Қазақстан Республикасында биотехнологияны дамыту жөнiндегi кейбiр шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 тамыздағы N 802 Қаулысы

      Қазақстан Республикасында биотехнология саласындағы ғылымды дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Қазақстан Республикасының Биотехнология жөнiндегi ұлттық орталығы", "Республикалық микроорганизмдер коллекциясы", "Ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты", "Өсiмдiктер физиологиясы, генетикасы және биоинженерия институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындары Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Қазақстан Республикасының Биотехнология ұлттық орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi ғылым саласында өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру болып белгiленсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне Кәсiпорынның жарғысын бекiтуге ұсынсын;
      2) Кәсiпорынды әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Мыналар:
      1) "Прогресс" ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгiнiң технопаркi" ашық акционерлiк қоғамы;
      2) "Фармацевтикалық биотехнология институты" ашық акционерлiк қоғамы;
      3) "Биотехнология жөнiндегi бiлiм беру орталығы" ашық акционерлiк қоғамы таратылсын.

      5. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 4-тармағында көрсетілген заңды тұлғалардың таратылуына және кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлікті Кәсіпорынға беруге байланысты қажетті шараларды қабылдасын.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады