"Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық орталығы" мемлекеттік мекемесiн құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 шілдедегі N 730 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
 

      1. "Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық орталығы" мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) және оның облыстарда, Астана және Алматы қалаларында филиалдары құрылсын.
 

      2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Мекеменiң жарғысын бекiтсiн және оның әділет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
 

      3. Мекеменi қаржыландыру Қазақстан Республикасының республикалық бюджетiнде көзделген қаражат есебiнен және шегінде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
 

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Мекеме мен оның филиалдарының мұқтаждары үшiн үй-жай берудi қамтамасыз етсін.
 

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады