"Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 тамыздағы N 817 Қаулысы

       Ескерту. Заңның жобасы Қазақстан Республикасының Парламентiнен кері қайтарып алынды - ҚР Үкіметінің 2007.11.19.  N 1095 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Жоба  

  "Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

       1-бап. "Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 23, 430-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1-бапта:
      7) тармақшадағы "бойға бала бiтiрудiң жасанды әдiсiн немесе" деген сөздер алынып тасталсын;
      17) тармақшадағы "бойға бала бiтіру, оны" деген сөздер "бала" деген сөзбен ауыстырылсын.

       2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады