Қазақстан Республикасының Халықаралық Архивтер кеңесiне мүшелiгi туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 29 маусым 1994 ж. N 728

        Ескерту. Қаулының мәтiнiнен сөздер алынып тасталды - ҚР Үкіметінiң 1996.08.20. N  1031  қаулысымен. 
      Қазақстан Республикасының Халықаралық архивтер кеңесiне кiруiне байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiне Халықаралық архивтер кеңесiнде архив iстерi мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының атынан сөйлеу құқы берiлiп, ХАҚ Жарғысына сәйкес Қазақстан Республикасының оның мүшесi болуына туындайтын мiндеттердi орындау үшiн тиiстi өкiлеттiктер берiлсiн.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 2005.06.22. N  615  қаулысымен.   
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiмен бiрлесе отырып Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнің Халықаралық архивтер кеңесi мен оның органдарындағы қызметiн қамтамасыз ету үшiн жыл сайын қажеттi қаржы, оның iшiнде валюта қаржысын бөлудi көздесiн.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 2005.06.22. N  615  қаулысымен.  
      3. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi Қазақстан Республикасының Үкiметiне Халықаралық архивтер кеңесi мен оның органдары шеңберiнде жүргiзiлiп жатқан жұмыс туралы жылына кемiнде бiр рет ақпар берiп отырсын.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 2005.06.22. N  615  қаулысымен.  

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады