Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 47 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі N 744 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 339 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.15  N 339 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 47  қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген министрлiктердің, агенттiктер мен ведомстволардың қызметкерлерi штат санының лимиттерiнде:
      реттiк нөмiрi 5-жолда, "Штат санының лимитi" деген 3-бағандағы:
      "299" деген сандар "321" деген сандармен ауыстырылсын;
      "553" деген сандар "558" деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмiрi 15-жолда:
      "Атауы" деген 2-бағандағы:
      "бұдан басқа:
      Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Женева қаласындағы (Швейцария Конфедерациясы) өкiлi" деген сөздер алынып тасталсын;
      "Штат санының лимитi" деген 3-бағандағы "5" деген сан алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгiзiледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады