Қазақстанда өндiрiлетiн мақта талшығының бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру, ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң мақта өсiру жөнiндегi тиiмдi қызметiн ұйымдастыру, Қазақстанда өндiрiлетiн мақта талшығының сапасын арттыру, мақта шикiзатына тұрақты баға белгiлеудi қамтамасыз ету, мақта-тоқыма кластерiнiң қызметiн қамтамасыз ететiн тиiмдi көлiк жүйесiн құру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi белгiленген тәртiппен 2005 жылы "Маркетингтiк-талдамалық зерттеулер орталығы" акционерлiк қоғамының Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн мақта талшығы сапасының халықаралық стандарттарын әзiрлеу және енгізу жөнiнде зерттеулер жүргiзуiн қамтамасыз етсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы, Индустрия және сауда министрлiктерi мақта талшығы сапасының халықаралық стандарттарын енгiзу мақсатында:
1) 2005 жылғы 1 қарашаға дейiнгi мерзiмде Қазақстанда өндiрiлетiн мақта талшығының сапасына мiндеттi сараптаманың, сондай-ақ мақта зауыттарына мақта шикiзатын өткiзу кезiнде мақта шикiзатының сапасына ерiктi, тәуелсiз сараптаманың жүргiзiлуiн көздейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тиiстi жобаларын әзiрлесiн;
2) 2005 жылғы 1 қазанға дейiнгi мерзiмде "Маркетингтiк-талдамалық зерттеулер орталығы" акционерлiк қоғамымен (келiсiм бойынша) бiрлесiп, халықаралық сапа стандарттарына (практикасына) сәйкес Қазақстанда өндiрiлетiн мақта талшығының сапасын бағалау жөнiнде қызмет көрсету үшiн тәжiрибесi және қажеттi бiлiктiлiгi бар халықаралық компанияны (тәуелсiз агенттiктi) тартуға конкурс ұйымдастыруды, бұл ретте меншiктi қаражаты есебiнен мақта талшығының сапасын бағалау жөнiнде зертханалар мен мақта талшығының сапасы бойынша ақпараттық дерекқор құруды мiндеттi шарт ретiнде белгiлей отырып, қамтамасыз етсiн;
3) Қазақстан Республикасының Yкiметiне ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң мақта шикiзатының және мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөнiндегi шығыстарын 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап үш жылдық кезең iшiнде республикалық бюджет қаражаты есебiнен өтеу схемасы жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында (бұдан әрi - еншiлес акционерлiк қоғам) мақта талшығын өндiру жөнiндегi қазiргi заманғы моделдiк зауыт құру үшiн "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" акционерлiк қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға 2005 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттiрмейтiн шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервiнен 500000000 (бec жүз миллион) теңге бөлiнсiн.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.08.25. N 878 қаулысымен.
4. Ауыл шаруашылығы, Қаржы министрлiктерi "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" акционерлiк қоғамымен (келiсiм бойынша) бiрлесiп, зауыт пайдалануға берiлген сәттен бастап 1 (бiр) жыл iшiнде ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне еншiлес акционерлiк қоғам акцияларының шектеушi пакетiн сатуды қамтамасыз етсiн.
"Оңтүстiк" арнайы экономикалық аймағында жұмыс iстейтiн кәсiпорындардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз ету үшiн еншiлес акционерлiк қоғам акцияларын сатудың негiзгi шарттары мыналар болып белгiленсiн:
сатып алушыларға олар акцияларды сатып алған сәттен бастап 5 (бес) жыл кезеңге акцияларды иелiктен айыруға, кепiлге салуға немесе оларға билiк етудiң өзге тәсiлдерiне шек қою;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген акционердiң құқықтары мен мiндеттерi шегiнде сапалы шикiзаттың тұрақты жеткiзiлуiн және мақта талшығына баға деңгейiн қамтамасыз ету.
5. Көлiк және коммуникация, Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiктерi Оңтүстiк Қазақстан облысындағы Арыс станциясында мақтаны және басқа тауарларды контейнерлiк тасымалдауды ұйымдастыру жөнiндегi көлiк-логистикалық орталығын дамыту мақсатында екi ай мерзiмде "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" және "Маркетингтiк-талдамалық зерттеулер орталығы" акционерлiк қоғамдарының:
1) Оңтүстiк Қазақстан облысындағы Арыс станциясында көлiк-логистикалық орталығының қызметiн жүзеге асыру үшiн барлық қажеттi құжаттар алуын;
2) Арыс темiр жол станциясының және көлiк-логистикалық орталықтың жылжымалы және локомотивтiк құрамды уақтылы бөлу, халықаралық порттарға дейiн баратын арнайы контейнерлiк пойыздарды ұйымдастыру, тарифтiк шаралармен және экспортқа шығарылатын контейнерлiк тасымалдарды ынталандыру бөлiгiнде келiсiлген өзара iс-қимыл тетiгiн әзiрлеу мен iс жүзiнде енгiзудi қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдасын.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі