Маңызды стратегиялық мәні бар мемлекеттік сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 шілдедегі N 693 Қаулысы

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ) 2005 жылға арналған республикалық бюджетте 013 "Мемлекеттік геологиялық зерделеу" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар Арал өңірінде (Арал маңы учаскесі) көмірсутегі шикізатын іздестіру-бағалау жұмыстарын беруші болып белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      осы қаулының 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғамен жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды;
      жұмыстарды сатып алу үшін осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау қағидатын сақтауды;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады