Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 24 ақпандағы N 288 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі N 743 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 887 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 28.12.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) № 887 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлiк құралдарын пайдалануды реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 24 ақпандағы N 288 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Арнайы су көлігінің тиесілілiк табелінде:

      "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi" деген бөлiмде:

      "Өзен" деген бағанда:

      "Жамбыл" және "Маңғыстау" деген жолдардағы тиiсiнше "1" және "2" деген сандар алынып тасталсын;

      "Қарағанды" және "Павлодар" деген жолдар тиiсiнше "1" және "2" деген сандармен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады