Қазақстан Республикасының Астрахань қаласындағы (Ресей Федерациясы) Консулдығын ашу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 мамырдағы N 529 Қаулысы

      2000 жылғы 9 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Астрахань қаласында, Ресей Федерациясы, Қазақстан Республикасының консулдығын және Орал қаласында, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясының консулдығын ашу туралы келiсiмге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Астрахань қаласында (Ресей Федерациясы) Қазақстан Республикасының Консулдығы ашылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi осы қаулыдан туындайтын қажеттi шаралар қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады