Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 1422 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 маусымдағы N 596 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2005 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 1422  қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2005 жылға арналған жоспарында:
      реттік нөмірлері 23, 24-жолдар алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 59-2 және 59-3-жолдармен толықтырылсын:

"59-2  Алматы қаласының өңірлік  ЭБЖМ  қазан  қараша  жел.  Б.А.
       қаржы орталығы туралы                          тоқ.  Исаев
                                                      сан

59-3   Қазақстан Республикасы-   ЭБЖМ  қазан  қараша  жел.  Б.А.
       ның кейбір заңнамалық                          тоқ.  Исаев
       актілеріне Алматы қала-                        сан
       сының өңірлік қаржы ор-
       талығын құру мәселелері
       бойынша өзгерістер мен
       толықтырулар енгізу
       туралы                                                  ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады