Сатылатын шикi мұнайдың, газ конденсатының нарықтық бағасын белгiлеу ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 тамыздағы N 864 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1332 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

       Ескерту. Күшіне ену тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да мiндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң (Салық кодексi)  278-3-бабының  2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Сатылатын шикi мұнайдың, газ конденсатының нарықтық бағасын белгiлеу ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы заңды тұлғалар үшiн 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап және жеке тұлғалар үшiн алғаш ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi        

Қазақстан Республикасы  
Үкiметінің         
2005 жылғы 24 тамыздағы 
N 864 қаулысымен     
бекiтілген        

  Сатылатын шикi мұнайдың, газ конденсатының
нарықтық бағасын белгiлеу ережесi

      1. Осы Ереже "Салық және бюджетке төленетін басқа да мiндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнің (Салық кодексi)  278-3-бабының  2-тармағына сәйкес әзiрлендi және өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт жасаған жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда салық төлеушілердің экспортқа сататын шикi мұнайдың, газ конденсатының нарықтық бағасын белгілеу тәртiбiн көздейдi.

      2. Сатылатын шикi мұнайдың, газ конденсатының нарықтық бағасы Mcgraw-Hill Companies Ink компаниясының Platts Сrudе Oil Marketwire көзiнде жарияланатын ақпаратқа сәйкес салық кезеңiнде Юралс Жерорта теңiзi (Urals Меd) және Күнi көрсетiлген Брент (Brent Dtd) күн сайынғы баға белгілеудiң орташа арифметикалық мәнi ретінде белгіленедi.

      3. Сатылатын шикi мұнайдың, газ конденсатының күн сайынғы орташа арифметикалық нарықтық бағасы мынадай формула бойынша анықталады:

      P= (C 1 +C 2 )/2;

      Р - сатылатын шикi мұнайдың, газ конденсатының күн сайынғы орташа арифметикалық нарықтық бағасы;
      C 1  - биржаның ашылу сәтiне сатылатын шикi мұнайдың, газ конденсатының күн сайынғы орташа арифметикалық нарықтық бағасы;
      С 2  - биржаның жабылу сәтіне сатылатын шикi мұнайдың, газ конденсатының күн сайынғы орташа арифметикалық нарықтық бағасы.
      С 1  және С 2  мынадай формулалар бойынша анықталады:

      С 1 = (C ю.ж.1 к.б.1 )/2

      С 2 = (C ю.ж.2 к.б.2 )/2;

      C ю.ж.1  - биржаның ашылу сәтiне Юралс Жерорта теңiзi баға белгiлеуi;
      С ю.ж.2  - биржаның жабылу сәтiне Юралс Жерорта теңiзi баға белгiлеуi;
      С ю.ж.1  - биржаның ашылу сәтiне Күнi көрсетiлген Брент баға белгiлеуi;
      С ю.ж.2  - биржаның жабылу сәтiне Күнi көрсетiлген Брент баға белгiлеуi.

      4. Салық кезеңiнде сатылатын шикi мұнайдың, газ конденсатының нарықтық бағасы мынадай формула бойынша анықталады:

      S= (Р+Р 1 +..... +Р n )/n;

      S - салық кезеңiнде сатылатын шикi мұнайдың, газ конденсатының нарықтық бағасы;
      Р n  - салық кезеңінiң iшiнде осындай баға белгiлеудiң жарияланым күндерiнде сатылатын шикi мұнайдың, газ конденсатының күн сайынғы орташа арифметикалық нарықтық бағасы;
      n - салық кезеңiнің iшiнде осындай баға белгілеудiң жарияланым күндерiнiң саны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады