Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртiбi белгiленетiн адамдар үшiн кәсiптердiң тiзбесiн, сондай-ақ оларға қойылатын талаптарды бекiту туралы" Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 мамырдағы N 452 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртiбi белгiленетiн адамдар үшiн кәсiптердiң тiзбесiн, сондай-ақ оларға қойылатын талаптарды бекiту туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгізiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың
оңайлатылған тәртiбi белгiленетiн адамдар үшін
кәсiптердiң тiзбесiн, сондай-ақ оларға қойылатын
талаптарды бекiту туралы

      "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Заңының  16-бабына сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртiбi белгiленетiн адамдар үшiн кәсiптердiң тiзбесi, сондай-ақ оларға қойылатын талаптар бекiтiлсiн.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

                                          Қазақстан Республикасы
                                               Президентiнiң
                                          2005 жылғы "__" ______
                                             N ____ Жарлығымен
                                                 бекiтілген

     Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың
        оңайлатылған тәртiбi белгіленетiн адамдар үшiн
           кәсiптердiң тiзбесi, сондай-ақ оларға
                  қойылатын талаптар

P/c
N

Кәсiп

Қазақстан Республикасының азаматтығына
қабылдаудың оңайлатылған тәртiбi
белгіленетiн адамдарға қойылатын
талаптар

1

2

3

1.

Әртiс

Халықаралық наградалармен және
атақтармен атап өтiлген аса көрнектi
музыкалық, сахналық немесе бишілік
қабілетiнiң, кәсiптiк шеберлiгінiң
және жарқын шығармашылық жеке
даралығының болуы.

2.

Археолог

Ғылыми дәрежесiнiң, халықаралық
сертификаттары мен iзденiстерiнiң,
ғылыми басылымдарда жарияланымдарының
болуы, халықаралық конференцияларға
және әлемдiк маңызы бар iрi
археологиялық ескерткiштердiң ашылуына
қатысуы.

3.

Сәулетшi

Сәулет және құрылыс саласындағы ғылыми
дәрежесi мен атағының, халықаралық
сертификаттарының, қала құрылысының
бас жоспарларын әзiрлеуде және айрықша
iрi әрi күрделi объектілердi жобалауда
тәжiрибесiнiң болуы.

4.

Балетмейстер

Аса көрнектi балет әртiстерiн
даярлауда тәжiрибесiнiң, халықаралық
сертификаттарының және iрi
театрлардағы жұмыс өтілінiң болуы,
әлемдiк сыныптағы спектакльдердi
дайындауға қатысуы.

5.

Биолог,
микробиолог
(бактериолог,
вирусолог)

Биология, бактериология, вирусология,
гендiк инженерия және басқа да аралас
ғылымдар саласындағы ғылыми дәрежесi
мен атағының, халықаралық
сертификаттарының, ғылыми-зерттеу
жұмыстарының және халықаралық маңызы
бар iзденiстерiнiң болуы.

6.

Дәрiгер

Медицина саласындағы ғылыми дәрежесi
мен атағының, ғылыми-зерттеу
жұмыстарының және халықаралық маңызы
бар iзденiстерiнiң, халықаралық
сертификаттарының болуы, сондай-ақ
мамандануына сәйкес:
акушерлiк пен гинекология;
ангиохирургия;
анестезиология-реаниматология;
кардиохирургия;
нейрохирургия;
онкология;
онкогематология;
оториноларингология;
радиология;
трансплантология;
фармакология және клиникалық
фармакология;
жақ-бет хирургиясы саласындағы
диагностика мен емдеудiң озық
әдiстерiн меңгеруi.

7.

Геолог,
геофизик

Геологиялық және геофизикалық
ғылымдар саласындағы ғылыми дәрежесi
мен атағының, ғылыми зерттеулерi мен
iзденiстерiнiң, ядролық жарылыстар
және жер сiлкiнiстерi мониторингi
саласындағы жұмыс тәжiрибесiнiң болуы.

8.

Дирижер

Аса көрнектi музыкалық деректерiнiң
және халықаралық конкурстарға
қатысқанын растайтын дипломдарының,
әлемнiң жетекшi театрлары мен концерт
залдарында дирижер болған жұмыс
тәжiрибесiнiң болуы.

9.

Инженер

Ғылыми дәрежесi мен атағының,
ғылыми-зерттеу жұмыстары мен
iзденiстерiнiң, халықаралық
сертификаттарының болуы, сондай-ақ
экономикалық қызмет түрiне сәйкес:
сейсмологиялық құбылыстарды орта
мерзiмдi, қысқа мерзiмдi болжау
әдiстерiн меңгеруi;
қуатты энергетикалық және жоғары
температурадағы плазма қондырғыларын
пайдалану;
ғылым және техника, рационализация,
өнертапқыштық жетiстіктерiн енгiзу;
қоршаған ортаны тазарту және оның
ластануын болдырмау жөнiндегi
ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк
жұмыстарды әзiрлеу;
ядролық реакторларды пайдалану,
реакторды (жылдамдатқышты,
ядролық-физикалық қондырғыны) басқару;
ақпараттық-технологиялармен
телекоммуникациялар, озық
бағдарламалық қамтамасыз етудi және
қазiргi заманғы компьютерлiк
жабдықтарды әзiрлеу;
информатика және жүйелiк
бағдарламалау;
ғарыш қызметi саласындағы
ғылыми-зерттеу және
тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды
әзiрлеу;
зымырандар мен ғарыш аппараттарының, ғарыштық ұшу аппараттары мен екпiндеткiш блоктарының бастапқы және техникалық кешендерiн әзiрлеу және пайдалану;
телеметриялық жүйелер мен кешендер, компьютерлiк өлшеу блоктары; өндiрiстiк және тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектiлердiң құрылысына арналған технологиялық жобалау;
ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласына прогрессивті технологиялық процесстердi енгiзу;
субстанциялар мен дәрiлiк нысандар
өндiрiсi жөнiндегi арнайы, осы заманғы
фармацевтiк жабдықтардағы
фармацевтикалық бейiн;
дәрілiк нысандар мен препараттарды
биофармацевтикалық зерделеу, дәрiлiк
субстанциялар мен фитопрепараттар
өндiрудiң технологиялық негiздерi мен
әдiстерiн әзiрлеу;
жүйелi бағдарламалау, жоғары
деңгейдегi бағдарламалық қамтамасыз
етудi әзiрлеу және әртүрлi
компьютерлiк платформалар жөнiндегi
жұмыс тәжiрибесiнiң болуы.

10.

Нұсқаушы-
спортшы

Олимпиада ойындарында бiрiншiден
алтыншыға дейiнгi орынды немесе әлем
чемпионаттарында бiрiншіден үшiншiге
дейiнгi орынды немесе Азия
ойындарында бiрiншi орынды немесе
Еуропа чемпионаттарында бiрiншi,
екiншi орынды немесе спорттың
олимпиадалық түрлерi бойынша әлем
кубогi финалдарында бiрiншi орынды
немесе Азия, Еуропа чемпионаттарында,
Бүкiлдүниежүзiлiк Универсиадаларда,
Бүкiлдүниежүзiлiк жасөспiрiмдер мен
юниорлар ойындарында бiрiншiден
үшiншiге дейiнгi орынды иемденген
халықаралық бiлiктiлiгi бар спорт
шеберiнен төмен емес спорттық
атағының болуы.

11.

Ұшқыш (пилот)

Өз күшiндегі ұшқыш (пилот) куәлiгiнiң
және азаматтық әуе кемелерiне
рұқсатының болуы. Жоғары кәсiптiк
шеберлігі мен даярлығы, әуе
кеңiстiгiнiң қауiпсiз пайдаланылуын
реттейтiн нормативтiк құқықтық
кесiмдердi бiлуi, кеменiң ұшу және
пайдалану ережелерiн сақтауы.
Денсаулығының белгiленген талаптарға
сәйкестігі.

12.

Ұшқыш-
нұсқаушы

Жоғары кәсiптiк шеберлігі мен
даярлығы, әуе кеңiстігінiң қауiпсiз
пайдаланылуын реттейтiн нормативтiк
құқықтық кесiмдердi бiлуi, кеменiң
ұшу және пайдалану ережелерiн
сақтауы. Денсаулығының белгiленген
талаптарға сәйкестігі.

13.

Ұшқыш-сынаушы

Жоғары кәсiптiк шеберлігі мен
даярлығы, әуе кеңiстiгiнiң қауiпсiз
пайдаланылуын реттейтiн нормативтiк
құқықтық кесiмдердi бiлуi, кеменiң
ұшу және пайдалану ережелерiн
сақтауы. Денсаулығының белгiленген
талаптарға сәйкестiгі.

14.

Ұшқыш-
қадағалаушы

Арнайы даярлығы, орман қорғау
саласындағы жұмыс тәжiрибесiнiң,
пирология және өрт қауiпсiздiгi
жөнiндегi бiлiмiнiң болуы.

15.

Математик

Мамандығы бойынша ғылыми дәрежесi мен
атағының, халықаралық
сертификаттарының, жұмыс
тәжiрибесiнiң, математика, қолданбалы
математика және аралас ғылымдар
саласындағы халықаралық маңызды
ғылыми зерттеулерi мен iзденiстерiнiң
болуы.

16.

Ғылыми
қызметкер
(физика және
астрономия
саласында)

Мамандығы бойынша ғылыми дәрежесi мен
атағының, жұмыс тәжiрибесiнiң, физика
мен астрономия және басқа да аралас
қызмет түрлерi саласындағы
өнертапқыштық немесе ғылыми
еңбектерiне авторлық куәлiктерiнiң
болуы.

17.

Провизор

Фармакологиялық заттар мен дәрiлiк
шикiзаттың физикалық және химиялық
қасиеттерi, оларды алу, тазалау,
стандарттау және сапасын бақылау
әдiстерi саласындағы аса көрнектi
ғылыми зерттеулерiнiң болуы.
Фармаэкономика жөнiндегi
зерттеулердiң озық әдiстерiн
меңгеруi. Медицина мен фармацевтика
саласындағы мамандарды халықаралық
стандарттар бойынша инспекциялаудың
және оқытудың озық әдiстерiн меңгеруi
(GPP, GCP, GMP, GLP, GDP).

18.

Режиссер

Аса көрнектi қойылым қою
деректерiнiң, халықаралық
фестивальдарға қатысқанын растайтын
атақтары мен дипломдарының, әлемнiң
iрi театрлары мен концерт
залдарындағы жұмыс тәжiрибесiнiң
болуы.

19.

Құтқарушы

Құтқару және шұғыл жұмыстарды
жүргiзуге арнайы даярлығының,
"Халықаралық сыныптағы құтқарушы"
үлгісiндегі бiлiктiлiк берiлген
халықаралық сертификаттарының, iрi
авариялық және төтенше жағдайлардың
салдарларын жоюдағы жұмыс
тәжiрибесiнiң, авариялық-құтқару
құралдарын қолдану жөнiндегі машығы
мен шеберлігінiң болуы.

20.

Жаттықтырушы

Халықаралық бiлiктiлiктегi спорт
шеберiнен кем емес спорттық атағының,
мамандығы бойынша жұмыс өтілiнiң
Олимпиадалық ойындарда бiрiншiден
алтыншыға дейiнгi орынды иемденген
жоғары білiктi кемiнде бiр спортшыны
немесе Азия ойындарында бiрiншiден
үшiншiге дейiнгi орынды иемденген бiр
спортшыны немесе әлем, Азия, Еуропа
чемпионаттарында, Бүкiлдүниежүзiлiк
универсиадаларда, Бүкiлдүниежүзiлiк
жасөспiрiмдер ойындарында спорттың
жеке немесе ойын түрлерiнде
бiрiншіден үшiншiге дейiнгi орынды
иемденген спортшыны даярлау жөнiндегi
жұмыс тәжiрибесiнiң болуы.

21.

Мұғалiм

Мамандығы бойынша жоғары санаты мен
жұмыс тәжiрибесiнiң, халықаралық
сертификаттарының болуы, мемлекеттiк
немесе орыс тiлдерiн меңгеруi,
ағылшын тілiн еркiн меңгеруi, мынадай
мамандықтар бойынша тиiстi жоғары
кәсiптiк бiлiмiнiң болуы:
математика;
физика;
химия;
биология;
ағылшын тілі;
информатика;
жалпы тарих.

22.

Химик

Мамандығы бойынша ғылыми дәрежесi мен атағының, жұмыс тәжірибесінің, химия, токсикология және аралас ғылымдар саласындағы ғылыми зерттеулерi мен
iзденiстерiнiң, халықаралық
сертификаттарының болуы.

23.

Суретшi

Кәсiптiк бiлiмi, жоғары көркем өнер
шығармаларының, халықаралық
наградалары мен атақтарының,
өнертанушылардан шығармашылық
мiнездемесiнiң болуы, халықаралық
көрмелерге, симпозиумдар мен
конкурстарға қатысуы.

24.

Штурман
(авиациядағы)

Жоғары кәсiптiк даярлығы мен
навигация және ұшу аппаратын
жауынгерлiк қолдану жөнiндегi
шеберлiгi;
әуе кеңiстiгінiң қауiпсiз
пайдаланылуын реттейтiн нормативтiк
құқықтық кесiмдердi бiлуi.
Денсаулығының белгiленген талаптарға
сәйкестiгі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады