Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы "Жердi суландыру және дренаж жүйелерiн жетiлдiру" жобасының екiншi кезеңiн дайындауға грант бөлу туралы келiсiм-хаттың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi Серiк Әбiкенұлы Үмбетовке Қазақстан Республикасы атынан Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы "Жердi суландыру және дренаж жүйелерiн жетiлдiру" жобасының екiншi кезеңiн дайындауға грант бөлу туралы келiсiм-хатқа қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасы |
Әлемдік Банк 1818 H Street N.W. (202)477-1234
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ Washington, D.C. Кабельдік адрес:
ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ 20433 INTBAFRAD
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДАМУ U. S. A. Кабельдік адрес:
АССОЦИАЦИЯСЫ INDEVAS
2005 жылғы 29 сәуiр
05/282
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi
С.А.Yмбетов мырзаға
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi
Абай даңғылы, 49г
Астана қаласы 473000
Қазақстан Республикасы
Жапония Yкiметiнiң Жердi суландыру және дренаж жүйелерiн
жетiлдiру жөнiндегi жобаның екiншi кезеңiн дайындауға
арналған гранты - Грант N ТҒ 054598
Құрметтi Үмбетов мырза,
Халықаралық қайта құру және даму банкiнiң (бұдан әрi - Банк) атынан және Жапония Үкiметi ұсынған грант қаражатының әкiмшiсi ретiнде осымен Қазақстан Республикасына (бұдан әрi - Алушы) алты жүз мың (600 000) АҚШ долларынан аспайтын мөлшерде гранттың (бұдан әрi - Грант) бөлiнгенiне Банктiң келiскенiн бiлдiремiз.
Грант Алушының мақсаттарға қаржылық жәрдем көрсету туралы сұрау салуына жауапқа және осы Грант туралы келiсiм-хатқа Қосымшада көрсетiлген ережелер мен шарттарға сәйкес бөлiнедi. Алушы өзiнiң келiсiм жасасуға және көрсетiлген мақсаттар үшiн және көрсетiлген шарттарға сәйкес Грант қаражатын алуға уәкiлеттi екендiгiн мәлiмдейдi, оны төменде өзiнiң келiсiмiмен растайды.
Банк саясатына сәйкес осы Грант туралы келiсiм-хат және бұл мәселе бойынша кез келген ақпараттың осы Келiсiм-хат күшiне енгеннен және Алушы осы ақпаратты ашуға өз келiсiмiн бергеннен кейiн жалпыға бiрдей қолжетiмдi болатынына Сiздiң назарыңызды аударамын.
Өз қолыңызды және қол қойылған күндi қойып, осы Грант туралы келiсiм-хаттың қоса берiлген данасын Банкке қайтара отырып, Сiздiң Алушының атынан жоғарыда баяндалғанмен келiсетiнiңiздi растауыңызды сұраймыз. Банк осы Грант туралы келiсiм-хаттың Сiз қол қойған көшiрмесiн алғаннан кейiн Грант туралы келiсiм-хат Сiздiң тарап оған қол қойған күнiнен бастап күшiне енедi.
Құрметпен,
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКI
Деннис Де Трей
Директор
Орталық Азиядағы өңiрлiк өкiлдiк
Еуропа және Орталық Азия өңiрi
КЕЛIСIЛДI:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Кiммен _________________
Аты ____________________
Лауазымы _______________
Күні ___________________
Қосымша
Грантты берудiң мақсаттары, мерзiмi және шарттары
1. Мақсаттар мен iс-шаралар
1.1. Гранттың мақсаты Жердi суландыру және дренаж жүйелерiн жетiлдiру жөнiндегi жобаның (бұдан әрi - Жоба) екiншi кезеңiн дайындауда Алушыға көмек көрсету болып табылады, оның негiзгi мақсаттары мынада: (i) жердi суландыру және дренаж жүйелерiн, су шаруашылығын және тиiмдi су пайдаланушылар қауымдастығы (бұдан әрi - СПҚ) арқылы пайдаланушылардың жоғары қатысуы кезiнде объектiлердiң пайдаланылуы мен техникалық ұсталуын жетiлдiру мен жаңғырту жолымен Қазақстанның суландырылатын өңiрлерiнде ауыл шаруашылығы өндiрiсiн, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлердiң жұмыспен қамтылуын және табыстарын ұлғайту; (іі) ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушілер үшiн ауыл шаруашылығын жүргiзу практикасы мен ақпараттар қызметiн жетiлдiру; (ііі) жердi суландыру, дренаж, ауыл шаруашылығы мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтердiң қолданылуын жақсарту. Грант берілетiн iс-шаралар (бұдан әрi - Iс-шаралар) мыналардан тұрады:
(а) Жобаның техникалық-экономикалық негiздемесiн дайындау үшiн техникалық көмек беру, соның iшiнде: (i) үкiметтiк мекемелермен және жергiлiктi атқарушы органдармен консультациялар процесiнде Жоба өңiрiн айқындау Жоба өңiрiндегi жердi суландыру және дренаж жүйелерiн оңалту мен жаңғырту үшiн қажеттi шаралар тегiн анықтау; (іі) Жоба бойынша ұсынылатын шараларды ескере отырып, инженерлiк зерттеулерден тұратын техникалық-экономикалық негіздемелердi дайындау; (ііі) жүзеге асырылу деңгейiнде Жоба бойынша ұсынылатын жұмыстардың жобаларын дайындау; (iv) Жобаны iске асыру жоспары мен сатып алу жоспарын дайындау, қаржылық басқару жүйесiн әзiрлеу; (v) Жоба объектiлерiнiң пайдаланылу мен техникалық ұсталуы жоспарын әзiрлеу, Жоба объектiлерiн қаржыландырудағы қажеттiлiктердiң есебi; (vi) Жобаны iске асыруға және объектiлердi пайдалану мен оларға техникалық қызмет көрсетуге қатысу үшiн СПҚ-ның даму жоспары мен әдiстемесiн дайындау; (vіі) Жобаның шығындары мен тиiмдiлігін, экономикалық және қаржылық талдауларын бағалауды дайындау; (vііі) Жобаны iске асыру үшiн мониторинг және бағалау, сондай-ақ Жобаның әсер етуiн бағалау жоспарын дайындау; (iх) Жобаны iске асырудың институционалдық құрылымын, Жоба бойынша жұмыстар, шарттардың орындалуын бақылау және құрылыс жұмыстарын қадағалау үшiн қажеттi қызметтер көлемiн айқындау. Бағалауға сәйкес бұл iс-шаралардың iске асырылу құны 470 000 АҚШ долларына баламалы соманы құрайды;
(б) Қоршаған ортаға әсер етудi бағалауды және Жобаны әлеуметтiк бағалауды дайындау үшiн техникалық көмек көрсету, соның iшiнде: (і) бiрқатар мүдделi тараптардың кедергілерi мен мұқтаждықтары туралы түсiнiстiктi дамыту; (іі) Жобаға қатысты әлеуметтiк мәселелердi бағалау; (іii) Жобаны iске асыруда өзектi мүдделi тараптардың қатысуын және СПҚ-ны дамытудың озық әдiстемелерiн қамтамасыз ететiн тетiктер әзiрлеу; (iv) Жобаны iске асыру барысында қолданылатын әлеуметтiк мониторинг бағдарламасын әзiрлеу. Бағалауға сәйкес бұл iс-шараларды iске асырудың құны 100 000 АҚШ долларына баламалы соманы құрайды;
(в) басқару бөлiгiнде жобаны дайындау үшiн қолдау ұсыну: офистiк және компьютерлiк жабдық ұсынуды және пайдалану шығыстарын төлеудi қоса алғанда, Жобаны дайындау жөнiндегі iс-шараларды қолдау және Су ресурстары комитетінiң (бұдан әрi - СРК) әлеуетiн арттыру үшiн техникалық көмек беру. Бағалауға сәйкес бұл iс-шараларды iске асырудың құны 30 000 АҚШ долларына баламалы соманы құрайды.
2. Iске асырудың жалпы мәселелерi
2.1. Алушы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң СРК арқылы: (а) Iс-шараларды тиiстi ынта-жiгермен және тиiмдiлiкпен жүзеге асыруға; (б) қаржыландыруды, объектiлердi, қызметтердi және осы мақсаттар үшiн талап етiлетiн басқа да ресурстарды уақтылы ұсынуға; (в) Банктiң негiзделген өтiнiштерiне жауап ретiнде Iс-шаралар мен Грант қаражатын пайдалануға қатысты барлық ақпаратты ұсынуға; (г) Iс-шаралардың прогресi мен нәтижелерi туралы Банк өкiлдерiмен дүркiн-дүркiн пiкiр алмасып тұруға; (д) Грантқа қатысы бар мақсаттарда Алушының аумағына бару мүмкiндiгiн беру үшiн барлық қажетті шараларды қолдануға; (е) Грант қаражатынан қаржыландырылатын тауарлар мен қызметтердiң тек Жоба мақсатына пайдаланылуын қамтамасыз етуге тиiс. Жоғарыда баяндалғандармен шектелмей, Алушы Банктiң өтiнiшi бойынша Iс-шаралар аяқталғаннан кейiн нысаны мен мазмұны бойынша Банктiң талаптарын қанағаттандыратын Іс-шаралардың нәтижелерi мен әсерi туралы есептi өте қысқа мерзiмде дайындауға және Банкке ұсынуға тиiс.
3. Сатып алулар
3.1. Банкпен келiсiлген ерекше жағдайларды қоспағанда, Iс-шараларды орындау үшін қажеттi және Грант қаражаты есебiнен қаржыландырылатын тауарлар мен қызметтердi сатып алу осы Қосымшаға I Толықтырудың ережелерiне сәйкес жүзеге асырылуға тиiс.
3.2. Алушы Грант қаражатынан қаржыландырылуға тиiс барлық импортталатын тауарлардың оларды сатып алумен, тасымалдаумен және пайдаланылатын жерiне жеткiзумен немесе орнатумен байланысты тәуекелдерден сақтандырылуы және тиiсті сақтандыру төлемi осындай тауарларды ауыстыруды немесе жөндеудi қамтамасыз ету мақсатында еркiн пайдаланылатын валютамен төленуi үшiн шаралар қолданады. Алушы Iс-шараларды орындаумен байланысты кез келген объектiлердi пайдалану мен оларға техникалық қызмет көрсетудiң әрқашан тиiстi әдiстерге сәйкес жүзеге асырылуы және мұндай объектiлердi кез келген жөндеу немесе оларды жаңарту қажеттілiгiне қарай жедел жүргiзiлуi үшiн шаралар қолданады.
4. Грант қаражатын шоттан алу
4.1. Грант қаражаты Банк өз есебiнен Алушының атына ашқан шотқа (бұдан әрi - Гранттық шот) енгiзiлетiн болады және одан Алушы Грант қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Iс-шараларды жүзеге асыруға қажетті тауарлар мен қызметтерге арналған шығыстарды төлеу үшiн ақылға қонымды баға бойынша осы 4-бөлiмнiң ережелерiне сәйкес алынуы мүмкiн.
4.2. Төменде келтiрiлген кесте Грант қаражатынан қаржыландыруға арналған шығыстардың санаттарын, Грант қаражатын әрбiр санат бойынша бөлудi, сондай-ақ әрбiр Санат бойынша қаржыландырылатын атаулар бойынша шығыстардың пайыздық үлесiн белгiлейдi:
Бөлiнетiн
грант
қаражатының Қаржыландыру
Санаты сомасы алатын
(АҚШ шығыстардың %-ы
долларымен)
1) консультанттардың 578 000 100 %
қызметi, оқыту,
семинарлар
2) Тауарлар 11 000 85 %
3) Операциялық үстеме
шығыстар 11 000 85 %
ЖИЫНЫ 600 000
Осы тармақтың мақсаттары үшiн:
а) "Оқыту семинарлар" деген термин оқыту жабдығының, материалдардың, объектiлердiң, оқыту курстарының бiлiм алушылардың iссапар шығыстарының құнын төлеу үшiн жүргiзiлетiн оқытумен және семинарлармен байланысты жергілiктi жерлердегі барлық шығыстарды бiлдiредi;
в) "Операциялық үстеме шығыстар" деген термин офистiк жабдықты, байланысты және көлiк шығыстарын, банк комиссиялары мен Банктiң келiсiмi алынған басқа да шығыстарды қоса алғанда, бiрақ Алушы қызметшiлерi мен қызметкерлерiнiң жалақысын қоспағанда, Iс-шаралармен тiкелей байланысты ақылға қонымды үстеме шығыстарды бiлдiредi.
4.3. Жоғарыда келтiрiлген 4.2-тармақтың шарттарына қарамастан:
а) Гранттық шоттан: 1) осы Келiсiм-хатқа Банк қол қойған күнге дейiн жүргiзiлген шығыстар бойынша төлемдерге; 2) Алушы тауарлардан алатын немесе Алушының аумағындағы кез келген салықтарды төлеуге; 3) жеке немесе заңды тұлғаларға төлем жасау мақсатында немесе, егер мұндай төлемдерге немесе импортқа, Банктiң пiкiрi бойынша Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының VІІ тарауына сәйкес Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң шешiмiмен тыйым салынса, тауарлардың кез келген импортына төлем жасау мақсатында қаражат алуға рұқсат етiлмейдi;
б) Алушы Грант қаражатын Жапония Yкiметi Банкке Грант мақсаттарында бөлген мөлшерде ғана ала алады;
в) Жабу күнi Банктiң Жобаны қаржыландыруды бастапқы бекiткен күнiнiң шетiнен шығатын мерзiмге кейiнге қалдырылуы мүмкiн ерекше жағдайларды қоспағанда, 2007 жылғы 31 наурыздан кейiн немесе Банк Алушыға хабарламада белгілеген неғұрлым кейiнгі күннен кейiн (Жабу күнi) Гранттық шоттан қаражат алынбайды. Соған қарамастан, егер Банк тиiстi өтiнiмдi ол өткеннен кейiн Гранттың пайдаланылмаған қаражатының Гранттық шоттағы кез келген сомасы жойылатын Жабу күнiнен кейiн төрт ай iшiнде алған жағдайда, Жабу күнiне дейiн жүргiзiлген шығыстарды төлеу үшiн қаражат Жабу күнiнен кейiн алынуы мүмкiн;
г) егер, Банктiң пiкiрi бойынша 4.2-тармақ кестесiнде көрсетiлген қандай да бiр санат шеңберiнде бөлiнген Грант сомасы осы санат бойынша шығыстарды қаржыландыру үшiн жеткiлiксiз болып шықса, Банк Алушыға жазбаша хабарлама жолдай отырып, басқа санатқа бөлiнген, Банктің пiкiрi бойынша, басқа шығыстарды қаржыландыру үшiн қажет етiлмейтiн Грант қаражатының осындай сомасын осы санатқа аударуы мүмкiн.
4.4. Алушы Гранттық шоттан белгілі бiр қаражат сомасын алғысы келгенде, ол Банк белгiлеген нысанда осы соманы алуға жазбаша өтiнiмдi Банкке жiберуге тиiс. Алуға арналған өтiнiмдер: а) оған Алушының атынан Қаржы министрi немесе ол жазбаша түрде уәкiлеттiк берген басқа тұлғаның қолы қойылуға; б) Банктiң негіздi өтiнiшi бойынша, өтiнiмдi растауға арналған деректер iлесе жүруге тиiс. Қаражатты алу өтiнiмдерiне қол қоюға уәкiлеттi тұлғаның қолдарының куәландырылған үлгiлерi оның қолтаңбасын қамтитын алғашқы өтiнiммен бiрге ұсынылуға тиiс. Грант қаражатын алуға әрбiр өтiнiм мен растайтын деректер Алушының Грант қаражатының осы мөлшерiн алуға құқығы бар екенiне және қаражаттың осындай мөлшерiнiң Іс-шаралар жүргiзуге пайдаланылатынына Банктi сендiру үшiн нысаны мен мазмұны бойынша жеткiлiктi болуға тиiс. Банк Алушы алатын қаражатты Гранттық шоттан тек Алушыға немесе оның өтiнiмi бойынша төлейдi.
4.5. Банк Гранттық шоттан қаражат алу мынадай келiсiм-шарттар бойынша шығыстарды төлеу үшiн шығыстар тiзiмдемесi негiзiнде жүргiзудi талап етуi мүмкiн: а) құны 100 000 АҚШ долларынан немесе әрқайсысы баламалы сомадан аз консультациялық фирмалардың қызметтерi; б) құны 50 000 АҚШ долларынан немесе әрқайсысы баламалы сомадан аз жеке консультанттардың қызметтерi; в) тауарлар жеткiзу; г) оқыту мен семинарлар; д) операциялық үстеме шығыстар; әрi мұның бәрi Алушыға хабарламасында Банк белгілейтiн шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
4.6. Гранттың қаражатын алу Грант валютасымен жүргiзіледi. Банк Алушының өтiнiшi бойынша және Алушының өкiлi ретiнде әрекет жасап, Гранттық шоттан алынған Грант валютасына Гранттың қаражатынан қаржыландырылатын шығыстарды өтеу үшiн қажет валюталарды сатып алады. Егер осы Келiсiм-хаттың мақсаттары үшiн бiр валютаның екiншi валютаға қатысты құнын анықтау қажет болғанда, мұндай құнды Банк дәлелдеп айқындайды.
4.7. Іс-шаралардың орындалуын оңайлату үшiн Алушы, ұстап қалудан, тәркiлеуден немесе тыйым салудан тиiсiнше қорғауды қоса алғанда, Банктi қанағаттандыратын шарттар мен ережелер негiзiнде коммерциялық банкте АҚШ долларымен арнайы депозиттiк шот (Арнайы шот) ашуы және ұстауы мүмкiн. Арнайы шотқа салымдар мен төлемдер осы Қосымшаға ІІ Толықтырудың ережелерiне сәйкес жүргiзiледi.
5. Есеп берулер мен аудит
а) Алушы, жазбалар мен есеп берулердi қоса алғанда, қаржылық менеджмент жүйесiн жүргiзедi немесе оның жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi, және Іс-шаралармен байланысты операцияларды, ресурстар мен шығыстарды бара-бар көрсететiн Банктiң бухгалтерлiк есебiнiң жалпыға бiрдей қабылданған стандарттарына сәйкес ресми қаржылық есеп берулердi әзiрлейдi.
б) Банктiң сұрау салуы бойынша Алушы: 1) жоғарыда а) тармақшасында айтылатын, Банктiң сұрау салуында белгiленген уақыт кезеңi iшiнде Банк үшiн қолайлы аудиттiк стандарттарға сәйкес қаржылық есеп берулердi аудиттен өткiзуге тиiс. Аудиттi Банк үшiн қолайлы тәуелсiз аудиторлар жүргiзуге тиiс; 2) мүмкiндігіне қарай неғұрлым қысқа мерзiмде, алайда осындай аудиттi өткiзу туралы Банктiң сұрау салған күнiнен кейiн алты айдан кешiктiрмей Банкке: А) жоғарыда а) тармақшасында көрсетiлген, аудитке ұшыраған осындай уақыт кезеңi iшiндегі ресми қаржылық есеп берулердiң куәландырылған көшiрмелерiн, Б) Банктi қанағаттандыратын көлемде және егжей-тегжейлерiмен көрсетiлген аудиторлар дайындаған осы есеп берулер бойынша қорытынды беруге; 3) Банкке аталған жазбалар мен есеп берулерге және осындай аудиттерге, сондай-ақ Банктiң негiздi өтiнiштерiне жауап ретiнде көрсетiлген аудиторларға қатысты басқа да ақпарат беруге тиiс.
в) Шығыс тiзiмдемелерi негізiнде Грант шотынан қаражат алу жүргізiлген барлық шығыстар үшiн Алушы: 1) Грант шотынан соңғы қаражат алу жүргізiлген қаржы жылы аяқталғаннан кейiн кемiнде бiр жыл осы шығыстарды растайтын барлық жазбаларды (келiсiм-шарттарды, бұйрықтарды, шоттарды, чектердi және басқа да құжаттарды) сақтауға; 2) Банк өкiлдерiне осы жазбаларды тексеруге мүмкiндiк беруге; 3) жоғарыдағы б) тармақшасына сәйкес Банк сұрау салуы мүмкiн осы жазбалардың және есеп берулердiң жыл сайынғы аудитке қосылуын қамтамасыз етуге тиiс.
6. Тоқтата тұру және тоқтату
6.1. Егер мынадай оқиғалар болса және одан әрi жалғасатын болса: (а) Алушы осында жазылған кез келген мiндеттемелердiң бiрiн орындамаса; немесе (б) Алушының немесе Алушының кепiлдігімен Банк қарыз берген кез бөлген басқа ұйымның қарыз туралы кез келген Банктiк келiсiм немесе дамытуға арналған кредит туралы кез келген келiсiм, Халықаралық Даму қауымдастығының грант бөлуi немесе қаржыландыруы туралы келiсiм бойынша қаражат алуға берiлген құқығы тоқтатыла тұрса, Банк кез-келген уақытта Алушыны хабардар ете отырып, Гранттық шоттан Алушының одан әрi қаражат алу құқығын тоқтата алады.
6.2. Банк: (а) жоғарыдағы 6.1. параграфта жазылған себептер бойынша Алушының Гранттық Шоттан қаражат алу құқығы кез келген уақытта тоқтатыла тұрғанда; немесе (б) Iс-шараларды орындау бойынша Банктi қанағаттандыратын әрекеттердi Алушы осы Келiсiм күшiне енген күнiнен кейiн алты ай iшiнде қабылдамағанда; немесе (в) егер Банк Алушымен кеңескеннен кейiн өзiнiң осы Жобаны қолдауын кез келген уақытта тоқтатқанда; немесе (г) егер Алушы Жобаны қаржыландырудағы Банктiң көмегі туралы өз өтiнiшiн қайтарып алғанда, Банк Алушыны жазбаша хабардар ете отырып, Гранттық шоттан одан әрi қаражат алу құқығынан Алушыны айыра алады.
I Толықтыру
Сатып алулар
I бөлiм. Жалпы ережелер
А. Барлық тауарлар мен қызметтер (консультанттардың қызметтерiн қоспағанда) "ХҚДБ займдары мен ХДҚ кредиттерi бойынша сатып алулар" Басшылығының (бұдан әрi - Сатып алулар жөнiндегi Басшылық) 2004 жылғы мамырдағы редакциясының I бөлiмiнiң ережелерiне сәйкес (осының 1.16-тармағын қоспағанда) және осы Толықтырудың ережелерiне сәйкес сатып алынады.
Б. Консультанттардың қызметтерi "Дүниежүзiлiк банк қарыз алушыларының консультанттарды iрiктеуi және жалдауы" Басшылығының (бұдан әрi - Консультанттар жөнiндегi Басшылық) 2004 жылғы мамырдағы редакциясының I және IV бөлiмiнiң ережелерiне сәйкес (осының 1.24-тармағын қоспағанда) және осы Толықтырудың ережелерiне сәйкес сатып алынады.
В. Белгiлi бiр келiсiм-шарттарды қарау үшiн Банк қолданатын сатып алуларды немесе әдiстердi жүзеге асырудың жекелеген әдiстерiн сипаттау үшiн осы Толықтыруда төменде бас әрiппен қолданылатын терминдердiң Сатып алулар жөнiндегі Басшылықта немесе Консультанттар жөнiндегi Басшылықта оларға нұсқалған тиiсті мән-жайларға сәйкес маңызы болады.
II Бөлiм. Тауарлар мен қызметтердi (консультанттардың
қызметтерiн қоспағанда) сатып алудың жекелеген
әдiстерi
Сауда желiсiндегi сатып алулар. Тауарлар Сауда Желiсiндегі Сатып алулар негізiнде берiлген келiсiм-шарттар бойынша сатып алынады.
III Бөлiм. Консультанттардың қызметтерiн сатып алудың
жекелеген әдiстерi
А. Сапасы мен құны бойынша iрiктеу. Осы бөлiмнiң Б бөлігінде көзделген өзге ережелердi қоспағанда, консультанттардың қызметтерi Сапа мен құн бойынша iрiктеу негізiнде берiлетiн келiсiм-шарттар шеңберiнде сатып алынады. Консультанттар жөнiндегi Басшылықтың 2.7-тармағының мақсаттарында бағдарлы құны бiр келiсiм-шартқа шаққанда 100 000 АҚШ долларынан аспайтын баламалы соманы құрайтын қызметтер көрсетуге арналған консультанттардың қысқаша тiзiмiне тек қана ұлттық консультанттардың кiруi мүмкiн.
Б. Өзге де рәсiмдер
1. Сапасы бойынша iрiктеу. Банктiң пiкiрiне сәйкес Консультанттар жөнiндегi Басшылықтың 3.2-тармағында қамтылған талаптарды қанағаттандыратын тапсырмалар бойынша қызметтер сапасы бойынша iрiктеу негiзiнде берiлетiн келiсiм-шарттар шеңберiнде Консультанттар жөнiндегi Басшылықтың 3.1. - 3.4-тармақтарының ережелерiне сәйкес сатып алынуы мүмкiн.
2. Ең төменгi құн бойынша ірiктеу. Банктiң пiкiрiне сәйкес Консультанттар жөнiндегi Басшылықтың 3.6-тармағында қамтылған талаптарды қанағаттандыратын тапсырмалар бойынша қызметтер Ең төменгi құн бойынша iрiктеу негiзiнде берiлетiн келiсiм-шарттар шеңберiнде Консультанттар жөнiндегi Басшылықтың 3.1. - 3.6-тармақтарының ережелерiне сәйкес сатып алынуы мүмкін.
3. Консультанттардың бiлiктiлiгi негізiнде iрiктеу. Бір келiсiм-шартқа шаққанда бағдарлы құны 200 000 АҚШ долларынан аспайтын баламалы соманы құрайтын қызметтер Консультанттар жөнiндегі Басшылықтың 3.1., 3.7. және 3.8-тармақтарының ережелерiне сәйкес берiлетiн келiсiм-шарттардың шеңберiнде сатып алынуы мүмкiн.
4. Бір көз қағидаты бойынша iрiктеу. Консультанттар жөнiндегi Басшылықтың Бiр көз қағидаты бойынша iрiктеуге қатысты 3.10-тармағында қамтылған талаптарды қанағаттандыратын мән-жайлар кезiнде тапсырмаларды орындау жөнiндегi қызметтер Банктiң алдын ала келiсiмiнiң болуы шартымен, Консультанттар жөнiндегі Басшылықтың 3.9. - 3.13-тармақтарының ережелерiне сәйкес сатып алынуы мүмкiн.
5. Жеке консультанттар. Консультанттар жөнiндегі Басшылықтың 5.1-тармағының бiрiншi сөйлемiнде қамтылған талаптарды қанағаттандыратын тапсырмалар жөнiндегі қызметтер Консультанттар жөнiндегi Басшылықтың 5.2 - 5.3-тармақтарының ережелерiне сәйкес жеке консультанттарға берiлетiн келiсiм-шарттар шеңберiнде сатып алынуы мүмкiн. Консультанттар жөнiндегi Басшылықтың 5.4-тармағында сипатталған мән-жайлар кезiнде мұндай келiсiм-шарттар Банктiң алдын ала келiсiмiнiң болуы шартымен, бір көз қағидаты бойынша жеке консультанттарға берiлуi мүмкiн.
IV Бөлiм. Банктiң сатып алу туралы шешiмдердi қарауы
Егер Банк Алушыға хабарламада өзгеше белгілемесе, а) 100 000-нан кем емес АҚШ долларына баламалы бағдарлы құн бойынша компания беретiн консультациялық қызметтер көрсетуге арналған әрбiр келiсiм-шарт және б) 50 000-нан кем емес АҚШ долларына баламалы бағдарлы құн бойынша жеке консультанттардың қызметтер көрсетуiне әрбiр келiсiм-шарт Банктiң алдын ала қарауына жатады. Барлық қалған келiсiм-шарттар Банктiң одан әрi қарауына жатады.
II Толықтыру
Арнайы шот
1. Осы Толықтырудың мақсаттары үшiн:
а) "заңды санаттар" терминi осы Келiсiм-хатқа Қосымшаның 4.2-тармағының кестесiнде көрсетiлген 1), 2), 3) санаттарын бiлдiредi;
б) "заңды шығыстар" терминi Iс-шараларды жүзеге асыру үшiн қажеттi және Грант қаражатынан қаржыландырылуға тиiс тауарлар мен қызметтердiң негізделген құнын төлеуге арналған шығыстарды бiлдiредi;
в) "мақұлданған аударым" терминi Гранттық шоттан алынатын және осы Толықтырудың 3 а) тармағына сәйкес Арнайы шотқа енгiзілетiн 75 000 АҚШ долларына баламалы соманы білдiредi.
2. Арнайы шоттан төлемдер осы Толықтырудың ережелерiне сәйкес тек заңды шығыстарды қаржыландыру үшiн жүргiзiледi.
3. Банк Арнайы шоттың тиiстi түрде ашылғанын растайтын өзi үшiн қанағаттанарлық құжаттарды алғаннан кейiн мақұлданған аударым қаражатын алу және Арнайы шотты толықтыру үшiн қаражатты одан әрi алу мынадай түрде жүргiзiледi:
а) алушы мақұлданған аударымдардың жиынтық мөлшерiнен аспайтын соманы немесе сомаларды Арнайы шотқа енгізуге арналған өтiнiмдi немесе өтiнiмдердi Банкке жiбередi. Осындай өтiнiмнiң немесе өтiнiмдердiң негiзiнде Банк Алушының атынан Алушы сұраған соманы немесе сомаларды Гранттық шоттан алады және Арнайы шотқа енгiзедi;
б) 1) Арнайы шотты толықтыру үшiн Алушы мерзiмділiгiн Банк белгiлейтiн Арнайы шотқа қаражат енгiзуге арналған өтiнiмдердi Банкке жiбередi;
2) осындай өтiнiмдi бергенге дейiн немесе берумен бiрге Алушы оған байланысты Арнайы шотты толықтыруға қаражат сұратылатын төлемдi немесе төлемдердi жүзеге асыру үшiн осы Толықтырудың 4-тармағына сәйкес қажеттi құжаттаманы және басқа да растайтын құжаттарды Банкке жiбередi. Банк Алушының атынан алынған әрбiр өтiнiмнiң негiзiнде Алушы сұрау салған және жоғарыда аталған және өзге де құжаттар көрсеткенiндей, заңды шығыстарды төлеу үшiн Арнайы шоттан төленетiн соманы Гранттық шоттан алады және Арнайы шотқа енгiзедi. Осындай түрде енгiзілген барлық қаражатты Банк заңды санаттар шеңберiнде және жоғарыда аталған және өзге де құжаттармен расталған тиiсiнше баламалы сомаларда Гранттық шоттан алады.
4. Арнайы шоттан Алушы жүргiзген әрбiр төлемге қатысты Алушы Банктiң негіздi талабы бойынша, Банкке құжаттарды және бұл төлемнiң тек заңды шығыстарды жабу үшiн жүргізiлгендiгінiң өзге де дәлелдемелерiн ұсынуға тиiс.
5. Осы Толықтырудың 3-тармағының ережелерiне қарамастан:
а) егер қандай да бiр кезеңде Банк Алушы барлық қаражатты бұдан әрi тiкелей Гранттық шоттан алуға тиiс деп шешсе;
б) егер Алушы осы Келiсiм-хатқа Қосымшаның 5 (б) тармағының (2) тармақшасында белгiленген мерзiм iшiнде Арнайы шотқа жататын есеп құжаттары мен бухгалтерлiк шоттарды аудиторлық тексерулерге байланысты көрсетiлген тармаққа сәйкес Банкке ұсынылуға тиiс қандай да бiр аудиторлық есеп берулердi ұсынбаса;
в) егер қандай да бiр кезеңде Банк өзiнiң осы Келiсiм-хатқа Қосымшаның 6.1-тармағының ережелерiне сәйкес Алушының Гранттық шоттан қаражат алу құқығын толық немесе iшiнара тоқтата тұру ниетi туралы Алушыға хабарласа; немесе
г) Гранттың алынбаған қаражатының жалпы сомасы екi еселiк Мақұлданған аударымдардың баламасымен теңескенде Банк Арнайы шотқа қосымша қаражат енгізуге мiндеттi емес.
Осыдан кейiн Гранттық шоттан Гранттың жұмсалмай қалған сомасын алу Алушыға тиiстi хабарламасында Банк белгілейтiн рәсiмдер пайдаланыла отырып жүргiзiледi. Қаражатты одан әрi осылайша алу мұндай хабарлама сәтiнде Арнайы шотта қалған барлық қаражаттың заңды шығыстарды төлеу үшiн пайдаланылатынына Банк көз жеткiзгеннен кейiн және сол дәрежеде ғана жүргізiледi.
6. а) Егер Банк қандай да бiр кезеңде Арнайы шоттан қандай да бiр төлем: 1) осы Толықтырудың 2-тармағына сәйкес қолайлы болып табылмайтын шығыстарды немесе сомаларды өтеу үшiн жүргізiлген болса; немесе 2) Банкке ұсынылған құжаттармен расталмаған болса, Алушы Банктiң тиiстi хабарламасын алғаннан кейiн дереу; а) Банк сұрау салған қосымша растау құжаттарын ұсынуға; немесе б) осындай төлемнiң сомасына немесе оның заңды болып табылмайтын немесе расталмаған бөлігіне тең соманы Арнайы шотқа енгізуi (немесе Банктiң өтiнiшi бойынша Банкке қайтаруы) тиiс. Банкпен жасалған өзге уағдаластықтар болмаса, Алушы осындай растайтын құжаттарды ұсынғанға немесе қаражатты енгiзгенге, немесе оларды қайтаруды жүргiзгенге дейiн Банк Арнайы шотқа ешқандай қосымша қаражат енгізбейтiн болады.
б) Егер Банк қандай да бiр кезеңде Арнайы шотта қалған қандай да бiр сома қолайлы шығыстарды қаржыландыру есебiне одан арғы төлемдердi жүзеге асыру үшiн талап етiлмейдi деп шешсе, Алушы Банктің тиiсті хабарламасын алғаннан кейiн осы қалған соманы Банкке жедел қайтаруға тиiс.