Маңызды стратегиялық мәні бар мемлекеттік сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 тамыздағы N 822 Қаулысы

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы  1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Сырдария" бассейндiк су шаруашылығы бiрлестiгi Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының мемлекетаралық су шаруашылығы объектілерiн бiрлесiп ұстау жөнiндегi сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар жұмыстар мен қызметтердi берушi болып белгіленсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңнамада белгіленген тәртiппен:
      осы қаулының 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғамен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды;
      жасалатын шартты 2005 жылға арналған республикалық бюджетте 034 "Cу берумен байланысы жоқ республикалық су шаруашылығы объектілерiн пайдалану" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегiнде қаржыландыруды;
      осы қаулыға сәйкес қызметтердi мемлекеттiк сатып алу үшiн пайдаланатын қаражаттың оңтайлы және тиiмдi жұмсалу қағидатын сақтауды;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады