Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 наурыздағы N 345 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 шілдедегі N 723 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 қыркүйектегі № 970 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 № 970 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының орнықты даму жөніндегі кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 наурыздағы N 345  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 15, 186-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) Қазақстан Республикасының орнықты даму жөніндегі кеңесінің құрамына мыналар енгізілсін:

Ахметов                    - Қазақстан Республикасының
Даниал Кенжетайұлы           Премьер-Министрі, төраға

Абайділдин                 - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Талғатбек Жәмшитұлы          ортаны қорғау вице-министрі, хатшы

Нығматулин                 - Қазақстан Республикасы Парламентінің
Ерлан Зайроллаұлы            Мәжілісі Экология және табиғатты
                             пайдалану мәселелері комитетінің
                             төрағасы (келісім бойынша)

Әйтімова                   - Қазақстан Республикасының
Бірғаным Сарықызы            Білім және ғылым министрі

Балиева                    - Қазақстан Республикасының
Зағипа Яхияқызы              Әділет министрі

Досаев                     - Қазақстан Республикасының
Ерболат Асқарбекұлы          Денсаулық сақтау министрі

Дунаев                     - Қазақстан Республикасының
Арман Ғалиасқарұлы           Қаржы министрі

Қосыбаев                   - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
Есетжан Мұратұлы             ақпарат және спорт министрі

Нағманов                   - Қазақстан Республикасының
Қажымұрат Ыбырайұлы          Көлік және коммуникация министрі

Тоқаев                     - Қазақстан Республикасының
Қасымжомарт Кемелұлы         Сыртқы істер министрі

Үмбетов                    - Қазақстан Республикасының
Серік Әбікенұлы              Ауыл шаруашылығы министрі

Школьник                   - Қазақстан Республикасының Энергетика
Владимир Сергеевич           және минералдық ресурстар министрі

Кравченко                  - Қазақстан Республикасының Индустрия
Иван Михайлович              және сауда бірінші вице-министрі

Есенов                     - Қазақстан Республикасының Қызылорда
Марат Сағынтайұлы            облысы әкімінің орынбасары

Кәрімов                    - Қазақстан Республикасының Шығыс
Айбек Мүталапханұлы          Қазақстан облысы әкімінің орынбасары

Наймушина                  - Қазақстан Республикасының Ақмола
Ольга Вадимовна              облысы әкімінің орынбасары;

      "Мұқашев Сиязбек Өнербекұлы - Қазақстан Республикасының Тәуелсіз кәсіподақтар федерациясының төрағасы (келісім бойынша)" деген жолдағы "Тәуелсіз" деген сөз алынып тасталсын;

      көрсетілген құрамнан Марченко Григорий Александрович, Бекниязов Болат Қабыкенұлы, Сыздықов Тито Уахапұлы, Әбусейітов Қайрат Қуатұлы, Белоног Анатолий Александрович, Рябченко Олег Григорьевич, Айтекенов Қайрат Медыбайұлы, Айтжанов Дулат Нулиұлы, Аманшаев Ермек Әмірханұлы, Асанов Жақып Қажманұлы, Қошанов Ерлан Жақанұлы, Бектұрғанов Нұралы Сұлтанұлы, Дүйсенова Тамара Босымбекқызы, Исекешев Әсет Өрентайұлы, Ысқақов Нұрлан Әбділдаұлы, Оразбаев Бірлік Есіркепұлы, Өзбеков Ғани Нұрмаханбетұлы, Әділбеков Дәурен Зекенұлы, Ретаев Серік Сәлімұлы, Селіханов Дүйсембай Мағзұмұлы шығарылсын;

      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының орнықты даму жөніндегі кеңесі туралы ережеде:
      8-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады