"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 18 тамыздағы N 1166 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 1 шілдедегі N 676 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 13 тамыздағы N 1166  Жарлығына  өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы

  Қазақстан Республикасы Президентінің
2003 жылғы 18 тамыздағы N 1166 Жарлығына
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

      Ақпараттық технологиялардың жаңа саласын құру және Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық және инновациялық әлеуетiн дамыту мақсатында  ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. "Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 18 тамыздағы N 1166  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2003 ж., N 33, 322-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген "Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
      1-тармақтың екiншi абзацындағы "340" деген сандар "342,8544" деген сандармен ауыстырылсын;
      3-тармақ 7) тармақшадағы "болып табылады" деген сөздердiң алдынан ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 8), 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
      "8) мәтiндердi өңдеуге арналған машиналарды, көшіру-көбейту жабдығын, адресовальды машиналарды, калькуляторларды, касса аппараттарын, таңбалау машиналарын, билет-касса машиналарын шығару басқа да офистік машиналар мен жабдықты, электронды есептеу машиналарын және ақпарат өңдеуге арналған өзге де жабдықтарды шығару;
      9) электр және радио элементтерін, таратушы аппаратура, дыбыс пен бейне қабылдауға, жазуға және бейнелеуге арналған аппаратуралар шығару;
      10) тұрмыстық электр приборларын шығару";
      11-тармақтың жетiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "АЭА аумағына еркiн кеден аймағының кедендiк режимiне орналастырылған тауарлармен:
      тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету жөнiнде;
      тауарларды қайта өңдеу жөнiнде;
      осы Ережеге сәйкес негiзгi қызмет түрлерiне сай АЭА құру мақсатына қол жеткiзу үшiн қажеттi тауарлар мен жабдықтарды пайдалану және қолдану жөнiнде;
      тауарларды сатуға және тасымалдауға дайындау жөнiнде;
      құрылыс және өнеркәсiп өндiрiсi технологиясының талаптарын орындау жөнiнде операциялар жасауға рұқсат етiледi.".
      Жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген "Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге жоспар осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады