Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 10 шiлдедегi N 681 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 шілдедегі N 717 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 наурыздағы № 272 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.03.25 № 272 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салуларды, кейбiр кедендiк режимдерге орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбелерiн, сондай-ақ жекелеген кедендiк режимдерге орналастырған тауарлармен жасалатын операцияларды жүргізуге арналған тыйым салулар мен шектеулердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 10 шiлдедегі N 681  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 29, 284-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1. Кедендiк аумақта тауарларды қайта өңдеудiң, көлiктiң жекелеген түрлерiмен тасымалданатын тауарлардың экспорты мен кейiннен темiр жол көлігіне тиелетiн, су көлiгiмен тасымалданатын тауарлардың керi экспортын қоспағанда, тауарлардың керi экспортының кедендiк режимдерiне сәйкес қосымшаларға сай Қазақстан Республикасы өндiретiн ағаш материалдарын, кесiлген ағаш материалдарын және сүректен жасалған жекелеген бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салынсын.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады