Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 1422 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 10 маусымдағы N 574 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
 

      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2005 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 1422  қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2005 жылға арналған жоспарында:
      реттік нөмірі 34-жол алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 42-3-жолмен толықтырылсын:
"42-3 Қазақстан   Еңбекмині  шілде  тамыз  қыркүйек Г.Н.Әбдіқалықова
      Республика-
      сының
      кейбір 
      заңнамалық
      актілеріне
      әлеуметтік
      қамсыздандыру
      мәселелері
      бойынша
      өзгерістер мен
      толықтырулар
      енгізу туралы                                             ".
 

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі      
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады