Қазақстан Республикасының орнықты даму жөнiндегi кеңесi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 наурыздағы N 345 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 қыркүйектегі № 970 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 № 970 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының орнықты дамуға тиiмдi көшуi үшiн мемлекеттiк саясатты қалыптастыру, ведомствоаралық үйлестiрудi және сектораралық ықпалдасуды күшейту жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Қазақстан Республикасының орнықты даму жөнiндегi кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) құрылсын.

      2. Қоса берiлiп отырған Кеңес туралы ереже бекiтiлсiн.

      3. Мыналардың:
      1) "Рио+10" тұрақты даму жөнiндегi Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзiлiк Саммитiне дайындық және 21-ғасырға арналған Қазақстандық Күн Тәртiбiн әзiрлеу жөнiндегi ведомствоаралық комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 15 сәуiрдегi N 430 қаулысының;
      2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 12 қыркүйектегi N 922 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 37, 374-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстердiң 4-тармағының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Yкiметiнiң       
2004 жылғы 19 наурыздағы
N 345 қаулысына    
қосымша         

Қазақстан Республикасының орнықты даму жөніндегі кеңесінің
құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары
      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, төрағаның орынбасары
      Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, төрағаның орынбасары
      Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрі, төрағаның орынбасары
      Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Стратегиялық жоспарлау және мониторинг департаментінің директоры, хатшы

Кеңес мүшелері:

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
      Қазақстан Республикасының Әділет министрі
      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі
      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі
      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі
      Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі
      Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі
      Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі
      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі
      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі
      Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі
      Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) төрағасы
      Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы
      Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы
      Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің төрағасы
      Астана қаласының әкімі (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Экология және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы (келісім бойынша)
      «Жасыл көпір» әріптестік бағдарламасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі (келісім бойынша)
      «Қазақстан Республикасының орнықты дамуына көмектесу» орталығының директоры (келісім бойынша)
      «Қазақстан фермерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының президенті (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасының кәсіпкерлері форумының төрағасы (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдары экологиялық форумының төрағасы (келісім бойынша)
      Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы Даму бағдарламасы Энергетика және қоршаған орта мен су ресурстары департаментінің басшысы (келісім бойынша)
      Дүниежүзілік Банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі (келісім бойынша)
      Орнықты дамуға арналған табиғат пайдаланушылардың қазақстандық қауымдастығы Директорлар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)
      Орнықты өндіріс пен тұтыну орталығының президенті (келісім бойынша)
      Орталық Азия Өңірлік экологиялық орталығының атқарушы директоры (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы 
Yкiметiнiң       
2004 жылғы 19 наурыздағы
N 345 қаулысымен   
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасының
орнықты даму жөнiндегi кеңесi туралы
ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Орнықты даму жөнiндегi кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесшi органы болып табылады.
      2. Кеңес қызметiнiң басты мақсаты орнықты даму және мемлекеттiк органдардың, жеке сектордың және қоғамдық ұйымдардың сектораралық ынтымақтастығы негiзiнде орнықты даму жөнiндегi Дүниежүзiлiк саммиттiң шешiмдерiн орындау мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк саясатты қалыптастыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы дамуының экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық секторларының ықпалдасуына жәрдемдесу болып табылады.
      3. Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiн, Қазақстан Республикасы Президентiнiң кесiмдерiн және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарды, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

2. Кеңес қызметiнiң негiзгi мiндеттерi мен бағыттары

      4. Кеңестiң мiндеттерi:
      1) орнықты даму мақсатына қол жеткiзу жөнiнде елдiң және халықаралық қауымдастықтың күш-жiгерiн шоғырландыру үшiн экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық саясатының ықпалдасуына жәрдемдесу;
      2) орнықты даму қағидаттарының стратегиялық жоспарлауға және әлеуметтiк-экономикалық дамуды басқаруға ықпалдасуына жәрдемдесу;
      3) орнықты даму саласындағы шешiмдердi орындау, сондай-ақ орнықты дамудың мемлекеттiк, салалық бағдарламаларын, аумақтарды дамытудың 5 жылға арналған бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру жөнiндегi мемлекеттiк органдардың, қоғамның мүдделi топтарының қызметiне жәрдемдесу;
      4) орнықты дамудың институционалдық құрылымдарының қызметiне жәрдемдесу;
      5) ұлттық және халықаралық деңгейлерде орнықты даму саласында Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзу болып табылады.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.10.29 N 1703 Қаулысымен.
      5. Кеңес функциялары мынадай бағыттар бойынша ұсыныстар әзiрлеу болып табылады:
      1) өндiріс пен тұтынудың орнықты модельдерiн енгiзу;
      2) шөлейттенуге қарсы күрес;
      3) экологиялық және гендерлік аспектiлердi ескере отырып, кедейлiкке қарсы күрес;
      4) биологиялық әртүрлiлiктi және мәдени мұраны сақтау;
      5) орнықты көлiк жүйелерiн дамыту;
      6) шығарындыларды, оның iшiнде парник газдары мен озон бүлдiретiн заттарды азайту;
      7) ауыз суға қол жеткiзу, трансшекаралық, оның iшiнде су проблемаларын шешу;
      8) жаңа және экологиялық қауiпсiз технологияларды пайдалану;
      9) энергия тиiмділiгi және энергия үнемдеу;
      10) радиациялық және химиялық қауiпсiздiк әрi қалдықтарды басқару;
      11) халықтың денсаулығына экологиялық қатерлердiң алдын алу және азайту;
      12) жаһандану және сауда;
      13) орнықты даму жөнiндегi бағдарламаларды әзiрлеу, бiлiм беру және ақпараттық инфрақұрылым;
      14) орнықты дамудың өңірлік проблемалары.
      Орнықты даму мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк органдар мен жұртшылықты хабардар ету. Орнықты даму мәселелері бойынша жыл сайынғы есеп берудi дайындау және оны жариялау. Орнықты даму мақсатына қол жеткiзу жөнiнде Қазақстанның прогресi туралы халықаралық ұйымдарға ақпарат беру.
      Орнықты дамуға көшу жөнiндегi прогресс мониторингi және бағалау әрi орнықты даму көрсеткiштерi мен индикаторларын әзiрлеу және енгiзу жөнiндегi ұсыныстарды енгiзу.
      Орнықты дамудың аумақтық және салалық жобаларын ақпараттық қамтамасыз ету, сондай-ақ орнықты даму жөнiндегi модельдiк жобаларды әзiрлеуге жәрдемдесу.

3. Кеңес құрамы

      6. Кеңес төраға, төрағаның орынбасары, оның мүшелерi мен хатшысының құрамында қалыптастырылады.
      7. Кеңес мүшелерi мемлекеттiк органдар басшылары мен өкiлдерiнен тағайындалады. Кеңес құрамына келiсiм бойынша Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары, ғылыми, үкiметтiк емес, жеке және басқа да ұйымдардың өкiлдерi, ғалымдар мен мамандар енгiзiледi.
      Кеңестің лауазымдық құрамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
      8. Кеңес төрағасы:
      1) Кеңестiң қызметiне оның отырыстарының аралығында жетекшiлiк жасайды;
      2) Кеңестiң отырыстарына төрағалық етедi. Төраға болмағанда, оның тапсырмасы бойынша отырыстарға Кеңес төрағасы орынбасарларының бiрi төрағалық етедi;
      3) Кеңестiң отырыстарында қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
      4) әртүрлi кеңестерде, кездесулерде және халықаралық форумдарда Кеңестi бiлдiредi;
      5) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.07.12. N 723 қаулысымен.
      6) Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кесiмдерiмен және тапсырмаларымен көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.07.12. N 723 қаулысымен.
      9. Кеңес мүшелері ұсыныстар енгiзедi, ақпарат және басқа да материалдарды бередi, күн тәртiбiндегi мәселелердi және оның отырыстары шешімдерiнiң жобаларын талқылауға қатысады. Кеңес мүшелерi өзiнiң отырыстарына ауыстыру құқығынсыз қатысады.
      10. Кеңес хатшысы:
      1) Кеңес жұмысының жоспарын әзiрлеудi қамтамасыз етедi;
      2) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен;
      3) Кеңес отырысы өткізілгеннен кейін хаттама ресімдейді.
      4) Кеңес мүшелерiн және халықаралық ұйымдардан шақырылған өкілдерді Кеңестiң кезектi отырысын өткiзу орны, уақыты мен күн тәртiбi туралы хабарландырады, оларды қажеттi материалдармен уақтылы қамтамасыз етедi;
      5) Кеңес отырыстары хаттамаларының үзiндiсiн өз қолымен куәландырады.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

  4. Кеңес жұмысының тәртiбi

      11. Кеңес отырысы қажеттілігіне қарай тоқсанына бір реттен сиретпей Кеңес төрағасы айқындайтын мерзімде өткізіледі. Кеңес отырысында орнықты даму бойынша мемлекеттік және салалық бағдарламаларды орындау туралы есептер тыңдалады және Кеңес қызметінің қорытындысы және нәтижелері қорытылады. Кеңес отырыстарда күн тәртібіне сәйкес есептерді қарайды және барлық қойылған мәселе бойынша арнаулы шешімдер шығарады.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
      12. Кеңес шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға қатысып отырған Кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру Кеңес отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру арқылы өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
      Кеңес мүшелерiнiң ерекше пiкiрге құқығы бар, оны бiлдiрген жағдайда, жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген Кеңес отырысының есеп-хатына қоса берілуі тиiс.
      Кеңес отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
      Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, Кеңес хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын кеңес мүшелеріне келісу үшін жібереді.
      Кеңес мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не келіспеу туралы себептерін негіздей отырып жауап береді.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
      13. Кеңес өз құзыретi шегінде:
      1) орнықты даму мәселелері бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу жөнiндегi ұсыныстарды енгiзуге;
      2) мемлекеттік органдар мен ұйымдардан қажеттi құжаттарды, материалдар мен ақпаратты сұратуға;
      3) консультациялар мен ақпаратты беру үшiн сарапшыларды тартуға, орнықты даму мәселелерi жөнiндегi жұмыстарды қарау және орындау үшiн жедел жұмыс топтарын құру жөнiндегi ұсыныстарды енгiзуге, халықаралық ұйымдар өкiлдерi мен бақылаушыларды шақыруға;
      4) орнықты даму жөнiндегi аумақтық кеңестердi құруға жәрдемдесуге, жұмыс туралы ақпаратты сұратуға, нәтижелердi қорытуға және орнықты даму жөнiндегi аумақтық кеңестер мен өзге де консультативтiк-кеңесшi органдарының қызметiн жоспарлау жөнiндегi ұсыныстарды енгiзуге құқылы.

  5. Кеңес қызметін қамтамасыз ету

      14. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.
      Кеңестің жұмыс органы Кеңес жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде Кеңес отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар Кеңес отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса Кеңес мүшелеріне жіберілуі тиіс.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
      15. Дауыс беру парақтарымен қоса, Кеңес материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды Кеңестің жұмыс органы жүзеге асырады.
      Ескерту. Ереже 15-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады