Тұтыну рыногындағы бағаны тұрақтандыру жөнiндегi кейбiр шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 мамырдағы N 430 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 сәуірдегі N 381 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.23  N 381  Қаулысымен.

      Бәсекелестiк деңгейiн арттыру, тұтыну рыногында қолайлы жағдай жасау және халықтың күнделiктi сұраныс тауарларына қажеттілiгiн қанағаттандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда, Энергетика және минералдық ресурстар, Көлiк және коммуникация, Ауыл шаруашылығы, Денсаулық сақтау және Төтенше жағдайлар министрлiктерi екi апта мерзiмде:
      "Атамекен" кәсiпкерлер мен жұмыс берушілердiң жалпыұлттық одағының, "Қазақстанның ұлттық тұтынушылар лигасы" қоғамдық қорының және басқа да салалық бiрлестiктердiң (келiсiм бойынша) қатысуымен жемiс-көкөнiс және ет өнiмдерiн халыққа тiкелей сату орындарына үздiксiз жеткiзудi және оларға оңайлатылған қол жетiмділiктi қамтамасыз ету жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларын әзiрлесiн;
      ағымдағы жылдың аяғына дейiн мұнай өнiмдерiне, газ бен электр энергиясына, темiр жол көлiгiнiң қызметтерiне бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдасын.

      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi 2005 жылғы 15 мамырға дейiнгi мерзiмде белгіленген тәртiппен:
      кәсiпкерлердiң және тұтынушылардың (келiсiм бойынша) құқықтарын қорғау қоғамдық бiрлестiктерiнiң қатысуымен әрбiр әкiмшілiк-аумақтық бiрлiкте халыққа азық-түлiк тауарларын жеткiзу мәселелерi жөнiндегi тұрақты жұмыс iстейтiн штабтар (комиссиялар) құрсын;
      азық-түлiк рыноктарындағы баға құру процестерiне жергілiктi монополия құрылымдары мен делдал ұйымдардың терiс ықпал етуiн болдырмасын;
      қалалар мен басқа да елдi мекендерде осы объектілердi санитарлық-гигиеналық және коммуналдық-тұрмыстық жағдайдың қажетті деңгейiмен қамтамасыз ете отырып, маусымдық сипаттағы азық-түлiк өнiмдерiн сату үшiн жергілiктi бюджеттердiң есебiнен қосымша сауда алаңдарын (алаңқайларын) ұйымдастыру жөнiнде шаралар қабылдасын;
      ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге егiстен алынған жеке өнiмiн көлiк құралдарының үстiнен сату, сондай-ақ "жол жиегiнде сату" үшiн олардан заңсыз алымдар мен төлемдердi алуды болдырмай, қолайлы жағдай жасасын;
      кәсiпкерлiк топтардың арасында жемiс-көкөнiс және басқа да ауыл шаруашылығы өнiмiн жергілiктi базарларға жеткiзудi ұлғайтуға және оларға қол жетімділiктi кеңейтуге ықпал ететiн қажеттi түсiндiру жұмысын ұйымдастырсын.

      3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерiмен бiрлесіп, белгіленген тәртiппен ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушілерге және көлiк құралдарының үстiнен сатуды жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы өнiмiнiң рыногына басқа да қатысушыларға сауда алаңдарына (алаңқайларына) қол жетiмділiкке заңсыз кедергі келтiру фактілерiнiң жолын кесуге бағытталған қажетті шаралар қабылдасын.

      4. Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзілсiн:
      1)  күші жойылды - ҚР Үкіметініің 2006.08.14.  N 765  қаулысымен.
      2) "Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзуiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 9 наурыздағы N 217  қаулысында :
      көрсетiлген қаулымен бекiтілген "Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден аумағына оңайлатылған тәртiппен әкелетiн тауарларға жиынтық кедендiк төлем" деген қосымшада:
      ", бiрақ 1 килограммға 0,5 ЕВРО-дан кем емес" деген сөздер алынып тасталсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы оларға қатысты жеңілдетiлген тәртiп көзделмеген тауарларды оңайлатылған тәртiппен өткiзуiнiң салмақтық және құндық нормалары" деген қосымшада:
      1) тармақшадағы "200 (екi жүз)" деген сөздер "2000 (екi мың)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшадағы "1000 (мың)" деген сөздер "5000 (бec мың)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      5. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi екi апта мерзiмде Еуразия экономикалық қоғамдастығы Интеграциялық комитетiнiң Хатшылығын осы қаулының 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қабылдайтын сыртқы сауда қызметiн реттеу шаралары туралы хабардар етсiн.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi С.М.Мыңбаевқа жүктелсiн.

      7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап 30 күн өткен соң қолданысқа енгізiлетiн осы қаулының 4-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады