Қазақстан Республикасының білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарын атау мен қайта атау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 шілдедегі N 690 Қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы N 281  қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 1-қосымшаға сәйкес білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарына белгілі қоғам қайраткерлерінің, ғалымдардың, жазушылардың, ақындардың, суретшілердің, педагогтардың есімдері берілсін.

      2. 2-қосымшаға сәйкес білім беру ұйымдары қайта аталсын.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2005 жылғы 5 шілдедегі  
N 690 қаулысына     
1-қосымша        

  Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ғалымдардың, жазушылардың,
ақындардың, суретшілердің, педагогтардың есімдері берілген
білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының тізбесі

Алматы облысы бойынша

      Алакөл ауданының Үшарал қаласындағы Үшарал орта мектебіне - педагог Мұхаметбай Мыңбайұлының eciмi;

Атырау облысы бойынша

      облыстық көркемсурет және қолданбалы сәндік өнер мұражайына - суретші Шәймардан Сариевтің есімі;

Шығыс Қазақстан облысы бойынша

      Семей қаласының«"Жас ұлан" ерлер лицейіне - ағартушы-ғалым, этнограф Шоқан Уәлихановтың есімі;
      Ұлан ауданы Молодежный кентінің жалпы білім беретін қазақ орта мектебіне - Алашорда қозғалысы жетекшілерінің бipi Райымжан Мәрсековтің есімі;

Алматы қаласы бойынша

      Алматы қаласы Ақбұлақ»шағын ауданының N 154 орта мектебіне - белгілі түрколог, профессор Иштван Қоңыр Мандокидің eciмi;

Астана қаласы бойынша

      мемлекеттік тілді тереңдетіп оқытатын мамандандырылған N 7 мектепке - ақын Ғали Ормановтың есімі;
      N 40 орта мектепке - академик Әлкей Марғұланның есімі.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2005 жылғы 5 шілдедегі  
N 690 қаулысына     
2-қосымша        

  Қайта аталатын білім беру ұйымдарының тізбесі

Алматы облысы бойынша

      Көксу ауданы Мұқаншы ауылдық округінің Ф.Энгельс атындағы орта мектебі - "Жетіжал" орта мектебі;

Шығыс Қазақстан облысы бойынша

      Тарбағатай ауданы Жетіарал ауылының В.И.Ленин атындағы орта мектебі - "Жетіарал" орта мектебі.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады