"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 13 сәуiрдегi N 371 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 шілдедегі N 774 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 сәуiрдегi N 371  Жарлығына  өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің
ЖАРЛЫҒЫ Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 сәуiрдегi
N 371 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

      "Мемлекеттiк құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы Заңының  5-бабына  сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. "Мемлекеттiк органдардың мәлiметтердi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларына жатқызу жөнiндегi өкiлеттiктер берiлген лауазымды тұлғаларының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2000 жылғы 13 сәуiрдегi N 371  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 18, 186-құжат, 2004 ж., N 21, 263-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      аталған Жарлықпен бекiтiлген мемлекеттiк органдардың мәлiметтердi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларына жатқызу жөнiндегi өкiлеттiк берiлген лауазымды тұлғаларының тiзбесiнде:
      "Жалпы ережелер" деген бөлiмде:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші және төртіншi абзацтармен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы мен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысына "Мемлекеттiк құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11, 12, 13, 14-баптарында айқындалған барлық мәлiметтердi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларына жатқызу жөнiнде өкiлеттiк берiледi.
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi өзара келiсуден кейiн өздерiнiң құпияландыруға жататын мәлiметтердiң ведомстволық тiзбелерiн бекiтедi.";
      1-бөлiмде:
      1-бағанда:
      "Президент Әкiмшiлiгiнің Басшысы,", "Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы," деген сөздер алынып тасталсын;
      "Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiктің төрағасы" деген сөздер "Төтенше жағдайлар министрі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      он үшіншi абзацта "Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi агенттiктiң төрағасы" деген сөздер алынып тасталсын;
      жиырмасыншы, жиырма бiрiншi абзацтарда "Көлiк және коммуникациялар министрі" деген сөздер алынып тасталсын;
      2-бағанның 18) тармақшасында "шекара әскерлерi қызметiнiң негiзгi түрлерiн" деген сөздер "Ұлттық қауіпсiздiк комитетi Шекара қызметінің негiзгi қызмет түрлерiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-бөлiмде:
      1-бағанда:
      "Президент Әкiмшiлiгiнің Басшысы,", "Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы," деген сөздер алынып тасталсын;
      "Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттіктің төрағасы" деген сөздер "Төтенше жағдайлар министрі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      жиырма тоғызыншы абзацта "Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi агенттiктiң төрағасы" деген сөздер "Төтенше жағдайлар министрі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-бағанда:
      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "17) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының жаңа банкноталары мен монеталарын шығару және (немесе) оларды ауыстыру туралы мәлiметтер, егер оларды ауыстыру шешiм қабылданған күннен бастап және осы мәлiметтердi оларды айналысқа шығару туралы жариялау үшiн бұқаралық ақпарат құралдарына берген сәтке дейiн банкноталар мен монеталарды (мерейтойлық және атаулы күндерге арналғандардан басқа) айналыстан алып тастауға әкеп соқтыратын болса.";
      18) тармақшада "Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттарын," деген сөздер алынып тасталсын;
      30) тармақшаның мемлекеттiк тiлдегi мәтiнi өзгерiссiз қалдырылсын;
      3-бөлiмде:
      1-бағанда:
      "Президент Әкімшілігінің Басшысы,", "Премьер-Министр Кеңсесiнің Басшысы," деген сөздер алынып тасталсын;
      алтыншы абзацта "Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiктiң төрағасы" деген сөздер "Төтенше жағдайлар министрi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-бағанның 4) тармақшасында "бекіту," деген сөз алынып тасталсын;
      4-бөлiмде:
      1-бағанда:
      "Президент Әкiмшілiгiнiң Басшысы,", "Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы," деген сөздер алынып тасталсын;
      он төртiншi абзац ", Қаржы министрі" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-бағанда:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) Барлау, қарсы барлау қызметiнiң күштерiн, құралдарын, көздерiн, әдiстерiн, жоспарларын, жай-күйiн, ұйымдастырылуын, нәтижелерiн, сондай-ақ қылмыстық процесте қылмыстық iстi дұрыс шешу үшiн маңызы бар нақты деректер ретiнде пайдаланылмаған жедел-iздестiру қызметiнiң нәтижелерiн ашып көрсететiн мәлiметтер. Барлау, қарсы барлау, жедел-iздестiру қызметiн қаржыландыру туралы деректер, егер олар санамаланған мөлiметтердi ашып көрсететiн болса.";
      8), 9) тармақшаларда "шекара әскерлерiнiң" деген сөздер "Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      13) тармақшада "нақты адамдардың ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi бөлiмшелерге қатыстылығын" деген сөздер "ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi бөлiмшелердiң күштерiн, құралдарын және әдiстерiн" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Мемлекеттiк органдар үш ай мерзiмде өздерiнің құпияландыруға жататын мәлiметтердің ведомстволық (салалық) тiзбелерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады