"Ақтөбе ЖЭО" жабық акционерлiк қоғамының конкурстық массасын сатудың ерекше шарттары мен тәртiбi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы N 631 Қаулысы

      "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңының  2-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Ақтөбе ЖЭО" жабық акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - Қоғам) конкурстық массасын сатудың мыналарды:
      1) Қоғамның өндiрiстiң технологиялық циклын қамтамасыз ететiн мүлкін бiрыңғай лотпен (бұдан әрi - лот) сатуды;
      2) лотты сатудың ең төменгi бағасын әкiмшiлік шығыстардың әрi бiрiншi және екiншi кезектегi кредиторлардың талаптары сомасынан төмен емес етіп белгілеудi;
      3) технологиялық циклдың үздiксiздігін сақтай отырып, банкроттық рәсiмiн өткiзудi;
      4) Ақтөбе облысының әкімдiгiмен келiсiлген сатып алынатын мүлiктi пайдалану бойынша өндiрiстiк бағдарламасы бар тұлғалардың аукционға қатысуын көздейтiн ерекше шарттары мен тәртiбi белгіленсiн.

      2. Конкурстық масса объектілерiн сатып алушыларға мынадай қосымша талаптар белгіленсiн:
      1) қызмет бейінiн, тұтынушылармен шарттарды және көрсетiлетiн қызметтер көлемiн сақтау бойынша мiндеттемелердi қабылдау;
      2) электр және жылу энергиясын өндiру, беру мен тарату, сондай-ақ қысыммен жұмыс iстейтiн қазандарды, ыдыстар мен өткізгіш құбырларды пайдалану және жөндеу жөнiндегi қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың болуы;
      3) технологиялық процеске қамтылған Қоғамның қызметкерлерiмен еңбек шарттарын жасасуды қамтамасыз ету.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады