Маңызды стратегиялық мәнi бар мемлекеттiк сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 мамырдағы N 454 Қаулысы

      Астана қаласының әуежайындағы жолаушылар терминалы құрылысының сапалы аяқталуын қамтамасыз ету мақсатында және "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Алсим Аларко Санаи Тесислери ве Тиджарет А.Ш." компаниясы Астана қаласының әуежайындағы жолаушылар терминалының ғимаратына сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар екi қосымша эскалаторды сатып алу және орнату жөнiндегi тауарларды, жұмыстарды берушi және қызметтердi көрсетушi болып белгiленсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген заңды тұлғамен 2005 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегiнде тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шартты жасауды;
      тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi мемлекеттiк сатып алу үшiн осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиiмдi жұмсауды сақтауды;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бөлiнген ақшаның мақсатты пайдалануға бақылауды жүзеге асырсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады