Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі мен Қытай Халық Республикасының Ақпараттық өнеркәсіп министрлігі арасындағы Ақпараттық және коммуникациялық индустрия саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 шілдедегі N 678 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі мен Қытай Халық Республикасының Ақпараттық өнеркәсіп министрлігі арасындағы Ақпараттық және коммуникациялық индустрия саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюға келісім берілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілcін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

ЖОБА 

  Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі мен Қытай Халық Республикасының Ақпараттық өнеркәсіп министрлігі арасындағы Ақпараттық және коммуникациялық индустрия саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум

      Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі мен Қытай Халық Республикасының Ақпараттық өнеркәсіп министрлігі (бұдан әрі - Тараптар);
      Тараптар ақпараттық және коммуникациялық индустрия саласында өзара тиімді кең ынтымақтастық жолымен осы саладағы жалпы дамуға қол жеткізетіндіктерін сезіне отырып;
      Екі ел арасындағы тығыз ынтымақтастық күшейтуге және өзінің ақпараттық және коммуникациялық индустриясының прогресі мен дамуына ықпал етуге ниет ете отырып;
      Тараптардың әр қайсысы халықаралық құқықтар мен міндеттемелерді сақтай отырып;
      мынадай уағдаластыққа келді:

  І Бап
Мақсаттар

      Екі тарап теңдік пен өзара тиімділік негізінде және Тараптар мемлекеттері заңнамаларының сақталуы шартымен ақпараттық және коммуникациялық индустрия саласындағы ынтымақтастық туралы ниеттерін растады.

  ІІ бап
Ынтымақтастық саласында

      Тараптар ынтымақтастықтың мынадай басым салаларға шоғырлануға тиістігін ұғынады:
      1. Ақпараттық технологиялар мен желілік инфрақұрылымды дамыту саласындағы ынтымақтастық
      2. Технологиялық саладағы және персоналды оқытудағы ынтымақтастық
      3. Екі елдің іскерлік қоғамдастықтары арасындағы ынтымақтастық пен алмасу
      4. Тізбесі Тараптар келісімі бойынша айқындалатын, нақтыланатын және толықтырылатын ынтымақтастықтың басқа да бағыттары.

  ІІІ бап
Қаржыландыру

       Тараптар, егер әрбір нақты жағдайда өзге де тәртіп келісілмейтін болса, олар осы Меморандумды орындау барысында туындайтын шығыстарды Тараптар мемлекеттерінің заңнамаларында көзделген қаражат шегінде көтереді.

  ІҮ бап
Даулар мен келіспеушіліктерді реттеу

       Осы Меморандумның ережелерін түсіндіру немесе қолдану кезінде даулар мен келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар оларды екі жақты келіссөздер және консультациялар жолымен шешетін болады.

  Ү бап
Түзетулер

       Осы Меморандумға Тараптардың кез келгенінің бастамасы бойынша өзара келісім негізінде осы Меморандумның ажырамас бөліктері болып табылатын тиісті хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
      Осы Меморандумның ережелерін өзгерту немесе оның қолданысын тоқтату оның қолданысы кезеңінде жасалған шарттар (келісім-шарттар) бойынша жобалардың орындалуына олар толық аяқталғанға дейін әсер етпейтін болады.

  ҮІ бап
Қорытынды ережелер

      Осы Меморандум қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Осы Меморандум белгіленбеген мерзімге жасалады және Тараптардың бірі екінші Тараптың оның қолданысын тоқтату ниеті туралы тиісті жазбаша хабарламасын алған күнінен бастап алты ай өткенге дейін күшінде қалады.

      2004 жылғы "__"__________ ___________ әрқайсысы қазақ, қытай, орыс және ағылшын тілдеріндегі екі түпнұсқа данада жасалды, барлық мәтіндердің бірдей күші бар. Осы Меморандумның ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.

      Қазақстан Республикасы
      Ақпараттандыру және байланыс
      агенттігі үшін

      Қытай Халық Республикасының
      Ақпараттық өнеркәсіп
      министрлігі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады