi және жалған банкроттық белгiлердiң болуын анықтауға және анықталған белгiлер туралы құқық қорғау органдарына хабарлауға не сотта борышкерден мүлiкті шығару жөнiндегi мәмілелердi бұзуын талап етуге;
      4) борышкердiң кредиторлары мен дебиторларын белгiлеуге, борышкерден дебиторлық берешектi өндiрiп алу жөнiндегi шараларды қабылдауын талап етуге;
      5) кредиторлар кеңесiмен және уәкілеттi органмен келiсiлген өз қызметi туралы есептi сырттай байқау кезеңi аяқталғанда сотқа беруге мiндетті.

      41-5-бап. Сырттай байқау әкiмшiсiнiң жауапкершілiгі

      Сырттай байқау әкiмшiсi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сырттай байқау рәсiмдерiнiң тиiсiнше жүзеге асырылуына жауапкершiлiкте болады.

      41-6-бап. Сырттай байқау шығыстары

      Әкiмшiлiк шығыстарды және сырттай байқау әкiмшісiне ағымдағы төлемдердi қаржыландыру шарттары оны қолдануға келiсiм бiлдiрген кредиторлар арасында сыртқы бақылау жүргiзілгенге дейiн жасалатын келiсiммен анықталады.

      41-7-бап. Борышкердің мiндеттерi

      Борышкер:
      1) бiр апталық мерзiмде сырттай байқауды енгізу туралы анықтаманың заң күшiне енген күнiнен бастап белгiленген тәртiппен сырттай байқауды енгiзу туралы жарияланымды нормативтiк құқықтық актінің ресми жариялану құқығын алған республикалық мерзiмдi басылымдардың бiрінде орналастыруға;
      2) сырттай байқау әкiмшiсiнiң талабы бойынша:
      соттарда борышкердiң заңды мәнi бар iс-әрекеттердi, үшінші тұлғалардың негізгі құралдарды шеттету, мүлiкті кепiлге немесе жалға беру бойынша сырттай байқау енгiзгенге дейiн жасалған мәмiлелердi, сондай-ақ борышкер активтерi құнының жалпы мөлшерiнен он және одан жоғары процент құнымен басқа да мәмілелердi жасауына қатысты қаржылық-шаруашылық және ұйымдастыру қызметi туралы ақпарат беруге;
      сырттай байқауды енгiзгенге дейiн жасалған мүлiктi шығару және дебиторлық берешекте өндiрiп алу бойынша мәмілелердi бұзу жөнiндегі шараларды қабылдауға;
      3) сырттай байқау әкiмшiсiмен шығыстардың ұлғаюын, бухгалтерлiк есептiң стандарттарына сәйкес меншiкті капиталдағы өзгерiстердi, қайта ұйымдастыру рәсiмдерiн жүргiзудi, соттарда заңды мәнi бар iс-әрекеттердiң, үшiнші тұлғалардың негiзгi құралдарды шеттету жөнiндегi мәмiлелердiң, мүлiктi кепiлге немесе жалға беру бойынша, сондай-ақ борышкер активтерi құнының жалпы мөлшерiнен он және одан жоғары процент құнымен мүлiктi сатып алу немесе шеттету жөнiндегi мәмiлелердiң жасалуын келiсуге мiндетті.

      41-8-бап. Сырттай байқауды тоқтату

      Сырттай байқау мынадай:
      1) сырттай байқау мерзiмi өткен;
      2) қорытынды есепке кредиторлар кеңесi мен уәкілетті органмен келiсiлген сырттай байқау әкiмшiсiнiң борышкерге банкроттық рәсiмдердi (оңалту немесе конкурстық iс жүргізудi) қолдану туралы өтiнiшiн қоса берген жағдайларда соттың сырттай байқау әкiмшісiнiң қорытынды есебiн бекiткен кезде тоқтатылады. Осы жағдайда сырттай байқау әкiмшiсінің өтініші осы Заңның 22-бабының ережелерiне сәйкес келуi тиiс.
      Қорытынды есептің нысаны мен оны келiсу тәртiбiн уәкiлетті орган бекiтедi.";

      15) 43-бапта:
      3-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) борышкердiң төлем қабілетін қалпына келтiрудiң шынайы мүмкiндiгi туралы аудиторлық есеп;";
      4-тармақта "құрады және" деген сөздерден кейiн "бекiтедi" деген сөзбен толықтырылсын;

      16) 46-баптың 1-тармағы "заңдарға қайшы келмейтін кез келген iс әрекеттер" деген сөздердiң алдынан "оңалту жоспарына сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;

      17) 50-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Осы Заңның 2-бабының 4-тармағында көрсетiлген ұйымның дәрменсiздігі кезiнде оңалтуды басқарушының қолдаухаты бойынша кредиторлар комитетінiң және уәкілетті органның келiсiмiмен оңалту рәсiмiнiң мерзiмiн сот екi жылға дейінгі мерзiмге ұзартуы мүмкiн.";

      18) 54-бап мынадай мазмұндағы екiнші бөлiкпен толықтырылсын:
      "Борышкердi банкрот деп таныған және конкурстық іс жүргiзу ашылған жағдайда оңалту кезеңiнде пайда болған берешектiң сомасы осы Заңның 75-бабында белгiленген тәртіппен қанағаттандырылады.";

      19) 57-баптың 2-тармағы "оңалтуды басқарушымен" деген сөздерден кейiн "уәкілеттi орган және" деген сөздермен толықтырылсын;

      20) 58-баптың 1-тармағында "шаруашылық серiктестiгi", "шаруашылық серiктестiгіне қатысушылардың" деген сөздерден кейiн "немесе акционерлік қоғам", "немесе акционерлiк қоғам акционерлерiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;

      21) 65-бапта:
      2-тармақта:
      "алты" деген сөз "тоғыз" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Конкурстық iс жүргiзу мерзiмi банкрот деп тану туралы сот шешiмi заң күшiне енген күннен бастап есептеледі.";

      22) 69-бапта:
      1-тармақтың екiншi бөлiгiнде "тағайындау" деген сөзден кейiн ", есепке алу және тiркеу" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақтың 2) тармақшасында "өткiзілген конкурстық массаның" деген сөздер "кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға жiберiлген қаражаттың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      23) 70-бапта:
      1) тармақшада "он күннен" деген сөздердiң алдынан "оны тағайындаған күннен бастап" деген сөздермен толықтырылсын;
      1-2) тармақшада "ресми басылымдардың бiрiнде, сондай-ақ борышкердiң тұрғылықты жерi бойынша облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмi ресми жарияланым үшін белгіленген газеттердiң бiрiнде немесе өзге де мерзiмдi басылымда" деген сөздер "белгiленген тәртіппен нормативтiк құқықтық актілердi ресми жариялау құқығын алған республикалық немесе жергiлiктi (борышкердiң тұрғылықты жерi бойынша) мерзiмдi басылымдарының бiрiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақшада "борышкердiң банкроттығы туралы шешiм қабылданған күннен бастап екi айдан аспайтын мерзiмде" деген сөздер алынып тасталсын;
      5) тармақша ", сондай-ақ екiншi кезектi кредиторлардан уәкілеттi өкілдердi сайлау үшiн олардың жиналысын (конференциясын) ұйымдастырады;" деген сөздермен толықтырылсын;

      24) 74-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Конкурстық массаға Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңдарына сәйкес құрылған таратылған қорлардың қаражаттары да енгізiлмейдi.";

      25) 75-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгiнде "кредиторлар комитетi бекiткен" деген сөздер "кредиторлар комитетiнің конкурстық басқарушылармен болған келiсiмiнде анықталған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      26) 77-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлікпен толықтырылсын:
      "Қосымша шығыстардың сомасын капиталдандыру көзделмейдi.";

      27) 83-баптың 1-тармағында екiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бағалаушыны тартуға қаражат жетiспеген жағдайда, конкурс басқарушысы кредиторлар комитетiнiң келiсiмiмен мүлiктiң баланс құны бойынша мүлiктердiң (активтердiң) құнын анықтауға құқылы.";

      28) 94-бапта:
      4-тармақта "ресми басылымдардың бiрiнде, сондай-ақ облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмi ресми жарияланым үшiн белгілеген газеттердiң немесе өзге де мерзiмдi басылымдардың бiрiнде борышкердiң тұрғылықты жерi бойынша" деген сөздер "белгіленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актілердi ресми жариялау құқығын алған республикалық немесе жергілiктi (борышкердiң тұрғылықты жерi бойынша) мерзiмдi басылымдарының бiрiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақта:
      бiрiншi бөлiкте "және кредиторлар комитетінiң" деген сөздер алынып тасталсын;
      екiншi бөлiкте "ресми басылымдардың бiрiнде, сондай-ақ облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкім ресми жарияланым үшiн белгілеген газеттердiң немесе өзге де мерзімдi басылымдардың бiрiнде" деген сөздер "белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған республикалық немесе жергілiктi (борышкердiң тұрғылықты жерi бойынша) мерзiмдi басылымдарының бiрiнде" деген сөздермен ауыстырылсын, "борышкердiң тұрғылықты жерi бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;
      үшiнші бөлiктiң 2) тармақшасында "жүргiзудi" деген сөз "ұйымдастыруды" деген сөзбен ауыстырылсын;

      29) 95-бапта:
      2 және 3-тармақтарда "(уәкiлетті орган)", "(уәкілетті органның)" деген сөздер алынып тасталсын;
      4-тармақта:
      бiрiнші бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Егер заңды тұлғаны тарату лауазымды және оны бiлдiруге уәкілетті тұлғалар болмаған кезде конкурстық өндiрiс қозғалмай жүргiзiлген жағдайда, уәкiлеттi орган осы Заңның талаптарына сәйкес кредитор талаптары тiзілiмiнiң және қорытынды есептiң жасалуын ұйымдастырады.";
      екiншi бөлiкте "сатады" деген сөз "сатуды ұйымдастырады" деген сөздермен ауыстырылсын.

       2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады