"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 20 қыркүйектегi N 949 Жарлығына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 шілдедегі N 684 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 20 қыркүйектегi N 949 Жарлығына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің
ЖАРЛЫҒЫ Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы
20 қыркүйектегі N 949 Жарлығына өзгерiс енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. "Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 20 қыркүйектегi N 949  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2002 ж., N 31, 336-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      жоғарыда аталған Жарлықпен мақұлданған Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасында:
      2-тараудың қырық бiрiншi абзацындағы "Азаматтық кодексте және жеке Заңда" деген сөздер алынып тасталсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады