Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 20 наурыздағы N 281 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 тамыздағы N 835 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.03.20. N 225 (2007 жылғы 1 сәуiрден бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Республикалық бюджетте "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесiн және өкілдiк шығындардың нормаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 20 наурыздағы N 281  қаулысына  мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық бюджетте "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесiнде:
      2-тармақтың 1) тармақшасында "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң шешiмiмен көзделген жағдайларда" деген сөздер алынып тасталсын;
      7-тармақтың бiрiншi абзацы "Премьер-Министрiнiң шешiмiмен ресiмделетiн" деген сөздерден кейiн "iс-шараларға қатысу үшiн Қазақстан Республикасына шақырылатын тұлғалардың қонақ үйде тұруына және баратын пунктiне дейiнгi көлiктiк шығындарына ақы төлеуге," деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Pecпубликасы
      Премьер-Mинистрінің
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады