"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 16 қыркүйектегі N 4071 өкiмiне өзгерістер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi өкiмiнiң жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 16 мамырдағы N 459 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 16 қыркүйектегi N 4071  өкiмiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi өкiмiнiң жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ӨКІМІ Қазақстан Республикасы Президентiнiң
1998 жылғы 16 қыркүйектегi N 4071 өкiмiне
өзгерiстер енгізу туралы

      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Шетелдiк инвесторлар кеңесiнiң құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 16 қыркүйектегi N 4071  өкiмiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген өкiммен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Шетелдiк инвесторлар кеңесiнiң дербес құрамына:

Гарднер Даг              - "Эрнст энд Янг" компаниясының
                           ТМД бойынша басқарушы серіктесі

енгiзiлсiн;

      мына:

"Мыңбаев                 - Қазақстан Республикасы
Сауат Мұхаметбайұлы        Премьер-Министрiнiң орынбасары

Лакшми Миттал            - "ЛНМ" тобының" (Испат Кармет) төрағасы

Эванс Ричард             - "БАЕ Системс" компаниясының директорлар
                           кеңесiнiң төрағасы"

деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

"Мыңбаев                 - Қазақстан Республикасы Премьер-
Сауат Мұхаметбайұлы        Министрiнiң орынбасары - Қазақстан
                           Республикасының Индустрия және сауда
                           министрi

Лакшми Миттал            - "Миттал Стил Кo." төрағасы және
                           басқарушы директоры

Эванс Ричард             - "БАЕ Системс" компаниясының басқарма
                           төрағасының арнайы кеңесшiсi";

      көрсетiлген Кеңестiң құрамынан Жақсыбеков Әдiлбек Рыскелдiұлы, Хорн Ханс Йукум шығарылсын.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады