Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 29 наурыздағы N 828 Жарлығына толықтыру мен өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТIНIҢ
ЖАРЛЫҒЫ Қазақстан Республикасы Президентiнiң
2002 жылғы 29 наурыздағы N 828 Жарлығына
толықтыру мен өзгерiс енгiзу туралы
"Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 21-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. "Мемлекеттік билiк органдары жүйесiндегi кадр саясатының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 29 наурыздағы N 828 Жарлығына мынадай толықтыру мен өзгерiс енгiзiлсiн:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Мына кандидатуралар:
1) әлеуметтік-экономикалық блок (экономика және бюджеттiк жоспарлау, қаржы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, мәдениет, ақпарат және спорт) министрлерінің лауазымына - Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісiнің және Сенатының бейiндiк комитеттерiнде;
2) Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi басшыларының лауазымына - Қазақстан Республикасының Парламентi Сенатының бейiндiк комитетiнде;
3) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылайтын есеп комитетiнің Төрағасы және екi мүшесінің лауазымына - Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісiнiң бейiндiк комитетiнде алдын ала талқылануға тиiс деп белгіленсiн.";
аталған Жарлықпен бекітiлген Мемлекеттік саяси қызметшiлер лауазымдарының және мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын және бекiтетiн немесе оның келiсуiмен тағайындалатын және бекiтілетін, оның ұсынуы бойынша сайланатын басшы қызметкерлерiнiң лауазымдар тiзбесiнде:
мына:
"Қазақстан Республикасы Президент Сыртқы Премьер-
дипломатиялық iстер Министрмен,
өкілдiктерiнiң министрi Әкiмшілік
басшылары Басшысымен,
Парламент
Сенатының және
Мәжілiсiнiң
тиiстi
комитеттерiмен"
деген жолда ", Парламент Сенатының және Мәжілiсiнiң тиiстi комитеттерiмен" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті