Бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызметтi лицензиялаудың кейбiр мәселелерi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 шілдедегі N 786 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасында өкілеттіктердiң аражiгiн ажырату және бюджеттiк қатынастар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 20 желтоқсандағы N 13  Заңын iске асыру және бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызметтi лицензиялау тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны одан әрi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1.  (Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.11.09.  N 1063 (ресми жарияланған күнінен бастап жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

             2. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
      реттiк нөмiрi 27-жолдағы 3-баған мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "заңды және жеке тұлғалардың бiрiншi, екiншi және үшiншi санаттағы спорт құрылыстарында дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызметi, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру, спорт клубтарының, орталықтардың, секциялардың, жергiлiктi қоғамдық бiрлестіктердің, одақтардың, қауымдастықтардың (облыстық федерациялардың) дене шынықтыру және спорт жөнiндегi қызметi;";
      реттік нөмiрi 36-жолдағы 3-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "заңды және жеке тұлғалардың жоғары санаттағы спорт құрылыстарында дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызметi, сондай-ақ республикалық және өңiрлiк қоғамдық бiрлестiктердің, одақтардың, қауымдастықтардың (спорт түрлерi бойынша федерациялардың) дене шынықтыру және спорт жөнiндегі  қызметi;".

      3. "Бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызметті лицензиялау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1374  қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 49, 569-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң        
2005 жылғы 28 шілдедегі  
N 786 қаулысымен     
бекiтiлген        

  Бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда,
дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн көрсету
жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары

       Ескерту. Талаптарының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.11.09.  N 1063 (ресми жарияланған күнінен бастап жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң         
2005 жылғы 28 шілдедегі  
N 786 қаулысымен     
бекiтiлген       

  Бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда,
дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн көрсету
жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесi

      Ескерту. Ереженің күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.11.09.  N 1063 (ресми жарияланған күнінен бастап жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады