Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), сату және қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы N 613 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.01.19 № 124 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.01.19 № 124 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн еткен соң, бірақ 2012.01.30 ерте емес қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 cәуipдегі және "Өсiмдiктердi қорғау туралы" 2002 жылғы 3 шiлдедегі Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.08.29 N 757 Қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне лицензиялар беруге өкiлеттік берiлген мемлекеттiк органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде:
      реттiк нөмiрi 26-жолда 3-бағанда "пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық әдiстермен қолдану жөнiндегi қызмет" деген сөздер "пестицидтерді (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), сату және қолдану жөнiндегi қызмет" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген санитарлық, экологиялық және тау-техникалық қадағалау органдарының, сондай-ақ мемэнергияқадағалау органының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерінің тiзбесiнде:
      "Санитарлық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер тiзбесi" деген I бөлiмде 25-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "25-2. Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), сату және қолдану жөнiндегi қызмет";

      "Экологиялық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензиялайтын жұмыстар мен қызмет түрлерiнiң тiзбесi" деген II бөлiмде 21-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "21-2. Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), сату және қолдану жөнiндегi қызмет";

      2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.07.19 N 610 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.08.29 N 757 Қаулысымен.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң         
2005 жылғы 22 маусымдағы 
N 613 қаулысымен     
бекiтiлген        

Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру
(формуляциялау) жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке
және заңды тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптары

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.08.29 N 757 Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң         
2005 жылғы 22 маусымдағы 
N 613 қаулысымен     
бекiтiлген        

Пестицидтердi (улы химикаттарды) сату жөніндегі
қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға
қойылатын бiлiктiлiк талаптары

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.08.29 N 757 Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң         
2005 жылғы 22 маусымдағы 
N 613 қаулысымен     
бекiтiлген        

Пестицидтердi (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі
қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға
қойылатын бiлiктiлiк талаптары

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.08.29 N 757 Қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады