"Оңтүстiк" арнайы экономикалық аймағын құру жөнiндегi шұғыл шаралар туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 шілдедегі N 770 Қаулысы

      "Оңтүстiк" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 6 шiлдедегi N 1605  Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң "Оңтүстiк" арнайы экономикалық аймағының дирекциясы" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) құрылсын.

      2. Мекеме қызметiнiң негiзгi мәнi "Оңтүстiк" арнайы экономикалық аймағын (бұдан әрi - "Оңтүстiк" АЭА) басқару жөнiндегi функцияларды жүзеге асыру болып белгiленсiн.

      3. Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмiне "Оңтүстiк" АЭА-ны құруға және Мекеменiң қызметiн қамтамасыз етуге, инфрақұрылым объектiлерiн салуға, сондай-ақ өзге де күтпеген шығыстарға 2005 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттірмейтiн шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнің резервiнен 300000000 (үш жүз миллион)) теңге бөлiнсiн.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.11.29. N  1171 қаулысымен.

      4. Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi:
      1) Мекеменiң жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) Мекемеге жалпы алаңы 200 (екi жүз) гектар жер бөлудi белгiленген тәртiппен жүзеге асырсын;
      3) екi ай мерзiмде:
      "Оңтүстiк" АЭА-ны дамытудың 2005-2015 жылдарға арналған бағдарламасын;
      ЕурАзЭҚ сыртқы экономикалық қызметiнiң тауар номенклатурасына сәйкес "Оңтүстік" АЭА-ны құру мақсатына жету үшiн қажеттi тауарлар номенклатураларын;
      "Оңтүстiк" АЭА-ны құру мақсатына сәйкес келетiн қызмет түрлерi бойынша жұмыстар мен қызметтердiң тiзбесiн бекiту туралы шешiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн;
      4) 2005 жылғы 1 қыркүйекке дейiн "Оңтүстiк" АЭА-ның аумағы қоршауының құрылысын аяқтасын және Мекеменiң әкiмшiлiк ғимаратының құрылысына кiрiссiн;
      5) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады