1. "Мемлекеттiк бюджеттің есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтік iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi N 1428
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 41, 461-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ережеде:
1-тармақтың бiрiншi абзацы "орындау үшiн" деген сөздерден кейiн "сондай-ақ кәсiптiк деңгейi мен бiлiктілiгiн арттыру және қайта даярлану" деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармақта:
1) тармақшадағы "айлық есептiк көрсеткiштiң 50 пайызы" деген сөздер "бiр айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшада:
"депутаттары үшiн" деген сөздер "депутаттары, Жоғарғы Сот судьялары үшiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
"және Алматы" деген сөздер ", Алматы, Атырау, Ақтау және Байқоңыр" деген сөздермен ауыстырылсын;
"жетi есе", "төрт есе", "үш есе" және "екi есе" деген сөздер тиiсiнше "он есе", "бес есе" "төрт есе" және "үш есе" деген сөздермен ауыстырылсын.