Жекелеген ауыз сумен жабдықтау объектiлерiне қатысты мемлекеттiк меншiк түрiн өзгерту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 маусымдағы N 562 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қосымшаға сәйкес Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды. Қостанай, Қызылорда және Павлодар облыстары әкiмдерiнің ауыз сумен жабдықтау объектiлерiн республикалық меншiктен коммуналдық меншiкке беру туралы ұсыныстары қабылдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен және облыс әкiмдiктерiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен қосымшада көрсетiлген объектiлердi беру және қабылдап алу жөнiндегi қажеттi ұйымдастыру iс-шараларын жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2005 жылғы 6 маусымдағы 
N 562 қаулысына     
қосымша          

  Республикалық бюджеттен бөлiнген қаражат есебiнен
құрылысы аяқталған, коммуналдық меншiкке берiлетiн
ауыз сумен жабдықтау объектілерiнiң
ТIЗБЕСI

       Алматы облысы бойынша:
      1. Iле ауданы Өтеген батыр кентi Қуат шағын ауданының теңгерiмдiк құны 23932 мың теңге бақылау құдықтары және жапқыш реттеушi арматурасы бар ұзындығы 10,553 км су құбыры желiсi.
      2. Жамбыл ауданы Аққайнар кентінің теңгерімдік құны 120000 мың теңге бақылау құдықтары және жапқыш реттеушi арматурасы бар ұзындығы 16,5 км су құбыры желiсi, санитарлық қорғау аймағымен технологиялық жабдығы бар сорғы станциясының торабы, су тарту ұңғымасы - 3 дана, сыйымдылығы 50 м 3  тегеурiндi су мұнарасы, 10/0,4 кВ электр тарату жолдары - 1,2 км, 160 кВа трансформаторлық қосалқы станциясы.
      3. Сарқанд ауданы Алмалы ауылының теңгерiмдiк құны 23738,32 мың теңге бақылау құдықтары және жапқыш реттеушi арматурасы бар ұзындығы 7,274 км су құбыры желiсi, технологиялық жабдығы бар сорғы станциясының торабы.
      4. Ақсу ауданы Жансүгіров кентінің теңгерiмдiк құны 42261 мың теңге бақылау құдықтары және жапқыш реттеуші арматурасы бар ұзындығы 10,76 км су құбыры желiсi, сыйымдылығы 50 м 3  тегеурiндi су мұнарасы, санитарлық қорғау аймағымен технологиялық жабдығы бар сорғы станциясының торабы.
      5. Панфилов ауданы Жаркент қаласының теңгерiмдiк құны 31192,038 мың теңге бақылау құдықтары және жапқыш реттеушi арматурасы бар ұзындығы 3,8 км су құбыры желiсi, санитарлық қорғау аймағымен технологиялық жабдығы бар су жиналғы ұңғымасының торабы, 500 м 3  таза су резервуары.

       Шығыс Қазақстан облысы бойынша:
      1. Абай ауданы Кеңгірбай би ауылының теңгерiмдiк құны 37456,16 мың теңге бақылау құдықтары және жапқыш реттеушi арматурасы бар ұзындығы 5,5 км су құбыры желiсi, санитарлық қорғау аймағымен технологиялық жабдығы бар I сатыға көтергіш сорғы станциясының торабы - 2 дана, сыйымдылығы 50 м 3  тегеурiндi су мұнарасы, ВЛ-0,4 кВ және ВЛ-10 кВ - 4,6 км электр тарату жолдары.
      2. Абай ауданы Архат ауылының теңгерiмдiк құны 70701,94 мың теңге бақылау құдықтары және жапқыш реттеушi арматурасы бар ұзындығы 10,9 км су құбыры желiсi, санитарлық қорғау аймағымен технологиялық жабдығы бар I сатыға көтергiш сорғы станциясының торабы - 2 дана, сыйымдылығы 250 м 3  таза су резервуары - 2 дана, ВЛ-0,4 кВ және ВЛ-10 кВ - 13,7 км электр тарату жолдары.
      3. Абай ауданы Құндызды ауылының теңгерiмдiк құны 31390,0 мың теңге бақылау құдықтары және жапқыш реттеушi арматурасы бар ұзындығы 2,7 км су құбыры желiсi, технологиялық жабдығымен санитарлық қорғау аймағы бар I - 2 дана және II сатыға көтергiш сорғы станциясының торабы, сыйымдылығы 25 м 3  тегеурiндi су мұнарасы, ВЛ-0,4 кВ - 115 м электр тарату жолдары.
      4. Аягөз ауданы Баршатас ауылының теңгерiмдiк құны 45390,0 мың теңге бақылау құдықтары және жапқыш реттеушi арматурасы бар ұзындығы 13,0 км су құбыры желiсi, санитарлық қорғау аймағымен технологиялық жабдығы бар I сатыға көтергiш сорғы станциясының торабы - 2 дана, сыйымдылығы 25 м 3  тегеурiндi су мұнарасы, сыйымдылығы 50 м 3  тегеурiндi су мұнарасы, сыйымдылығы 500 м 3  таза су резервуары, су тарату ұңғымасы - 2 дана.
      5. Аягөз ауданы Аягөз қаласының теңгерiмдiк құны 124646,0 мың теңге бақылау құдықтары және жапқыш реттеушi арматурасы бар ұзындығы 9,7 км су құбыры желiсiнің учаскесі, санитарлық қорғау аймағымен технологиялық жабдығы бар II сатыға көтергіш сорғы станциясының торабы, сыйымдылығы 2000 м 3  таза су резервуары, су жиналғы ұңғымасы - 8 дана.
      6. Семей қаласының (ауылдық аймақ) теңгерiмдiк құны 33820 мың теңге санитарлық қорғау аймағымен технологиялық жабдығы бар I сатыға көтергіш сорғы станциясының торабы - 2 дана, су жиналғы ұңғымасы - 2 дана, сыйымдылығы 150 м 3  таза су резервуары, КTП-40 трансформаторлық қосалқы станциясы бар ВЛ-0,4 кВ және ВЛ-10 кВ электр тарату жолдары, бақылау құдықтары және жапқыш реттеушi арматурасы бар ұзындығы 3,2 км су құбыры желiсi, Приречное ауылына дейiнгі ұзындығы 1,9 км су ағызғы және Гранитный кентiне дейiнгi ұзындығы 2,285 км су ағызғы.
      7. Жарма ауданы Үшбиiк ауылының теңгерiмдiк құны 36000 мың теңге бақылау құдықтары және жапқыш реттеушi арматурасы бар ұзындығы 7,3 км су құбыры желiсi, санитарлық қорғау аймағымен технологиялық жабдығы бар II сатыға көтергiш сорғы станциясының торабы - 3 дана, су жиналғы ұңғымасы - 3 дана, сыйымдылығы 25 м 3  тегеурiндi су мұнарасы.
      8. Шемонаиха ауданы Первомай кентiнiң теңгерімдік құны 110700 мың теңге бақылау құдықтары және жапқыш реттеушi арматурасы бар ұзындығы 11,08 км су құбыры желiсi, санитарлық қорғау аймағымен технологиялық жабдығы бар су жиналғы ұңғымасының торабы - 9 дана, 250 кВа ТП 10/04 трансформаторлық қосалқы станциясы бар электр тарату жолдары.

       Жамбыл облысы бойынша:
      1. Жамбыл ауданы Ерназар ауылының теңгерiмдiк құны 30190 мың теңге бақылау құдықтары және жапқыш реттеушi арматурасы бар ұзындығы 4,4 км су құбыры желiсiнің учаскесi, технологиялық жабдығы бар I және II сатыға көтергіш сорғы станциясының торабы және ВЛ-0,4 кВ және ВЛ-10 кВ электр тарату жолдары, сыйымдылығы 250 м 3  таза су резервуары - 2 дана, сыйымдылығы 50 м 3  тегеурiндi су мұнарасы.

       Батыс Қазақстан облысы бойынша:
      1. Казталовка ауданы Ақпатер кентiнің теңгерiмдiк құны 23705,73 мың теңге бақылау құдықтары және жапқыш реттеуші арматурасы бар ұзындығы 0,138 км су құбыры желiсi, "Исток" үлгiсiндегi су тазарту қондырғысы, технологиялық жабдығы бар I сатыға көтергiш сорғы станциясы, сыйымдылығы 50 м 3  тегеурiндi су мұнарасы.
      2. Жаңғалы ауданы Мортық кентiнiң теңгерiмдiк құны 70680 мың теңге бақылау құдықтары және жапқыш реттеушi арматурасы бар ұзындығы 1,0 км жүргiзілетiн су құбыры, санитарлық қорғау аймағымен технологиялық жабдығы бар I және II сатыға көтергiш сорғы станциясының торабы, ВЛ-0,4 электр тарату жолдары және ТП 10/4 трансформаторлық қосалқы станциясы, сыйымдылығы 50 м 3  тегеуріндi су мұнарасы, "Таза cу" үлгiсiндегi су тазарту қондырғысы.
      3. Жаңғалы ауданы Жаңақазан кентiнің теңгерiмдiк құны 56900 мың теңге санитарлық қорғау аймағымен технологиялық жабдығы бар I және II сатыға көтергіш сорғы станциясының торабы, сыйымдылығы 50 м 3  тегеурiндi су мұнарасы, сыйымдылығы 100 м 3  таза су резервуары - 2 дана бақылау құдықтары және жапқыш реттеушi арматурасы бар ұзындығы 4,556 км су ағызғы.
      4. Tepeкті ауданы Федоровка аудан орталығының теңгерімдік құны 90000 мың теңге бақылау құдықтары және жапқыш реттеушi арматурасы бар ұзындығы 10,195 км су құбыры желiсi және ұзындығы 9,466 км су ағызғы, санитарлық қорғау аймағымен технологиялық жабдығы бар I және II сатыға көтергiш сорғы станциясының торабы, сыйымдылығы 50 м 3  тегеурiндi су мұнарасы, сыйымдылығы 500 м 3  таза су резервуары - 2 дана.
      5. Ақжайық ауданы Базартөбе кентінің теңгерiмдiк құны 83360 мың теңге ұзындығы 1,669 км тегеурiндi су ағызғы, технологиялық жабдығы бар I сатыға көтергiш қалқыма сорғы станциясының торабы, сыйымдылығы 50 м 3  тегеурiндi су мұнарасы, сыйымдылығы 100 м 3  таза су резервуары - 2 дана, "Акватон" үлгiсiндегi су тазарту қондырғысы, су тарату торабының ғимараты.
      6. Жәнiбек ауданы Жәнiбек кентiнің теңгерімдік құны 105135,1 мың теңге бақылау құдықтары және жапқыш реттеуші арматурасы бар ұзындығы 9,327 км су құбыры желiсi, санитарлық қорғау аймағымен технологиялық жабдығы бар I сатыға көтергiш сорғы станциясының торабы, сыйымдылығы 50 м 3  тегеурiндi су мұнарасы, сыйымдылығы 500 м 3 таза су резервуары - 2 дана.

       Қарағанды облысы бойынша:
      1. Жездi су қоймасынан Костен-Голсай сайына дейiн теңгерiмдiк құны 464278,0 мың теңге технологиялық жабдығы бар жағалаулық су сорғы торабы және ұзындығы 181 м су ағызғының iшкi алаңдық желiсi, 1,26 км ВЛ-6 кВ электр тарату жолдары, РУ-6 кВ ғимараты, ұзындығы 21,27 км магистральдық су ағызғы.
      2. Қарқаралы ауданы Қарқаралы қаласының теңгерiмдiк құны 61974,9 мың теңге бақылау құдықтары және жапқыш реттеушi арматурасы бар ұзындығы 13,43 км қалаішілік су құбыры желiсiнің учаскесi, технологиялық жабдығы бар I сатыға көтергiш сорғы станциясының торабы, 63 кВа трансформаторлық қосалқы станциясы, сыйымдылығы 300м 3  тегеурiндi су мұнарасы.
      3. Осакаров ауданы Ертiс ауылының теңгерiмдiк құны 37700,0 мың теңге бақылау құдықтары және жапқыш реттеушi арматурасы бар ұзындығы 6,9 км су құбыры желiсiнің учаскесi, технологиялық жабдығы бар I сатыға көтергiш сорғы станциясының торабы, сыйымдылығы 50 м 3 тегеурінді су мұнарасы, су тазарту жүйесі.
      4. Шет ауданы Кеңшоқы ауылының теңгерімдік құны 25200,0 мың теңге бақылау құдықтары және жапқыш реттеушi арматурасы бар ұзындығы 2,1 км болатын су құбыры желiсінің учаскесі, санитарлық қорғау аймағымен технологиялық жабдығы бар I сатыға көтергiш сорғы станциясының торабы, су жиналғы ұңғыма - 2 дана, сыйымдылығы 50 м 3 тегеурiндi су мұнарасы.

       Қостанай облысы бойынша:
      1. Теңгерiмдiк құны 357974 мың теңге бақылау құдықтары және жапқыш реттеушi арматурасы бар Лихачев топтық су құбыры (екiншi кезек) ұзындығы 35,5 км, санитарлық қорғау аймағымен технологиялық жабдығы бар III сатыға көтергiш сорғы станциясының торабы, су жиналғы ұңғымасы - 4 дана, сыйымдылығы 500 м 3  және сыйымдылығы 250  м 3  таза су резервуарлары - 2 дана.
      2. Теңгерiмдiк құны 70373,15 мың теңге бақылау құдықтары және жапқыш реттеушi арматурасы бар ұзындығы 12,5 км Владыкинка-Федоровка кентi су ағызғысы.

       Қызылорда облысы бойынша:
      1. Қармақшы ауданы Жосалы аудан орталығының теңгерімдік құны 119000 мың теңге бақылау құдықтары мен жапқыш реттеушi арматурасы бар ұзындығы 13,45 км су құбыры желiсi, санитарлық қорғау аймағымен технологиялық жабдығы бар I және II сатыға көтергiш сорғы станциясының торабы - 2 дана, сыйымдылығы 250 м 3  таза су резервуары - 6 дана, сыйымдылығы 50 м 3  тегеурiндi су мұнарасы, 35/04 кВ КТПН және 10/0,4 кВ КТПН трансформаторлық қосалқы станциясы - 2 дана, ұзындығы 0,88 км ВЛ-35 кВ және ВЛ-10 кВ электр тарату жолдары.
      2. Жалағаш ауданы Жалағаш аудан орталығының теңгерімдiк құны 118349,984 мың теңге бақылау құдығы және жапқыш реттеушi арматурасы бар ұзындығы 15,038 км су құбыры желiсiнің учаскесі.

       Павлодар облысы бойынша:
      1. Ақтоғай ауданы Мүткенов ауылының теңгерімдік құны 11929 мың теңге өнiмділігі 12 м 3 /тәулік жергiлiктi су тазарту жүйесі, су жиналғы ұңғымасы.
      2. Ақтоғай ауданы Қараоба ауылының теңгерімдiк құны 11275 мың теңге, өнiмділігі 9 м 3 /тәулiк жергiлiктi су тазарту жүйесi, су жиналғы ұңғымасы.
      3. Ақтоғай ауданы Қожамжар ауылының теңгерімдік құны 12120 мың теңге, өнiмдiлiгi 12 м 3 /тәулік жергiлiктi су тазарту жүйесi, су жиналғы ұңғымасы.
      4. Павлодар ауданы Жетекшi ауылының теңгерімдік құны 12805 мың теңге, өнiмділiгi 15 м 3 /тәулік жергіліктi су тазарту жүйесі, су жиналғы ұңғымасы.
      5. Павлодар ауданы Григорьевка ауылының теңгерімдік құны 13235 мың теңге, өнiмдiлiгi 5 м 3 /тәулiк жергілiктi су тазарту жүйесi, су жиналғы ұңғымасы.
      6. Павлодар ауданы Комарицино ауылының теңгерiмдiк құны 11593 мың теңге, өнiмдiлiгi 3 м 3 /тәулік жергілiктi су тазарту жүйесi, су жиналғы ұңғымасы.
      7. Лебяжий ауданы Ямышево ауылының теңгерiмдiк құны 12672 мың теңге өнiмдiлiгi 14 м 3 /тәулiк жергілiктi су тазарту жүйесi, су жиналғы ұңғымасы.
      8. Лебяжий ауданы Шарбақты ауылының теңгерімдік құны 12760 мың теңге, өнiмдiлiгi 15 м 3 /тәулік жергiлiктi су тазарту жүйесi, су жиналғы ұңғымасы.
      9. Лебяжий ауданы Тiлектес ауылының теңгерiмдiк құны 14661 мың теңге, өнiмдiлiгi 3 м 3 /тәулік жергiлiктi су тазарту жүйесi, су жиналғы ұңғымасы.
      10. Лебяжий ауданы Аққу ауылының теңгерімдік құны 49500 мың теңге бақылау құдықтары және жапқыш реттеушi арматурасы бар ұзындығы 10,265 км су ағызғы мен тарату желiсi, сыйымдылығы 50 м 3 тегеурiнді су мұнарасы, санитарлық қорғау аймағымен технологиялық жабдығы бар су жиналғы ұңғымасының торабы, канал арқылы өтетiн бөгетше.
      11. Ертiс ауданы Панфилов ауылының теңгерiмдiк құны 11171 мың теңге, өнiмділігі 11 м 3 /тәулiк жергiлiктi су тазарту жүйесi, су жиналғы ұңғымасы.
      12. Ертiс ауданы Қарақұдық ауылының теңгерiмдiк құны 10422 мың теңге, өнiмділігi 10 м 3 /тәулік жергiлiктi су тазарту жүйесi, су жиналғы ұңғымасы.
      13. Ертiс ауданы Майқоңыр ауылының теңгерiмдiк құны 10335 мың теңге, өнiмдiлiгi 10 м 3 /тәулiк жергілiкті су тазарту жүйесi, су жиналғы ұңғымасы.
      14. Ертiс ауданы Ленин ауылының теңгерiмдiк құны 10083 мың теңге, өнiмдiлiгi 7 м 3 /тәулiк жергiлiктi су тазарту жүйесi, су жиналғы ұңғымасы.
      15. Железин ауданы Новокузьминка ауылының теңгерiмдiк құны 12410 мың теңге, өнiмдiлiгi 12 м 3 /тәулiк жергiлiктi су тазарту жүйесi, су жиналғы ұңғымасы.
      16. Железин ауданы Жаңабiрлiк ауылының теңгерiмдiк құны 12176 мың теңге, өнiмділiгi 2 м 3 /тәулiк жергiлiктi су тазарту жүйесi, су жиналғы ұңғымасы.
      17. Железин ауданы Железинка ауылының теңгерiмдiк құны 14914 мың теңге бақылау құдықтары және жапқыш реттеушi арматурасы бар ұзындығы 2,9 км су құбыры желiсiнiң учаскесi, II сатыға көтергiш сорғы станциясының технологиялық жабдығы, сыйымдылығы 250 м 3  таза су резервуары - 2 дана, сыйымдылығы 25 м 3  тегеурiндi су мұнарасы.
      18. Железин ауданы Ақтау ауылының теңгерімдік құны 11973 мың теңге бақылау құдықтары және жапқыш реттеушi арматурасы бар ұзындығы 3,3 км су құбыры желiсiнiң учаскесі, санитарлық қорғау аймағы бар сыйымдылығы 25 м 3  тегеурiндi су мұнарасы.
      19. Қашыр ауданы Қашыр ауылының теңгерiмдiк құны 93940 мың теңге бақылау құдықтары және жапқыш реттеушi арматурасы бар ұзындығы 11,19 км су құбыры желiсiнің учаскесі, сыйымдылығы 50 м 3 тегеурiндi су мұнарасы, санитарлық қорғау аймағымен технологиялық жабдығы бар I және II сатыға көтергiш сорғы станциясының торабы.
      20. Ақсу қаласы ауылдық аймағы Пограничник ауылының теңгерiмдiк құны 11774 мың теңге бақылау құдықтары және жапқыш реттеушi арматурасы бар ұзындығы 0,8 км су құбыры желiсiнің учаскесі, санитарлық қорғау аймағымен технологиялық жабдығы бар су жиналғы ұңғымасының торабы - 2 дана.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады