1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзілсiн:
1) "Қазақстан Республикасының Халықаралық Архивтер кеңесiне мүшелiгi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 29 маусымдағы N 728 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., N 27, 300-құжат):
1-тармақтағы "Архивтер мен құжаттар бас басқармасына" деген сөздер "Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "Архивтер мен құжаттар бас басқармасының" деген сөздер "Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "Архивтер мен құжаттар бас басқармасы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне" деген сөздер "Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi Қазақстан Республикасының Үкiметiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектілердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің Тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы N 281 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 11, 81-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектілердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң Тәртiбiнде:
7-тармақтағы "қоғамдық келісім" деген сөздер "спорт" деген сөзбен ауыстырылсын.