Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 4 сәуiрдегi N 327 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 шілдедегі N 765 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 наурыздағы № 243 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.03.30 № 243 Қаулысымен.

      "Шағын кәсіпкерлiктi мемлекеттік қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Шағын кәсiпкерлiк субъектілерiне республикалық мемлекеттiк меншiктiң пайдаланылмайтын объектілерiн кейiннен меншiкке өтеусiз беру құқығымен мүлiктiк жалға алуға (жалға беруге) немесе сенiмгерлiк басқаруға беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 4 сәуiрдегі N 327  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 15, 156-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      тақырыбындағы және 1-тармақтағы "республикалық" деген сөз алынып тасталсын;
      2-тармақ алынып тасталсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне республикалық мемлекеттiк меншiктiң пайдаланылмайтын объектiлерiн кейiннен меншiкке өтеусiз беру құқығымен мүлiктік жалға алуға (жалға беруге) немесе сенiмгерлiк басқаруға беру ережесiнде:
      тақырыбындағы және мәтiндегi "республикалық" деген сөз алынып тасталсын;
      3-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "Республикалық мемлекеттік меншiк объектілерi бойынша тендерлерді аумақтық және өңiрлiк мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитеттерi (бұдан әрi - аумақтық органдар) өткiзедi.
      Коммуналдық мемлекеттік меншiк объектілерi бойынша тендерлердi коммуналдық мемлекеттік меншiкке билiк етуге уәкілеттi атқарушы органдар өткiзедi.";
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Шағын кәсiпкерлiк субъектілерiне беру жөнiндегi тендерге бiр жылдан астам мақсаты бойынша пайдаланылмаған, аумақтық органдар (коммуналдық мемлекеттік меншiкке билiк етуге уәкілеттi атқарушы органдар) мен мемлекеттік басқару органдары өкілдерінiң ұйымдарға қатысты ұйымдар мүлкінің тиiмдi және мақсатты пайдаланылуына жыл сайынғы жүргiзген тексерулерi барысында айқындалған объектілер қойылады.";
      5, 8, 31, 33, 37, 38, 40, 41 және 42-тармақтарда "комитеттер", "комитет", "комитеттiң", "комитеттердің" және "комитетке" деген сөздер "органдар (коммуналдық мемлекеттiк меншiкке билiк етуге уәкiлетті атқарушы органдар)", "орган (коммуналдық мемлекеттік меншікке билiк етуге уәкілеттi атқарушы орган)", "органның (коммуналдық мемлекеттiк меншiкке билiк етуге уәкілеттi атқарушы органның)", "органдардың (коммуналдық мемлекеттiк меншiкке билiк етуге уәкiлеттi атқарушы органдардың)" және "органға (коммуналдық мемлекеттiк меншiкке билiк етуге уәкілеттi атқарушы органға)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Объектiлердi тендерге қою мемлекеттiк басқару органымен келiсiлуi тиiс. Республикалық мемлекеттiк меншiктегi объектілердi тендерге қоюды аумақтық органдар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен қосымша келiседі.";
      8-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Республикалық мемлекеттiк меншiктегi объектiлер бойынша комиссияның құрамына аумақтық органдар мен мүдделi министрлiктердiң, агенттіктердің, ведомстволардың немесе олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң өкiлдерiнен басқа жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлдерi (келiсiм бойынша) енгiзiлуi мүмкiн. Аумақтық органның өкiлi комиссия төрағасы болып табылады.
      Коммуналдық мемлекеттiк меншіктегі объектілер бойынша комиссияның құрамына жергілiкті атқарушы органдардың өкiлдерiнен басқа министрлiктердің, агенттiктердiң, ведомстволардың немесе олардың аумақтық бөлiмшелерінің (келiсiм бойынша) өкілдерi енгiзiлуi мүмкiн. Коммуналдық мемлекеттiк меншiкке билiк етуге уәкілеттi атқарушы органның өкiлi комиссия төрағасы болып табылады.";
      9-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "7-1) өтiнiштерiне қарай тендерге қатысушыларға беру үшiн тендерлiк құжаттама жиынтығын дайындайды.";
      11-тармақ алынып тасталсын;
      12-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Объектілер бойынша ақпараттық хабарламалар мерзiмдi баспа басылымдарында тендер өткiзу жарияланған күнге дейiн 15 күн бұрын мемлекеттік және орыс тiлдерiнде жариялануға және мынадай мәлiметтердi:";
      13-тармақ алынып тасталсын;
      16-тармақтағы "қамтамасыз етуге мiндетті" деген сөздер "қамтамасыз етедi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      20-тармақтың қазақ тiлiндегi мәтiнiнде:
      1) тармақшадағы "қатысуға" деген сөз "қатысуы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) тармақшадағы "алуға" деген сөз "алуы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3) тармақшадағы "қарауға" деген сөз "қарауы" деген сөзбен
ауыстырылсын;
      4) тармақшадағы "жүгінуге" деген сөз "жүгiнуi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      5) тармақшадағы "алуға құқылы" деген сөздер "алуы мүмкiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      22-тармақтың екiншi абзацындағы "қатысуға құқығы бар" деген сөздер "қатысуы мүмкiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      31-тармақтың екiншi абзацы алынып тасталсын;
      32-тармақтың 5) тармақшасы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Шартта мiндетті түрде, егер өндiрiстiк қызмет және халыққа қызметтер көрсету шарт жасалған күннен бастап алты ай iшiнде ұйымдастырылмаған жағдайда, оның бұзылуға жататындығы көзделуi тиiс.";
      42-тармақтағы "республикалық" деген сөз "мемлекеттiк" деген сөзбен ауыстырылсын;
      Ережеге қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтізбелiк күн өткеннен кейiн қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                 Шағын кәсiпкерлiк субъектілерiне
                                      мемлекеттiк меншiктің
                              пайдаланылмайтын объектілерін кейiннен
                                 меншiкке өтеусiз беру құқығымен
                                мүлiктiк жалға алуға (жалға беруге)
                                 немесе сенiмгерлік басқаруға беру
                                        ережесiне қосымша

          Объектiнi шағын кәсiпкерлiк субъектiсiне
                меншiкке өтеусiз беру туралы
                        YЛГIЛIК ШАРТ

_____________қаласы              200__жылғы "__"_________N______

      Бұдан әрi "Уәкілеттi орган" деп аталатын______________________
____________________________________________________________________
          (Ереженi бекiткен мемлекеттiк орган атауы)
 
200__жылғы "__"_____ N __бұйрығымен бекiтiлген______________________
                                                 (аумақтық органның
____________________________________________________________________
(коммуналдық мемлекеттiк меншiкке билiк етуге уәкiлеттi атқарушы
 
____________________________________________________________туралы
органның) атауы)
 
Ереженің негiзiнде әрекет ететiн____________________________________
____________________________________________________________________
(аумақтық органның (коммуналдық мемлекеттiк меншiкке билiк етуге
______________________________, _________________________ тұрғысында
уәкiлеттi атқарушы органның) атауы) (уәкілеттi тұлғаның аты-жөнi)
 
бiр тараптан және бұдан әрi "Кәсіпкер" деп аталатын_________________
____________________________________________ негiзiнде әрекет ететiн
(заңды тұлғаның толық атауы мен орналасқан жерi
____________________________________________________________________
   немесе жеке тұлғаның аты-жөнi мен мекен-жайы)
 
шағын кәсiпкерлiк субъектiсi_______________________тұрғысында екiншi
                          (уәкілеттi тұлғаның аты-жөнi)
 
тараптан мына төмендегілер туралы осы шартты жасасты.

                      1. Шарттың мәнi

      1. Кәсiпкер оны сатып алу құқығын Уәкілеттi органдағы
200_жылғы "__"_________тендерде, тендер хаттамасының N___ және
Уәкілетті органның 200__ жылғы "__"_______N_____мүліктiк жалға алу
(сенiмгерлiк басқару) шарты талаптарының орындалуы туралы
200_жылғы "__"______N______ бұйрығымен құрылған комиссия,
200__жылғы "__"_____N________ және 200__жылғы "___"_____N_____
хаттамалар, қорытындысының негiзiнде иеленген бұдан әрi "Объект"
деп аталатын алаңы_________________шаршы метр __________________
мекен-жайында орналасқан _______________________________________
________________________________________________________________
                   (объектiнiң атауы)
Кәсіпкердің меншiгiне өтеусiз беру Шарттың мәнi болып табылады.
      2. Уәкілеттi орган бередi, ал Кәсіпкер жалға беру (сенiмгерлiк басқару) шартын жасасу сәтiнде қалдық сомасы____________теңге объектiні өтеусiз сатып алады.
        (жазумен)        
      Объектiнi беру осы шарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын Объектi қабылдау-беру актiсiнің негiзiнде жүзеге асырылады.
      3. Осы шарт қолданыстағы заңнамада көзделген тәртiппен мемлекеттiк тiркелуге жатады.

           2. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi

      4. Уәкілеттi орган осы шарт жасалған сәттен бастап 3 күннiң iшiнде қабылдау-беру актiсi бойынша Объектiнi Кәсiпкерге беруге мiндеттенедi. Уәкілеттi орган Объектiнi кәсiпкердің меншiгiне
берген сәттен бастап үш жыл iшiнде объектiнiң ______________________
____________________________________________________________________
     (шағын кәсiпкерлiк субъектiсi қызметiнiң түрiн көрсету)
 
мақсаттарда пайдаланылу тұрғысына тексерулер жүргiзуге құқылы.
      5. Кәсiпкер үш жыл iшiнде объектiнi___________________________
____________________________________________________________________
     (шағын кәсiпкерлiк субъектiсi қызметiнiң түрiн көрсету)
 
мақсаттарда пайдалануға мiндеттенедi.
      Кәсіпкер үш жыл iшiнде Объектіге билiк етудi Уәкілетті органның келiсiмi болған кезде ғана жүзеге асыра алады.
      6. Объект мақсаттан тыс пайдаланылған жағдайда, Кәсiпкер объектінің сақталуын қамтамасыз етпеумен байланысты келтiрiлген материалдық залалдың орнын толтыра отырып, объектiнi Уәкiлеттi органға қайтаруға мiндеттi.

3. Қосымша шарттар

      7. Осы шарт оның мемлекеттік тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
      8. Шарт заңдық күшi бiрдей мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде төрт данада жасалды, оның екеуi Уәкілеттi органда, екеуi Кәсiпкерге қалдырылады.

        4. Тараптардың орналасқан жерi мен қолдары

____________________________    __________________________________
Уәкілетті органның атауы        заңды тұлғаның атауы немесе жеке
                                тұлғаның аты-жөнi
_____________________қаласы     ___________________________қаласы
_____________________көшесi     ___________________________көшесi
үйiнiң N _________________      үйiнің N__________________________
телефоны__________________      телефоны_________________________
Уәкілеттi орган басшысының      Басшы____________________________
лауазымы

                            М.О.                                М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады