Конкурстық өтiнiмнiң демпингтік бағасын айқындау ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 мамырдағы N 481 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 қарашадағы № 1177 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.11.09 № 1177 Қаулысымен.

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының  2002 жылғы 16 мамырдағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Конкурстық өтiнiмнiң демпингтік бағасын айқындау ережесi бекiтілсiн.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Pecпубликасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2005 жылғы 20 мамырдағы
N 481 қаулысымен  
бекiтiлген     

Конкурстық өтiнiмнiң демпингтiк бағасын
айқындау ережесi

1. Жалпы ереже

      1. Осы Ереже "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi және ықтимал жеткiзушiнiң тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi мемлекеттік сатып алу жөнiндегi конкурсқа қатысу үшiн берiлетін конкурстық өтiнiмiнiң демпингтiк бағасын айқындау тәртiбiн белгiлейдi. Z070303

      2. Осы Ережеде пайдаланылатын ұғымдар мен терминдер Заңға сәйкес қолданылады. Z070303

2. Конкурстық өтiнiмнiң демпингтiк бағасын
айқындау тәртiбi

      3. Ықтимал жеткiзушiнiң конкурстық өтінiмiнiң демпингтiк бағасын айқындау кезiнде конкурстық комиссия, конкурс қорытындыларын шығарғанға дейiн, конкурсқа қатыспайтын өзара аффилиирленбеген кемiнде үш жеке және/немесе заңды тұлғалардан конкурс мәнiне ұқсас бiртектi тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердiң бағасы туралы ақпаратты жазбаша нысанда сұратады.

      4. Ықтимал жеткiзушiнiң тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге (консультациялық қызметтердi; өндiрiстiк және тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ өзге де көлемдi, жазықтағы немесе желілiк объектiлердi салуға, қайта жаңартуға, техникалық қайта жарақтандыруға және күрделi жөндеуге арналған мердiгерлiк жұмыстарды қоспағанда) арналған конкурстық өтiнiмнiң бағасы, егер ол конкурсқа қатысу үшiн ұсынылған барлық конкурстық өтінiмдердiң орташа арифметикалық бағасынан, сондай-ақ конкурсқа қатыспайтын және осы Ереженiң 3-тармағына сәйкес конкурс мәнiне ұқсас бiркелкi тауарлар, жұмыстар мен қызметтер (консультациялық қызметтердi; өндiрiстiк және тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ өзге де көлемдi, жазықтағы немесе желiлiк объектiлердi салуға, қайта жаңартуға, техникалық қайта жарақтандыруға және күрделi жөндеуге арналған мердiгерлiк жұмыстарды қоспағанда) бойынша баға туралы өз ақпаратын берген өзара аффилиирленбеген кемiнде үш жеке және/немесе заңды тұлғалардың бағасынан отыздан астам пайызға төмен болған жағдайда демпингтік болып танылады.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.05.27. N  519 қаулыларымен.

      5. Ықтимал жеткiзушiнiң консультациялық қызметтерге конкурстық өтiнiмiнiң бағасы, егер ол қатысу үшiн ұсынылған барлық конкурстық өтiнiмдердiң орташа арифметикалық бағасынан, сондай-ақ конкурсқа қатыспайтын және осы Ереженiң 3-тармағына сәйкес конкурс мәнiне ұқсас консультациялық қызметтер бойынша баға туралы өз ақпаратын берген өзара аффилиирленген кемiнде үш жеке және/немесе заңды тұлғалардың бағасынан жетпiстен астам пайызға төмен болған жағдайда демпингтiк болып танылады.

      5-1. Ықтимал жеткізушінің өндiрiстiк және тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ өзге де көлемдi, жазықтағы немесе желiлiк объектілердi салуға, қайта жаңартуға, техникалық қайта жарақтандыруға және күрделi жөндеуге арналған мердiгерлiк жұмыстарға берiлген конкурстық өтiнiмiнiң бағасы жобалау-сметалық құжаттамада көзделген, мемлекеттік сараптамадан өткен және белгіленген тәртіппен бекітілген бағадан отыз және одан көп пайызға артық болған жағдайда демпингтік болып танылады.
      Ескерту. 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.05.27. N 519 қаулыларымен.

      6. Осы Ереженiң 3-тармағына сәйкес конкурс мәнiне ұқсас бiртектi тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң бағасы туралы жазбаша нысандағы ақпарат ұсынылмаған, сондай-ақ баға туралы ақпарат сұрау салу жiберiлген күннен бастап бес күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн берiлген жағдайда, демпингтiк баға конкурсқа қатысу үшiн ұсынылған конкурстық өтiнiмдердiң бағалық ұсыныстарын салыстыру арқылы айқындалады.

      7. Конкурстық комиссия ықтимал жеткiзушiлердiң конкурсқа қатысу үшiн ұсынылатын конкурстық өтiнiмдердiң демпингтiк бағаларын ұсынуы фактiсiн анықтаған жағдайда, конкурстық өтiнiмдердi қабылдамау себептерiн көрсету мақсатында, конкурстық комиссия конкурстың қорытындылары туралы хаттамаға мынадай ақпаратты:
      1) бағалық ұсыныстардың түпнұсқалары қоса берiле отырып, конкурсқа қатыспайтын, өзара аффилиирленбеген кемiнде үш жеке және/немесе заңды тұлғалардың конкурс мәнiне ұқсас бiртектi тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң осы тауар рыногында сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттесуi кезiнде қалыптасқан бағаларын сұрату нәтижелерiн;
      2) орташа арифметикалық бағаны есептеу тәртiбi;
      3) орташа арифметикалық бағаны;
      4) бағалары демпингтiк деп айқындалған конкурстық өтiнiмдердi енгiзедi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады