Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 тамыздағы N 871 Қаулысы

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасында өкiлеттiктердiң аражігін ажырату және бюджеттiк қатынастар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 20 желтоқсандағы Заңына және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрі жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 29 қыркүйектегі

      N 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдеріне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;

      2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында :

      көрсетілген қаулыға қосымшада:

      "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне" деген бөлiмдегi реттiк нөмiрлерi 230, 236-2, 236-5, 236-7, 236-10, 236-11, 236-15, 237-1, 237-1a 237-17-жолдар алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы бөлiмдермен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетiне

      283 АЛА - 002060 "Иналмасалтын" ААҚ

      284 КО - 002456 "Қазмырыш" АҚ

      285 "Қазақжарылысөнеркәсібі" ЖАҚ

      286 "Қазқараметавтоматика" АҚ

      287 "Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясы (Kazakhstan Engineering)" ААҚ

      288 "Авиаөнеркәсiп" ЖАҚ

      289 "Қазақстандық келiсiм-шарт агенттiгi" АҚ

      290 "Қазақстантрактор" ААҚ

      291 "Ұлттық инновациялық қор" АҚ

      Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Инвестиция комитетiне

      292 "Қазақстан инвестицияларға жәрдемдесу орталығы" ЖАҚ";

      3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796; 19.09.2014 № 995 қаулыларымен.

      2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 12 қыркүйектегi N 996 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 30, 330-құжат), 1-тармақтың 3) тармақшасын және 3-тармақты қоспағанда;

      2) "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 18 қарашадағы N 1220 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 41, 414-құжат).

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2005 жылғы 24 тамыздағы
N 871 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 26 қарашадағы
N 1237 қаулысымен
бекiтiлген

      Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi

      Инвестиция комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

      Акционерлiк қоғамдар

      1. "Қазақстан инвестицияларға жәрдемдесу орталығы" жабық акционерлiк қоғамы, Алматы қаласы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады