"1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Эмба полигонын пайдалану және жалға беру шарттары туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттама жасасу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 8 шілдедегі N 711 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Эмба полигонын пайдалану және жалға беру шарттары туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама жасасу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнің қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы Президентінің
ЖАРЛЫҒЫ 1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Эмба полигонын пайдалану және жалға беру шарттары туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама жасасу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. Қоса беріліп отырған 1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Эмба полигонын пайдалану және жалға беру шарттары туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаевқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы атынан 1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Эмба полигонын пайдалану мен жалға беру шарттары туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттама жасасуға өкiлеттiк берiлсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Жоба

  1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей
Федерациясы арасындағы Эмба полигонын пайдалану және
жалға беру шарттары туралы келiсiмге өзгерiстер мен
толықтырулар енгізу туралы
ХАТТАМА

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы,
      1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Эмба полигонын пайдалану және жалға беру шарттары туралы келiсiмге (бұдан әрi - Келiсiм) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге келiстi:
      1. Келiсiмнiң атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Эмба полигонын (5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы) пайдалану және жалдау шарттары туралы келiсiм".
      2. Кiрiспенiң төртiншi және бесiншi абзацтары және 1-баптың бiрiншi абзацы "Эмба полигонының" деген сөздерден кейiн "(5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы)" деген сөздермен толықтырылсын.
      3.1-баптың екiншi абзацында:
      "осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгі болып табылатын" деген сөздер "осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында ракеталардың ажыраған бөлiктерiнiң құлауына арналған жауынгерлiк алаңдарының шекарасы" 1" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Полигонның әскери объектілерiнiң тiзбесi осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгі болып табылатын 2 қосымшада келтiрiлген."
      4. 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қазақстан Республикасы Ресей Федерациясына жалға беру шарттарында оларда орналасқан объектілерін Полигонның жылжымалы және жылжымайтын мүлiктерiмен қоса жер учаскелерiн уақытша пайдалануға бередi.
      2. 1996 жылғы 18 қазандағы "Эмба" сынақ полигонын жалдау туралы шартқа сәйкес Полигонның жер учаскелерiн Ресей Федерациясының мүддесiнде оларды жалға беру кезеңiнде пайдаланғаны үшiн Ресей Федерациясы ақы төлеудi жүзеге асырады.".
      5. 6-баптың 1-тармағының екiншi сөйлемi мынадай реакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұрған Ресей Федерациясы әскери құрамаларының, олардың құрамына кiретiн тұлғалар мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi, сондай-ақ Полигон аумағындағы Ресей Федерациясының құқық қорғау органдарының заңдық құзыры мәселелерi 1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұрған Ресей Федерациясының әскери құрамаларының мәртебесi туралы келiсiммен және Тараптардың басқа да келiсiмдерiмен айқындалады".
      6. 7-баптың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Полигон қызметi Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң келiсiмi бойынша Ресей Федерациясының Қорғаныс министрi бекiтетiн Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң Мемлекеттiк орталық көрiнiс аралық полигонының құрылымдық бөлiмшелерi, объектiлерi және жауынгерлiк алаңдары туралы ережемен (бұдан әрi - Полигон туралы ереже) регламенттеледi және:".
      7. 8-бапта:
      екiншi абзацтағы "қалпына келтiрудi және" деген сөздер алынып тасталсын;
      тоғызыншы абзацтан кейiн мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Тараптардың келiсiмi бойынша айқындалатын қажет болған жағдайда нысаналар мен ракеталардың құлау алқаптарын қайта өңдеудi";
      мынадай мазмұндағы он үшiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлiгi 929 Мемлекеттік ұшу - сынақ орталығының мүддесiн сай сынақ жұмыстарын жүргiзу кезiнде Эмба полигонының (5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы) жер учаскелерi мен әуе кеңiстiгiн пайдалануға осы Келiсімнің 7-бабында көзделген ғылымы-зерттеу және сынақ жұмыстарының жылдық жоспарлары негiзiнде жол беріледi".
      8. 9-бап мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Полигон аумағында жер кадастрын және мониторингті жүргiзудi, жердi мақсатты пайдалануды бақылауды Полигонның қолбасшылығымен келiсілген тәртiппен және мерзiмде Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару жөнiндегi уәкілетті мемлекеттiк органы жүзеге асырады".
      9. Келiсiмге "Эмба полигонының жер учаскелерiнiң шекарасын анықтайтын геодезиялық белгілер мен негізгi нүктелер координаталарының тiзбесi" қосымшасы осы Хаттамаға 1, 2, 3-қосымшалармен ауыстырылсын.
      Осы Хаттама ережелерiн түсiндiру және қолдану кезiнде туындайтын барлық даулар мен келiспеушілiктер Тараптар арасындағы өзара консультациялар мен келiссөздер жолымен шешілетiн болады.
      Тараптардың бiреуiнде бiрлескен шешiмдi талап ететiн мәселелер туындаған кезде осы Тарап екiншi Тарапты келiссөздер басталғанға дейiн 30 күн бұрын жазбаша хабардар етеді.
      Осы Хаттама Тараптар оның күшіне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама жасаған күннен бастап күшiне енедi.
      Осы Хаттама 1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Эмба полигонын пайдалану және жалға беру шарттары туралы келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады және осы Келiсiммен бiр мезгiлде өзiнiң қолданысын тоқтатады.
      200__жылғы "__"______ __________қаласында, әрқайсысы қазақ және орыс тілдерiнде екi данада жасалды, әрi барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ          РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ
           YШIН                              YШIН

                              1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан
                              Республикасы мен Ресей Федерациясы
                              арасындағы Эмба полигонын пайдалану
                          және жалға беру шарттары туралы келiсiмге
                                 өзгерiстер мен толықтырулар
                                    енгiзу туралы хаттамаға
                                          1-қосымша

             Қазақстан Республикасының аумағында
    ракеталардың бөлiнетiн бөлiктерiнiң құлауына арналған
               жауынгерлiк алаңдардың шекарасы

Нүкте нөмiрi

Географиялық координаттары

Ескертпе


солтүстiк ендiк
(град. мин.)

шығыс бойлық
(град. мин.)


Ақтөбе облыс Мұғалжар ауданы
координаттары шектелген
N 1 учаске (солтүстiк учаске)

1

48  26

57  39


2

48  26

57  47


3

48  25

57  56


4

48  24

58 03


5

48  23

58 09


6

48  11

58  19


7

48  04

58  12


8

47  58

58 14


9

48  00

57  29


10

48  08

57  29


11

48  14

57  33


координаттары шектелген N 2
учаске (оңтүстік учаске)

1

47 02

58 06


2

46  45

58 06


3

46  45

57  47


4

47  02

57  50


алаңы 2 га N 3 учаске
Елдi мекендегi тұрғын үй және өндiрiстiк объектiлер
(Эмба-5 әскери қалашығы)

                              1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан
                              Республикасы мен Ресей Федерациясы
                              арасындағы Эмба полигонын пайдалану
                          және жалға беру шарттары туралы келiсiмге
                                 өзгерiстер мен толықтырулар
                                    енгiзу туралы хаттамаға
                                          2-қосымша

     Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан
          Полигонның әскери объектілерiнiң тiзбесi

Р/с N

Атауы

Орналасқан орны


5580-база (сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету)

Ақтөбе облысы,
Мұғалжар ауданы,
Ембi кентi.

                              1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан
                              Республикасы мен Ресей Федерациясы
                              арасындағы Эмба полигонын пайдалану
                          және жалға беру шарттары туралы келiсiмге
                                 өзгерiстер мен толықтырулар
                                    енгiзу туралы хаттамаға
                                          3-қосымша

     Эмба полигонында Ресей Федерациясы жалға алған
          Қазақстан Республикасы мүлкiнiң тiзбесi

Р/с
N

Атауы

Саны
(бiрлiк)

бас жоспар
бойынша N

1

Кешендi ғимарат

1

86

2

Тұрғын үй

1

25

3

"Россиянка" жатақханасы

1

42

  Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы
арасындағы Эмба полигонын пайдалану және жалға беру
шарттары туралы
КЕЛIСIМ

      Бұдан былай Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы,
      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1992 жылғы 25 мамырдағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы Шарттың, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1994 жылғы 28 наурыздағы әскери ынтымақтастық туралы Шарттың, Қазақстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы 1993 жылғы 22 қаңтардағы сынақ полигондарын пайдалану тәртібі туралы Келiсiмнiң қағидаларына сүйене отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы 1994 жылғы 28 наурыздағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы Келісімді басшылыққа ала отырып;
      жылжымалы және тұрақты мүлкімен Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан Эмба полигонының объектiлерi Қазақстан Республикасының меншiгi екендiгiн ескере отырып, Тараптардың қорғаныс қабылетiн қамтамасыз ету мақсатында және ғылымын дамыту мүддесі үшiн Эмба полигонын сақтау мен дамыту қажеттiлігiн мойындай отырып,
      Тараптардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде Эмба полигонының маңызды ролін және қару-жарақ пен әскери техниканың алдыңғы үлгiлерiн сынауда эксперименталды-сынау базасын сақтау және дамыту қажеттiлiгiн ескере отырып,
      төмендегiлер жөнiнде келiстi:

  1-бап

      Осы Келісімнің тақырыбы, әрі қарай Полигон деп аталатын Эмба полигоны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясына Полигонның жер учаскелерiн, жылжымалы және тұрақты мүлігін уақытша пайдалануға жалға беру шартымен беру тәртібі болып табылады. Полигонның жылжымалы және тұрақты мүлкiнiң тізбесі мен құрамы, жалға беру ұзақтығы, жалға беру ақысының мөлшері мен оны енгізу мерзімі, осы Келiсiмге қол қойылғаннан кейін үш ай мерзім ішінде жасалатын Полигонды жалға берудің жеке Шартпен анықталады.
      Полигон Қазақстан Республикасының Ақтөбе облысы аумағында орналасқан. Полигон жер алаңының шекарасы болып осы Келiсiмнiң ажырамас бөлігі болып табылатын қосымшада координаталары келтірілген, геодезиялық белгілер мен тұрғылықты жердегі негізгі нүктелерді жалғастыратын сызық болып табылады.

  2-бап

      1. 1991 жылдың 31 тамызына дейін жасалынған және қондырылған Полигонның жылжымалы және тұрақты мүлкі Қазақстан Республикасының меншігі болып табылады.
      2. Полигонда 1991 жылдың 31 тамызынан кейін жасалған, алынған және қондырылған жылжымалы және тұрақты мүлікке деген меншік құқығы Полигонның жылжымалы және тұрақты мүлкін ұстауға, пайдалануға және кезекті жөндеуге кеткен шығындарды есептемегенде, оны құруды, алуды және жеткізуді қаржыландыруды жүзеге асырушы Тарапқа беріледі. Осыған орай Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасымен мұндай мүлікті жасауды және жеткізуді, сондай-ақ жалға беру мерзімі аяқталғаннан кейін Тараптардың тұрақты мүлiктi пайдалануын келіседі.
      Барлық жағдайларда жобалық шешімдердің экологиялық және басқа да қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, Полигон басшылығының Қазақстан Республикасының тиісті министрліктері мен ведомстволарына талқылау мен сарап қорытындысы үшiн керекті мәліметтерді беру жолымен жүзеге асырылады.

  3-бап

      1. Қазақстан Республикасы 1991 жылғы 31 тамыздағы жағдайға сәйкес Ресей Федерациясына жалға беру жағдайымен, келiсілген түгендеу ведомствосы бойынша Полигонның жылжымалы және тұрақты мүлкiн бередi. Тараптар осы Келiсiмге қол қойылған күннен кейiн аталған мүлiктi жалға беру шартын дайындау үшiн бiрлескен комиссия құрады. Бiрлескен комиссия жалға беру шартында жыл сайынғы жалға беру ақысының мөлшерiн, сондай-ақ 1992-1994 жылдары Ресей Федерациясының Полигонды пайдалануына байланысты Қазақстан Республикасының әрбiр жылға жылдық жалға беру ақысы деңгейiнде мүлiктiк шығын және шығындар мөлшерiн бағалайды. Екi мемлекеттiң Үкiметтерi ақы беру механизмiн жалға беру шартына сәйкес анықтайды.
      Осы мақсаттарда Тараптар бiрлескен Комиссияға, оның құрылуы кезiнде, аталған жұмыстарды жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттарды бередi.
      2. Қазақстан Республикасы жалға беру жағдайымен уақытша пайдалануға Ресей Федерациясына Полигонның жер учаскелерiн бередi. Ресей Федерациясы жалға беру (тұрақты немесе мезгiлдi) кезеңiнде Ресей Федерациясының мүддесi үшiн Полигонның пайдаланатын жерлерi үшiн ақы төлейдi.

  4-бап

      Ресей Федерациясына жалға беру шартымен берiлетiн жылжымалы және тұрақты мүлiк, осы Келiсiмге қосымшада көрсетiлген тиiстi жер учаскелерi тек қана Полигон алдында тұрған тапсырмаларды орындауды қамтамасыз ету үшiн мақсатты бағытта пайдаланылуға тиiс. Бұл мүлiк пен жер учаскелерi Тараптардың және үшiншi елдердiң заңды және жеке адамдарына субарендаға берiлмейді.

  5-бап

      Жалға беру мерзiмi бiткенде, сондай-ақ осы Келiсiмнiң күшi тоқтағанда жалға беру шартымен берiлген жекелеген объектiлеріне жұмыстар уақытынан бұрын тоқтаған жағдайда Ресей Федерациясы олардың амортизациялануын есептей отырып, әрi қарай пайдаланатындай жағдайда жер учаскелерiн, жалға алған жылжымалы және тұрақты мүлiктi Қазақстан Республикасына қайтарады.
      Барлық жағдайларда мүлiк пен жер учаскелерiн қабылдау-беру Тараптардың өкiлеттi өкiлдерiнен құралған бiрлескен комиссиямен жүзеге асырылады.

  6-бап

      1. Полигонның Ресей Федерациясына берiлген объектiлерiн, жылжымалы және тұрақты мүлiгiн пайдалануды қамтамасыз ететiн әскери құрамалар Ресей Федерациясы Қарулы Күштерiнiң құрамына кiредi. Уақытша Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан Ресей Федерациясы әскери құрамаларының статусы Тараптардың жеке келiсiмiмен анықталады.
      2. Әскери құрамалардың штаттық құрылымдары мен саны Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң келiсiмi бойынша Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiмен бекiтiледi.
      Полигон бастығын тағайындау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң келiсiмiмен, Ресей Федерациясы Қорғаныс министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Президентiмен келiсiле отырып. Ресей Федерациясының Президентiмен жүзеге асырылады.
      3. Полигон орындайтын тапсырмалар көлемi өзгергенде, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiмен келiсу бойынша Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлiгi Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери құрамаларының құрылымдары мен штаттық санында өзгертулердi жүзеге асырады.

  7-бап

      Ресей Федерациясына жалға берiлген Полигонның қызметi Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiмен келiсiлген Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгi бекiтетiн ол туралы ережемен реттеледi және:
      - күрделi құрылыс жоспарларын қоса есептегенде, Полигонды дамыту жоспарлары;
      - ғылыми-зерттеу және сынақ жұмыстарының жылдық жоспарлары;
      - Тараптар әскерлерi ұрыс ракеталарын ұшыратын тактикалық жаттығулардың жалдық жоспарлары;
      - қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану және жөндеудiң жылдық жоспарлары негiзiнде жүзеге асырылады.
      Жылдық жоспарлар мен кестелер Тараптардың Қорғаныс министрлiктерiмен жоспарланып отырған жылдың 1 желтоқсанына дейiн бекiтiледi.

  8-бап

      Ресей Федерациясы өзiне жалға берiлген Полигонның жылжымалы және тұрақты мүлкiн пайдалану кезiнде:
      - Полигонның инфрақұрылымын қалпына келтiрудi және ұстауды;
      - Тараптардың қару-жарақ және әскери техника үлгiлерiн сынауды белгiленген шекараларда өткiзудi;
      - жүргiзiлетiн жұмыстар қауiпсiздiгi мен ракеталарды Полигон шеңберiнде ұшыруды;
      - Тараптардың қорғаныс министрлiктерiнiң келiсуiмен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң мүддесi үшiн Полигонды ұрыс атыстарын орындау үшiн пайдалануды;
      - Полигонның ғылыми-техникалық сынақ кешенi мен инфрақұрылымын сақтауды және оларды жұмыс бабында ұстауды;
      - ракеталар мен нысаналар қалдықтарын iздеудi, көшiрудi және пайдалануды, ұрыс алаңдарын уақытылы тазалауды;
      - апаттар салдарын уақытылы жоюды және Қазақстан Республикасына келтiрiлген зиянның орнын толтыруды;
      - Полигонның экологиялық жағдайын табиғатты қорғаудың ұзақ мерзiмдi және жылдық бағдарламасын жасау және iске асыру жолымен қалпына келтiрудi қамтамасыз етудi мiндеттенедi.
      Полигонның ұрыс алаңдарынан тыс нысаналар, ұшу аппараттары, ракеталар немесе олардың бөлшектерi құлаған жағдайда, Ресей Федерациясы бұл жайында жиырма төрт сағат iшiнде Қазақстан Республикасына ресми ақпарат бередi. Бұл оқиға жөнiнде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясына тергеу материалдарын берiп, үш күн мерзiм iшiнде құрылатын тергеу жөнiндегi Тараптардың бiрлескен комиссиясы тергеудi жүргiзедi.
      Полигон басшылығы жергiлiктi өкiмет және басқару орындарымен бiрлесе отырып, маусымды ауылшаруашылық жұмыстарын жүргiзу кезiнде Полигон аумағының учаскелерiн пайдалану тәртiбiн анықтайды.
      Полигонның ішкi байланыс жүйелерiн, автомобиль және темір жолдарын пайдалану, ұстау және жетiлдiру осы құралдарды пайдаланатын Полигонның әскери құрылымдарымен жүзеге асырылады.
      Полигонның аумағын басқа мақсаттарда пайдалану кезінде оның жоспарлы жұмыстарын уақытша тоқтату немесе шектеу Тараптар қорғаныс министрліктерінің бiрлескен шешімдері негізінде жүргiзiледi.

  9-бап

      Полигон пайдаланатын жер учаскелерiнде адамдар, өсімдік және жан-жануарлар өмiрiне қауіп төндiретiн радиоактивтi, улы заттар, ядролық және химиялық қару-жарақ, сондай-ақ басқадай өнімдерді пайдалануға және көмуге тиым салынады.

  10-бап

      Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасының экологиялық нормативтерін, су мен жерді пайдалану ережелерін және нормаларын орындауға міндетті. Полигонның қызметi салдарынан келтiрiлген экологиялық зиян Ресей Федерациясымен жойылады. Осыған орай, зиянды өтеу тәртiбi мен зиянның мөлшері арнайы құрылған мемлекетаралық комиссиямен анықталады.

  11-бап

      Ресей Федерациясының мекемелерi мен ұйымдарына, әскери ведомстволарына, жеке адамдарына Полигон аумағында геологиялық барлау жүргiзуге, пайдалы қазбаларды өңдеуге, аңдарды аулау кәсібімен айналысуға, балық аулау мен жабайы өсімдіктерді жинауға тиым салынады.

  12-бап

      Әскери қызметшiлер, олардың отбасы мүшелерi, өнеркәсіп мамандары Ресей Федерациясынан Полигонға жаңа қызмет немесе жұмыс орнына және кері қарай жiберiлгенде, алынуы кедендік органдарға жүктелген кедендiк баж салығын, акциздерді және басқа да салықтарды төлеусіз кеден шекаралары арқылы өз жүктерiн алып өтеді.

  13-бап

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi Полигонда өңдеуден өткен жаңа қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа түрлерiн, соның iшiнде жалдық ақы есебiнен, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы 1994 жылғы 28 наурыздағы әскери ынтымақтастық туралы Шартта бекiтiлген тәртіппен алуға басым құқығы бар.

  14-бап

      Осы Келiсiмнiң қосымшасында шекарасы анықталған, Полигон аумағының әуе кеңiстiгi оның жұмысын қамтамасыз етуге пайдаланылады.
      Полигон аумағының әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртiбi мен шарттары Қазақстан Республикасының заңы және басқа да нормативті актiлерiмен аңықталады.

  15-бап

      Полигон үшiн Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шекаралары арқылы жүктерді жiберу Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының кедендік заңына сәйкес алынуы кедендік органдарға жүктелген кедендiк баж салығын акциздердi және басқа да салықтарды төлеусіз жүзеге асырылады.

  16-бап

      Техникалық нормаларға сәйкес шығынға жазылуға тиісті жылжымалы және тұрақты мүлiкке иелік ету, Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлiктi басқаруға өкілденген мемлекеттiк органымен Тараптардың қорғаныс министрліктерінің келiсiлген ұсыныстары бойынша жүзеге асырылады.

  17-бап

      Полигон аумағында қамтамасыз етудің, соның ішінде сауда-тұрмыстық, әлеуметтiк, сондай-ақ медициналық қызмет көрсетудiң барлық түрлерi Ресей Тарабымен жүзеге асырылады.
      Полигонның қызметшiлер мен жұмысшылар қызметтерiне Ресей Федерациясының азаматтарымен қатар Қазақстан Республикасының азаматтары да қабылданады. Осыған орай, оларға, азаматтығына қарамастан Ресей Федерациясының еңбек заңына сәйкестi барлық еңбек ақы төлеу шарттары таратылады.

  18-бап

      Полигонда орналасқан Ресей Федерациясының әскери құрамаларын, сондай-ақ Полигонның инфрақұрылымын ұстауды Ресей Федерациясы қаржыландырады.
      Полигон аумағындағы әскери қызметшiлер мен әскери құрылымдардың тiршiлiк әрекетiн қамтамасыз ету мақсатында, Тараптардың ұлттық валюта айналымы мәселелерi Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi мен Ресей Федерациясының Орталық банкiсi арасындағы Келiсiмге сәйкес реттеледi.

  19-бап

      Полигон режимдi объект болып табылады. Оның барлауға қарсы қамтамасыз етiлуi Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы Қазақстан Республикасы аумағында уақытша орналасқан Ресей Федерациясының әскери құрамалары мен олардың құрамына кiретiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастық және әрекеттестiк туралы Келiсiмге сәйкес жүзеге асырылады.
      Полигондағы режимдiк шаралар Ресей Федерациясы Қарулы Күштерiнде қабылданған тәртiппен Полигонның басшылығымен ұйымдастырылады және жүзеге асырылады.
      Полигон объектiлерiне Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi және Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери бөлiмдерi, сондай-ақ Тараптардың өнеркәсiп ұйымдарының өкiлдерiн жiберу - келiсiлген тәжiрибе-конструкторлық, ғылыми-зерттеу жұмыстарының тiзбелерi, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң тактикалық жаттығуларының жоспарлары және аталған бөлiмдер мен ұйымдардың шектелген сұранымдары негiзiнде жүзеге асырылады.
      Полигонға Қазақстан Республикасының ресми адамдарын олардың қызмет мiндеттерiн орындау үшiн жiберу Қазақстан Республикасының iс жүзіндегі нормативтi актiлерiмен, сондай-ақ Полигон туралы Ережемен анықталған тәртiпте iске асырылады.
      Полигонда үшiншi елдер азаматтарының болуы Тараптардың белгiленген тәртiбiмен келiсiледi.

  20-бап

      Қазақстан Республикасы арнайы органдар құра алады және қажет болғанда, Полигонда шартты жалға беру жөнiндегi шартты орындауға байланысты барлық мәселелердi шешу үшiн олардың өкiлдерiн Полигонға жiбере алады.

  21-бап

      Осы Келiсiмдi орындау бойынша Тараптардың қызметiн үйлестiру Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1994 жылғы 28 наурыздағы әскери ынтымақтастық туралы Шартқа сәйкес құрылатын Бiрлескен комитетпен жүзеге асырылады. Осыған орай Бiрлескен комитет пайда болатын даулы мәселелер бойынша өз өкiлдiгi шеңберiнде шешiмдер қабылдайды. Басқа жағдайларда ол Тараптар Yкiметтерiне тиiстi ұсыныстар енгiзедi.

  22-бап

      Осы Келiсiмге Тараптардың өзара келiсуi негiзiнде өзгертулер мен түзетулер енгiзiлуi мүмкiн.
      Келiсiм он жыл мерзiмге жасалады. Оның күшi, егерде бiр Тарап екiншi Тарапқа әрбiр он жылдық мерзiмнiң бiтуiне алты ай қалғанға дейiн оның қызметiн тоқтату туралы өз тiлегiн жазбаша түрде хабарламаса, оның қызметi кейiнгi он жылға өзiнен-өзi ұзартылады.
      Егерде Тараптар жалға беру шарттары туралы келiсiлген шешiмге келмесе немесе Тараптар бұл шарттарды орындамаса осы Келiсiмнiң қызметi тоқтатылады.
      Осы Келiсiм қол қойылған күннен бастап уақытша қолданылады және Тараптардың оның күшiне енуiне қажеттi мемлекетаралық рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы мәлiмдемесiнен кейiнгi күнi күшiне енедi.
      1995 жылы 20 қаңтарда Мәскеуде әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiнде екi дана болып жасалынды, сондай-ақ екi текстiң күшi бiрдей.

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ           РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ
           ҮШІН                              ҮШІН

                                      Қазақстан Республикасы мен
                                     Ресей Федерациясы арасындағы
                                    Эмба полигонын пайдалану және
                                      жалға беру шарттары туралы
                                           Келiсiмге Қосымша

       "Эмба" Полигонының жер учаскелерiнің шекарасын
  анықтайтын геодезиялық белгiлер мен негiзгi нүктелер
                      координаталарының
                           ТIЗБЕСI

Негiзгi
нүкте
номері

Геодезиялық
белгінің аты

Тiкбұрышты
координаталар
Х (м)
______
У (м)

Географиялық
координаталар
солтүстiк ендiк
(град. мин.)
____________
шығыс бойлық
(град. мин.)

1

2

3

4

27


 5 409 131
10 582 487

48 49
58 08

1


 5 404 450
10 583 230

48 46
58 08

2

234 белгі

 5 400 655
10 583 320

48 44
58 08

3


 5 398 020
10 586 990

48 42
58 11

4

299 белгі
Лопуховый

 5 395 665
10 588 169

48 41
58 12

5

266 белгі
Вытянутый

 5 368 749
10 584 115

48 36
58 08

6

253 белгі
Қарағандымола

 5 369 062
10 583 062

48 27
58 07

7

316 белгі
Арыстан

 5 340 141
10 597 401

48 11
58 19

8


 5 326 600
10 589 700

48 04
58 12

9

313 белгі
Ақтөркөл қ.

 5 280 440
10 601 500

47 39
58 21

10


 5 273 200
10 603 900

47 35
58 23

11


 5 264 100
10 604 200

47 30
58 26

12

287 белгі
Бес Балка

 5 259 695
10 603 867

47 28
58 23

13


 5 259 610
10 584 000

47 28
56 06

14


 5 180 000
10 584 000

46 45
58 06

15


 5 180 000
10 560 000

46 45
57 47

16


 5 247 200
10 564 400

47 21
57 51

17


 5 318 900
10 535 800

48 00
57 29

18


 5 333 500
10 535 850

48 08
57 29

19


 5 344 280
10 540 620

48 14
57 33

20


 5 370 080
10 582 165

48 28
57 42

21


 5 378 380
10 564 050

48 32
57 52

22

232 белгі
Обрыв

 5 386 921
10 569 280

48 36
57 56

23


 5 392 900
10 573 670

48 40
58 00

24


 5 393 100
10 570 090

48 40
57 57

25


 5 394 580
10 570 355

48 41
57 57

26


 5 407 395
10 578 460

48 48
58 04

27


 5 409 131
10 582 487

48 49
58 08


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады