Райымбек батырдың туғанына 300 жыл толу мерейтойын дайындау және өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 маусымдағы N 603 Қаулысы

      Райымбек батырдың есiмiн мәңгi есте қалдыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қосымшаға сәйкес құрамда Райымбек батырдың туғанына 300 жыл толу мерейтойын дайындау және өткiзу жөнiндегi республикалық комиссия құрылсын.

      2. Қоса берiлiп отырған Райымбек батырдың туғанына 300 жыл толу мерейтойын дайындау және өткiзу жөнiндегi iс-шаралар жоспары бекiтiлсiн.

      3. "2005-2006 жылдары республикалық деңгейде өткiзiлетiн мерейтойлар мен атаулы күндердiң тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2005 жылғы 18 сәуiрдегi N 94-ө  өкiмiне  мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген өкiммен бекiтiлген 2005-2006 жылдары кезеңiнде республикалық деңгейде өткiзiлетiн мерейтойлар мен атаулы күндердiң тiзбесi:
      мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 4-1-жолмен толықтырылсын:

"4-1  Райымбек      Үкiмет    ҚР МАСМ, Алматы       2005 жыл
      батырдың      қаулысы   облысының, Алматы
      300 жылдығы             және Астана
                              қалаларының әкiмдерi           ".

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Yкiметінiң        
2005 жылғы 21 маусымдағы 
N 603 қаулысына    
қосымша        

  Райымбек батырдың туғанына 300 жыл толу мерейтойын
дайындау және өткiзу жөнiндегi республикалық
комиссияның құрамы

Есiмов                  - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
Ахметжан Смағұлұлы        орынбасары, төраға

Қосыбаев                - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
Есетжан Мұратұлы          ақпарат және спорт министрi, төрағаның
                          орынбасары

Аманшаев                - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
Ермек Әмiрханұлы          ақпарат және спорт вице-министрi, хатшы

Алтынбаев               - Қазақстан Республикасының Қорғаныс
Мұхтар Қапашұлы           министрi

Әйтiмова                - Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым
Бiрғаным Сарықызы         министрi

Қапақов                 - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Нұрлан Төлегенұлы         Кеңсесiнiң Әлеуметтiк-мәдени даму бөлiмi
                          мәдениет секторының меңгерушiсi

Құлмаханов              - Алматы облысының әкiмi
Шалбай

Тасмағамбетов           - Алматы қаласының әкiмi
Иманғали Нұрғалиұлы

Шөкеев                  - Астана қаласының әкiмi
Өмiрзақ Естайұлы

Қойгелдиев              - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым
Мәмбет Құлжабайұлы        министрлiгi "Ш.Уәлиханов атындағы Тарих
                          және этнология институты" республикалық
                          мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының
                          директоры

Оразалин                - Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының
Нұрлан Мырқасымұлы        төрағасы (келiсiм бойынша)

                                            Қазақстан Республикасы
                                                  Үкiметiнiң
                                           2005 жылғы 21 маусымдағы
                                               N 603 қаулысымен
                                                  бекiтiлген

     Райымбек батырдың туғанына 300 жыл толу мерейтойын
       дайындау және өткiзу жөнiндегi iс-шаралар
                       жоспары

Р/
с
N

Iс-шара атауы

Орында-
лу
мерзiмi

Орында-
луына жауаптылар

Қаржы-
ландыру
көзi

Болжалды
шығыстар
(мың
теңге)

1

2

3

4

5

6

1.

Алматы облысында Райымбек батырдың туғанына 300 жыл толуына арналған мерейтой салтанаттарын өткізу

2005 жылғы тамыз

Алматы облысының әкiмi, MACM

Жергі-
лiктi бюджет

500,0

2.

Заңнамада белгiленген тәртiппен Астана қаласындағы көшелердiң және мектептердiң бiрiне Райымбек батырдың есiмiн беру

2005 жылғы ІІІ тоқсан

Астана қаласының әкімі

Жергі-
лiктi бюджет

2485,0

3.

Алматы қаласындағы Райымбек батырдың кесенесiн күрделi жөндеуден өткiзу, аумағын абаттандыру және көгалдандыру жөнiндегi жұмыстарды жүргізу 

2005 жылғы ІІІ тоқсан

Алматы қаласының әкімі

Жергі-
лiктi бюджет

15800,0

4.  

Заңнамада белгіленген тәртiппен әскери оқу орындардың, әскери бөлiмдердiң бiрiне Райымбек батырдың есiмiн беру туралы ұсыныс енгізу 

2005 жылғы ІІІ тоқсан  

Қорғаныс-
минi

Шығыс-
тарды қажет етпейдi 


5.

Республика мектепте-
рiнде өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, олардың ұлттық рухын көтеру мақсатында "Біздің батыр бабаларымыз" атты ашық сабақтар өткізу

2005 жылғы қыркүй-
ек

  БҒМ

Шығыс-
тарды қажет етпейдi  


6.

Райымбек батырға арналған республика-
лық ақындар айтысын ұйымдастыру

2005 жылғы тамыз

Алматы облысының әкiмi, Қазақстан Жазушылар Одағы (келiсiм бойынша)

Демеу-
шiлiк қаражат

1500,0

7.

Бұқаралық ақпарат құралдарында Райымбек батыр туралы материалдарды жария ету

2005 жылдың ішінде

 MACM

Респуб-
ликалық
бюджет
- 019
"Мемле-
кеттiк
ақпа-
раттық
саясат-
ты жүр-
гiзу"
бағдар-
ламасы

167,5

8.

Алматы облысы Райымбек ауданындағы батырдың ескерткiштерi орнатылған жерлерде абаттандыру және көгалдандыру жөнiндегi жұмыстарды жүргізу

2005 жылғы III тоқсан

Алматы облысының әкiмi

Демеу-
шiлiк қаражат

500,0

       Ескертпе:  аббревиатураның толық жазылуы:
      МАСМ - Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi;
      БҒМ - Бiлiм және ғылым министрлiгi;
      Қорғанысминi - Қорғаныс министрлiгi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады