Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдiгiндегi Елшiлiгiнiң әкiмшiлiк ғимараты мен Төтенше және Өкiлеттi Елшiсi резиденциясының ғимаратын салу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 маусымдағы N 579 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Эр-Рияд қаласы, Дипломатиялық квартал, N D 27 учаскесi мекен-жайы бойынша Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдiгiндегi Елшілiгiнiң әкiмшілiк ғимараты мен Төтенше және Өкілеттi Елшiсi резиденциясының ғимаратын (бұдан әрi - ғимараттар) салу туралы ұсынысы қабылдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен 2005 жылға арналған республикалық бюджетте 009 "Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерiн орналастыру үшiн шетелде жылжымайтын мүлiк объектiлерiн сатып алу және салу" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi төленетiн күнге белгілеген бағам бойынша 5382000 (бec миллион үш жүз сексен екi мың) АҚШ долларына баламалы сомада ғимараттардың құрылысын қаржыландыруды;
      2) ғимараттардың құрылысын қаржыландыру үшiн бөлiнген қаражатты оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатын сақтауды қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бөлiнетiн қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды заңнамада белгіленген тәртiппен жүзеге асырсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады