Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 маусымдағы N 559 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдеріне мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгізілсін:
      1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуiрдегі N 405  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекiтілген акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
      "Алматы қаласы" деген бөлімде реттік нөмiрi 123-69-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "123-69 АЛА-005277 "Қазақстан ипотекалық компаниясы" АҚ";
      2) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттері мен мемлекеттiк үлестерiне иелік ету және пайдалану жөнiндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысында :
      иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттiк органдарға берілетін республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 217-8-жолмен толықтырылсын:
      "217-8 "Қазақстан ипотекалық компаниясы" АҚ";
      3)  алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.24  N 387 Қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады