Маңызды стратегиялық мәнi бар мемлекеттік сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 тамыздағы N 836 Қаулысы

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы  1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазгипросушар институты" өндiрiстiк кооперативi Алматы облысы Панфилов ауданындағы магистральды арналарды қосумен Қорғас өзенiнде "Достық" бiрiктiрілген су торабын салудың 1994 жылы әзiрленген техникалық-экономикалық негiздемесiн түзету жөнiндегi сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар қызметтердi көрсетушi болып белгіленсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгі заңнамада белгіленген тәртiппен:
      осы қаулының 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғамен қызметтердi мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды;
      2005 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде жасалатын шартты қаржыландыруды;
      қызметкердi мемлекеттік сатып алу үшiн осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын қаражатты оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатын сақтауды, сондай-ақ "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 3 және 4-тармақтарын орындауды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi.

       Қазақстан Pecпубликасы
      Премьер-Mинистрінің
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады