Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасында Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының қазақстан-ресей мемлекеттiк шекарасын кесiп өту тәртiбi туралы келiсiмге қол қою туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 тамыздағы N 873 Қаулысы

       Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.09.30.  N 952 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының қазақстан-ресей мемлекеттiк шекарасын кесiп өту тәртiбi туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң орынбасары Нұрлан Баймолдаұлы Онжановқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасында Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының қазақстан-ресей мемлекеттік шекарасын кесiп өту тәртiбi туралы келiсiмге қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.09.30.  N 952 қаулысымен.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба   

  Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының
Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасының және
Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары
тұрғындарының қазақстан-ресей мемлекеттiк
шекарасын кесiп өту тәртiбi туралы келiсiм

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi,
      тарихи қалыптасқан тату көршілiк қатынастарды ескере отырып,
      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының арасындағы шаруашылық, мәдени және басқа да дәстүрлi байланыстарды сақтау мен дамытудың қажеттiлiгін тани отырып,
      1995 жылғы 26 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шекаралас облыстарының ынтымақтастығы туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Россия Федерациясының Үкiметi арасындағы келiсiмнiң 7-бабының ережелерiн ескере отырып,
      төмендегілер туралы келiстi:

  1-бап

      Осы Келiсiмде пайдаланылатын ұғымдар мыналарды бiлдiредi:
      "шекара маңындағы аумақтар" - осы Келiсiмге 1-қосымшада көрсетiлген, қазақстан-ресей мемлекеттiк шекарасына тiкелей жанасатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының әкiмшілiк-аумақтық бiрлiктерi;
      "шекара маңындағы аумақтардың тұрғындары" - шекара маңындағы аумақтарда тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының азаматтары;
      "шекара" - 2005 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы қазақстан-ресей мемлекеттiк шекарасы туралы шартта белгiленген қазақстан-ресей мемлекеттiк шекарасы;
      "шекараны кесiп өту орындары" - шекара маңындағы аумақтардың тұрғындары осы Келiсiмнiң шарттарында оны кесiп өтуi үшiн белгiленген қазақстан-ресей мемлекеттік шекарасындағы орындар және олар арнайы жабдықталуы мүмкiн;
      "Тараптар мемлекеттерiнiң шекара өкiлдерi" - 2004 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы шекара өкiлдерiнiң қызметi туралы  келiсiмге  сәйкес тағайындалған лауазымды тұлғалар.
       Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.09.30.  N 952 қаулысымен.

         2-бап

      Екiншi Тарап мемлекетiнiң шекара маңындағы аумағына үш тәулiкке дейiнгi мерзiмге келетiн, сондай-ақ керi қарай кететiн бiр Тарап мемлекетiнiң шекара маңындағы аумағының тұрғындары осы Келiсiмге 2-қосымшада көрсетiлген шекараны кесiп өту орындарында шекараны кесiп өте алады және бұл peттe уақытша келген мемлекеттiң заңнамасын, сондай-ақ осы Келiсiмнiң шарттарын сақтауға мiндеттi.
      Көрсетiлген орындарда шекараны кесiп өтудiң тоқтатылуы (шекара арқылы қатынастардың аяқталуы) Тараптардың уағдаластығы бойынша жүзеге асырылады.
       Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.09.30.  N 952 қаулысымен.

  3-бап

      Шекараны кесiп өту орындарында шекара маңындағы аймақтардың тұрғындарын өткiзу режимiн ұйымдастыру Тараптар мемлекеттерiнiң шекаралық ведомстволарына жүктеледi.
       Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.09.30.  N 952 қаулысымен.

4-бап

      Iндеттер, жануарлар iндеттерi, дүлей зiлзалалар немесе басқа да күтпеген жағдаяттар мен төтенше жағдайлар кезiнде Тараптар мемлекеттерiнiң шекара өкiлдерi шекара маңындағы аумақтар тұрғындарының шекараны кесiп өтуiн уақытша тоқтата тұруы мүмкiн.
      Тараптар мемлекеттерiнiң шекара өкiлдерi уақытша шектеулердi енгiзгенге және олардың күшi жойылғанға дейiн кемiнде 24 сағат бұрын бiр-бiрiн хабардар етедi.
       Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.09.30.  N 952 қаулысымен.

  5-бап

      Шекара маңындағы аумақтардың тұрғындары, егер Тараптар мемлекеттерiнiң шекара өкiлдерi уағдаластықтарында өзгеше көзделмесе, тәулiктiң кез келген уақытында жаяу, велосипедтермен немесе күш көлiгiмен шекараны кесiп өтедi.
      Екiншi Тарап мемлекетiнiң шекара маңындағы аумағына келетiн, сондай-ақ шекараны кесiп өткен сол жерден керi қайтатын бiр Тарап мемлекетiнiң шекара маңындағы аумағының тұрғындары өздерiне тиесiлі жеңiл автомобильдердi, мотоциклдердi және мопедтердi осы Келiсiмнiң 2-бабында белгiленген мерзiмде шекара арқылы тiркеусiз өткiзе алады.
      Шекара маңындағы аумақтардың тұрғындары жеке басының, отбасының, үй шаруашылығының және кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырумен байланысты емес өзге де мұқтаждарына арналған тауарларды әрбiр Тарап мемлекетiнiң заңнамасында көзделген тауарларды кеден баждары мен салықтарды төлеусiз әкелу (әкету) нормаларынан аспайтын мөлшерде шекара арқылы өткiзе алады.
      Шекара маңындағы аумақтар тұрғындарының өндiрiстiк немесе өзге де коммерциялық қызметке арналған не әкелуге (әкетуге) тыйым салынған немесе Тараптар мемлекеттерiнiң тиiстi органдарының рұқсат беретiн құжаттарының болуы талап етiлетiн тауарларды әкелуге (әкетуге) ниетi болған жағдайда, олардың шекараны кесiп өту орындары арқылы жүруiне жол берiлмейдi. Мұндай тұрғындар шекараны 1998 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы қазақстан-ресей мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерi туралы келiсiмде көзделген өткiзу пункттерiнде кесiп өтуге мiндеттi.
      Тараптар мемлекеттерiнiң шекара өкiлдерi шекара маңындағы аумақтардың әкiмшілiктерiмен бiрлесiп, шекара маңындағы аумақтар тұрғындарын алдын-ала хабардар ету үшін қажеттiлiгiне қарай әкелуге (әкетуге) тыйым салынған не Тараптар мемлекеттерiнiң тиiсті бақылау органдарының рұқсат беретiн құжаттарының болуы талап етілетiн тауарлардың тiзбесiмен алмасады.
       Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.09.30.  N 952 қаулысымен.

  6-бап

      Шекара маңындағы аумақтардың тұрғындары шекараны осы Келiсiмге 3-қосымшада көрсетiлген құжаттардың негiзiнде, осы Келiсiмде белгiленген шекараны кесiп өту орындарында кесiп өтедi.
       Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.09.30.  N 952 қаулысымен.

  7-бап

      Егер бiр Тарап мемлекетiнiң шекара маңындағы аумағының тұрғынының екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында болуы кезеңiнде осы Келiсiмге 3-қосымшада көрсетiлген құжаттары жоғалған немесе бүлiнген жағдайда, мұндай тұрғын бұл туралы барған мемлекеттің iшкi iстер органдарына кiдiрiссiз хабарлауға мiндеттi.
      Мұндай жағдайда барған мемлекеттің iшкi iстер органдары жеке басын анықтағаннан кейiн, көрсетiлген тұрғынға құжаттарын жоғалғаны туралы анықтама бередi, ол шекарада белгiленген өткiзу пункттерi арқылы тұратын мемлекетiнiң аумағына оралу үшiн негiз болып табылады.
       Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.09.30.  N 952 қаулысымен.

  8-бап

      Осы Келiсiмнiң шарттары негiзiнде шекараны кесiп өтетiн шекара маңындағы аумақтардың тұрғындары барған Тарап мемлекетiнiң заңнамасын сақтауға мiндеттi.
      Тараптар мемлекеттерiнiң шекара өкiлдерi Тараптар мемлекеттерiнiң шекара маңындағы аумақтарында әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасағаны немесе шекараны кесiп өту ережесiн бұзғаны үшiн ұсталған шекара маңындағы аумақтардың тұрғындарын қабылдауды (берудi) ұйымдастыру жөнiнде шаралар қабылдайды. Бұл ретте құқық бұзу дәлелдемелерiн жинау және ресiмдеу аумағында құқық бұзушылық жасалған Тарап мемлекетiнiң заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Шекара маңындағы аумақтардың тұрғындары шекара арқылы тауарларды өткiзу бөлiгінде Тараптар мемлекеттерiнiң кедендiк заңнамасының талаптарын бұзғаны айқындалған жағдайда, Тараптар мемлекеттерiнiң шекаралық билiктерi мұндай фактiлер туралы аумағында құқық бұзушылық жасалған Тарап мемлекетiнiң кеден органдарына жедел хабарлайды. Бұл ретте, құқық бұзушылық жасаған адам, аумағында құқық бұзушылық жасалған Тарап мемлекетiнiң заңнамасына сәйкес жауап бередi.
       Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.09.30.  N 952 қаулысымен.

  9-бап

      Осы Келiсiмдi iске асыру барысында туындайтын келiспеушiлiктер Тараптар мемлекеттерiнiң отырыстарында (кездесулерiнде) талқыланып, шешiледi.
      Шешілмеген келiспеушілiктер әрi қарай қаралуы үшiн дипломатиялық арналар бойынша Тараптарға беріледi.
       Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.09.30.  N 952 қаулысымен.

  10-бап

      Осы Келiсiмге Тараптардың өзара келiсiмi бойынша өзгерiстер енгiзiлуi мүмкiн, олар жеке хаттамалармен ресiмделедi.
       Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.09.30.  N 952 қаулысымен.

  11-бап

      Осы Келiсiм қол қойылған күнiнен бастап уақытша қолданылады және оның күшiне енуi үшiн қажетті мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағандығы туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшіне енедi.
      Осы Келiсiм бес жыл мерзiмге жасалады және егер Тараптардың бiрде-бiрi кезектi кезең аяқталғанға дейiн кем дегенде алты ай бұрын өзiнiң Ocы Келiсiмнiң қолданысын тоқтату ниетi туралы екiншi Тарапқа жазбаша түрде хабарламаса, әрбiр ретте келесi 5 жылдық кезеңге ұзартылатын болады.
       Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.09.30.  N 952 қаулысымен.

      200_ жылғы "___" _________ _________ қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiнде екi данада жасалды әрi екi мәтiннiң күшi бiрдей.

       ҚАЗАҚСТАН                              РЕСЕЙ
      РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ                        ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ
      ҮКIМЕТI YШIН                           ҮКIМЕТI YШІН

1-қосымша  

  Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының
шекара маңындағы аумақтарының
тiзбесi ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Шығыс Қазақстан облысы
Аудандардың аумақтары

      Бесқарағай;                    Зырян;
      Бородулиха;                    Глубокое;
      Шемонаиха;                     Катонқарағай.
                             Риддер қаласы

Павлодар облысы
Аудандардың аумақтары

      Шарбақты;                      Железин;
      Успен;                         Качир;
      Лебяжi;                        Ертiс.

Солтүстік Қазақстан облысы
Аудандардың аумақтары

      Уәлиханов;                     Қызылжар;
      Ақжар;                         Мамлют;
      М.Жұмабаев;                    Жамбыл.

Қостанай облысы
Аудандардың аумақтары

      Ұзынкөл;                       Таран;
      Мендiғара;                     Денисов;
      Федоров;                       Жiтiқара.
      Қарабалық;

Ақтөбе облысы
Аудандардың аумақтары

      Әйтеке би;                     Мәртөк;
      Хромтау;                       Қобда.
      Қарғалы;

Батыс Қазақстан облысы
Аудандардың аумақтары

      Шыңғырлау;                     Жәнiбек;
      Бөрілi;                        Қазталов;
      Зеленов;                       Бөкейорда.
      Тасқала;

Атырау облысы
Аудан аумағы

      Құрманғазы.

РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ

Алтай Республикасы
Аудандық әкiмшiлiк аумақтар

      Қос-Ағаш;                      Усть-Коксин.
      Усть-Кан;

Алтай өлкесi
Аудандық әкiмшiлiк аумақтары

      Бөрілі;                        Рубцов;
      Змеиногор;                     Славгород;
      Ключев;                        Табын;
      Құлынды;                       Третьяков;
      Локтев;                        Углов;
      Михайлов;                      Чарыш.

Өлкелiк бағыныстағы қалалар

      Змеиногорск;                   Славгород;
      Рубцовск;                      Яровое.

Астрахан облысы
Аудандық әкiмшiлiк аумақтар

      Ақтөбе;                        Камызяк;
      Володар;                       Лиман;
      Икрянин;                       Қарабалин.
      Краснояр;

Волгоград облысы
Аудандық әкiмшілiк аумақтар

      Палласов;                      Старополтав.

Қорған облысы
Аудандық әкiмшiлiк аумақтар

      Звериноголов;                  Половин;
      Куртамыш;                      Притобольный;
      Макушин;                       Целинный.
      Петухов;

Новосибирск облысы
Аудандық әкiмшiлiк аумақтар

      Балган;                        Купин;
      Кapcук;                        Чистоозерный.

Омбы облысы
Аудандық әкiмшiлiк аумақтар

      Есілкөл;                       Полтава;
      Называев;                      Русско-Полян;
      Нововаршав;                    Шұбаркөл;
      Одесса;                        Черлак.
      Павлоград;

Орынбор облысы
Аудандық әкiмшілiк аумақтар

      Адамов;                        Қуандық;
      Ақбұлақ;                       Первомай;
      Беляев;                        Светлин;
      Гай;                           Соль-Илецк;
      Домбаров;                      Ташлин;
      Илек;                          Яснен
      Кваркен;                       Новотроицк қаласы
                                     Орск қаласы

Самара облысы
Аудандық әкiмшiлiк аумақ

      Большечернигов.

Саратов облысы
Аудандық әкiмшiлiк аумақтар

      Александрово-Гай;              Озин;
      Дергачев;                      Перелюб;
      Новоузен;                      Питер.

Түмен облысы
      Аудандық әкiмшілiк аумақтар

      Бердюж;                        Сладков.
      Казан;

Челябi облысы
Аудандық әкiмшілiк аумақтар

      Бредин;                        Октябрь;
      Варнен;                        Троицк;
      Қарталы;                       Чесмен.

Облыстық бағыныстағы қала

      Троицк

2-қосымша  

       Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.09.30.  N 952 қаулысымен.

  Шекараны кесiп өту орындарының тiзбесi

       Қазақстан Республикасы          Ресей Федерациясы
 
     Шығыс Қазақстан облысы           Алтай Республикасы

Риддер қаласы       Кордон         - Қарағай     Усть-Коксин ауданы
 
                                                 Алтай өлкесi

Бесқарағай          Березовка      - Шадруха        Углов ауданы
ауданы
Бородулихин         Коростели      - Наумовка       Углов ауданы
ауданы
Бородулихин         Переменовка    - Новенькое      Локтев ауданы
ауданы
Бородулихин         Буркотово      - Золотуха       Локтев ауданы
ауданы
Шемонаиха           Красная        - Михайловка     Третьяков ауданы
ауданы              Шемонаиха

       Павлодар облысы

Успен ауданы       Екатеринославка  - Михайловка     Бөрiлi ауданы
Успен ауданы       Галицкое         - Новоандреевка  Бөрiлi ауданы
Шарбақты ауданы    Северное         - Табуны         Табын ауданы
Шарбақты ауданы    Жаңаауыл         - Васильчуки     Ключев ауданы
Лебяжi ауданы      Бәйiмбет         - Бостан         Михайлов ауданы
 
         Батыс Қазақстан облысы             Астрахан облысы

Бөкейорда ауданы   Молодость        - Верхний        Ахтубин ауданы
                                    Басқұншақ

          Атырау облысы

Құрманғазы         Қиғаш            - Малый Арал     Краснояр ауданы
ауданы
Құрманғазы         Котяевка         - Қара-Өзек      Краснояр ауданы
ауданы
Құрманғазы         Балқұдық         - Қарабалы       Қарабалин
ауданы                                               ауданы
Құрманғазы         Жаңаауыл         - Гусиный        Володар ауданы
ауданы
Құрманғазы         Көптоғай         - Теплинка       Краснояр ауданы
ауданы
Құрманғазы         Жалғыз апан      - Басқұншақ      Ахтубин ауданы
ауданы
 
         Қостанай облысы                  Қорған облысы

Федоров ауданы     Белояровка     - Луговое          Целинный ауданы
Меңдiғара ауданы   Ұзынағаш       - Қазақ-Көшiрдiк   Целинный ауданы
Ұзынкөл ауданы     Березово       - Звериноголовское Звериноголов
                                                     ауданы
Ұзынкөл ауданы     Сибирка        - Зубаревка        Звериноголов 
                                                     ауданы
Ұзынкөл ауданы     Песчанка       - Ясная            Притобольный
                                                     ауданы
Ұзынкөл ауданы     Гренадерка     - Романово         Половин ауданы
 
         Солтүстiк Қазақстан облысы
 
  Жамбыл ауданы      Богатое        - Подувальная      Петухов ауданы
Мамлют ауданы      Михайловка     - Октябрьское      Петухов ауданы
 
         Павлодар облысы                  Новосибирск облысы

Железин ауданы     Петропавловка  - Березовка        Купин ауданы
Железин ауданы     Жамбыл         - Орловка          Купин ауданы
Успен ауданы       Қосақ          - Павловка         Карасук ауданы
Качир ауданы       Сұлу Ағаш      - Новокарасук      Карасук ауданы
Железин ауданы     Красновка      - Тереңкөл аялдама Баған ауданы
                                    пунктi
Железин ауданы     Новокузьминка  - Новокрасное      Чистоозерный
                                                     ауданы
 
         Солтүстiк Қазақстан облысы            Омбы облысы

М.Жұмабаев         Круглое        - Емонтаево        Есiлкөл ауданы
атындағы аудан
М.Жұмабаев         Надежка        - Кромы            Есiлкөл ауданы
атындағы аудан
М.Жұмабаев         Қарағанды      - Украинка         Есiлкөл ауданы
атындағы аудан
М.Жұмабаев         Куломзино      - Кисляки          Называев ауданы
атындағы аудан
Ақжар ауданы       Найзатомар     - Орехово          Одесса ауданы
Ақжар ауданы       Ұялы           - Гришковка        Одесса ауданы
Уәлиханов          Ақтүйесай      - Громогласово     Одесса ауданы
ауданы
Уәлиханов          Қаратерек      - Юрьевка          Павлоград
ауданы                                               ауданы
М.Жұмабаев         Александровка  - Мечебилово       Полтава ауданы
атындағы аудан
М.Жұмабаев         Золотая Нива   - Новоильиновка    Полтава ауданы
атындағы аудан
Ақжар ауданы       Киевское       - Длинное          Полтава ауданы
Ақжар ауданы       Горьковское    - Еремеевка        Полтава ауданы
Ақжар ауданы       Ақсары         - Новоскатовка     Шарбақкөл
                                                     ауданы
Уәлиханов          Қаратерек      - Алабота          Pусскo-Полян
ауданы                                               ауданы
Уәлиханов          Амангелдi      - Хлебодаровка     Русско-Полян
ауданы                                               ауданы
Уәлиханов          Озерное        - Калинино         Pуccкo-Полян
ауданы                                               ауданы

       Павлодар облысы

Ертіс ауданы       Майқоңыр       - Голубовка        Русско-Полян
                                                     ауданы
Ертіс ауданы       Майқоңыр       - Черлакское       Нововаршав
                                                     ауданы
Железин ауданы     Лесное         - Кузнецовка       Черлак ауданы

       Батыс Қазақстан облысы            Орынбор облысы

Зеленов ауданы     Чесноково      - Рубежинский      Первомай ауданы
Зеленов ауданы     Раздольное     - Усов             Первомай ауданы
Зеленов ауданы     Кирсаново      - Раннее           Ташлин ауданы
Бөрілі ауданы      Жаңаталап      - Затонное         Илек ауданы
Шыңғырлау          Шоқтыбай       - Озерки           Илек ауданы
ауданы           
Шыңғырлау          Шыңғырлау      - Линевка          Соль-Илецк
ауданы                                               ауданы
 
         Ақтөбе облысы

Қобда ауданы       Жиренқопа      - Ивановка         Соль-Илецк
                                                     ауданы
Қобда ауданы       Қоғалы         - Покровка         Соль-Илецк
                                                     ауданы
Мәртөк ауданы      Степь          - Веселый Второй   Ақбұлақ ауданы
Қобда ауданы       Терiсаққан     - Новомарьевка     Ақбұлақ ауданы
Қобда ауданы       Ақраб          - Шкуновка         Ақбұлақ ауданы
Мәртөк ауданы      Покровка       - Хлеборобное      Беляев ауданы
Мәртөк ауданы      Студенческое   - Новый            Қуандық ауданы
Қарғалы ауданы     Әлiмбет        - Пригорное        Новотроицк
                                                     қаласы
Қарғалы ауданы     Степное        - Полевой          Домбаров ауданы
Хромтау ауданы     Майтөбе        - Қожамберлi       Домбаров ауданы
Қарғалы ауданы     Көженсай       - Прибрежный       Домбаров ауданы
Айтеке би ауданы   Тереңсай       - Ақтөбе           Светлин ауданы
 
         Қостанай облысы

Жiтiқара ауданы    Аққарға        - Восточный        Светлин ауданы
Жiтiқара ауданы    Жалтыркөл      - Каменецк         Адамов ауданы
Жiтiқара ауданы    Волгоградское  - Комсомольский    Адамов ауданы
Жiтiқара ауданы    Бiрсуат        - Екатериновка     Кваркен ауданы
 
         Батыс Қазақстан облысы            Саратов облысы

Тасқала ауданы     Есенсай        - Новозизеевка     Дергачев ауданы
Тасқала ауданы     Чижа-2         - Восточный        Дергачев ауданы
Жәнiбек ауданы     Жақсыбай       - Петропавловка    Новоузень
                                                     ауданы
Қазталов ауданы    Болашақ        - Пограничное      Новоузень
                                                     ауданы
Қазталов ауданы    Аққурай        - Шукеев           Новоузень
                                                     ауданы
Тасқала ауданы     Беленькое      - Горный           Озин ауданы
Зеленов ауданы     Карпово        - Комсомольский    Озин ауданы
Зеленов ауданы     Вечный         - Холманка         Перелюб ауданы
Жәнiбек ауданы     Таловка        - Малый Узень      Питер ауданы
Жәнiбек ауданы     Зерновая       - Нива             Питер ауданы
Қазталов ауданы    Қошанкөл       - Варфоломеевка   Александрово-Гай
                                                     ауданы
 
         Солтүстiк Қазақстан облысы         Түмен облысы
 
  Қызылжар ауданы    Гайдуково      - Новоалександровка Қазан ауданы
Қызылжар ауданы    Долматово      - Викторовка        Қазан ауданы
Қызылжар ауданы    Красный Яр     - Ельцово           Қазан ауданы
Қызылжар ауданы    Сумное         - Благодатное       Қазан ауданы
М.Жұмабаев         Куломзино      - Новоказанка       Сладков ауданы
атындағы аудан
М.Жұмабаев         Гаврино        - Александровка     Сладков ауданы
атындағы аудан
М.Жұмабаев         Суворовка      - Красивое          Сладков ауданы
атындағы аудан
Қызылжар ауданы    Гайдуково      - Зарослое          Бердюж ауданы
 
         Қостанай облысы                    Челябi облысы
 
  Денисов ауданы     Комаровка      - Княженский        Бредин ауданы
Денисов ауданы     Приречное      - Красный Октябрь   Варнен ауданы
Қарабалық          Приречное      - Казановка         Варнен ауданы
ауданы
Денисов ауданы     Подгорный      - Маслоковцы        Варнен ауданы
Қарабалық          Победа         - Плодовый          Троицк ауданы
ауданы
Қарабалық          Шадықсаевка    - Ключевка          Троицк ауданы
ауданы
Қарабалық          Подгородка     - Кварцитный        Троицк ауданы
ауданы
Федоров ауданы     Новоукраинка   - Қаракөл           Октябрь ауданы
Федоров ауданы     Грачевка       - Қаракөл           Октябрь ауданы
Федоров ауданы     Кеңерал        - Петровский        Октябрь ауданы
Қарабалық          Боскөл         - Луговой           Чесмен ауданы
ауданы
Қарабалық          Жамбыл         - Огнеупорный       Чесмен ауданы
ауданы

3-қосымша  

       Ескерту. 3-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.09.30.  N 952 қаулысымен.

  Шекара маңындағы аумақтарда тұратын Қазақстан
Республикасы мен Ресей Федерациясы азаматтарының
Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өтуі
үшін жарамды құжаттар тiзбесi

      Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн

      1. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi және шекара маңындағы аумақтың елдi мекенде тұратындығын куәландыратын, әдiлет органдары немесе ауылдық шекара маңы округтерiнiң әкiмдерi куәландырған азаматтарды тiркеу кiтабынан (тұрғындарды есепке алу кiтабынан) үзiндi көшiрме.
      2. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты және оның шекара маңындағы аумақтың елдi мекенiнде тұратындығын куәландыратын, әдiлет органдары немесе ауылдық шекара маңы округтерiнiң әкiмдерi куәландырған азаматтарды тiркеу кiтабынан (тұрғындарды есепке алу кiтабынан) үзiндi көшiрме.
      3. Тууы туралы куәлiк (16 жасқа дейiнгі балалар үшiн). Кәмелеттiк жасқа толмағандардың заңды өкiлдерiнiң бiрге жүруiнсiз жол жүруi кезiнде аталған өкiлдердiң кәмелетке толмаған адамдардың жол жүруiне нотариалды түрде ресiмделген келiсiмдерiнiң болуы мiндеттi.

      Ресей Федерациясының азаматтары үшiн

      1. Ресей Федерациясы азаматының паспорты - шекара маңындағы аумақтың шекара маңындағы елдi мекенiнде тұратындығын тiркеу туралы белгі болған жағдайда.
      2. Ресей Федерациясынан тысқары жерлерде Ресей Федерациясы азаматының жеке басын куәландыратын Ресей Федерациясы азаматының паспорты және Ресей Федерациясының азаматтарын тiркеу есебiне алу органдары оның шекара маңындағы аумақтың елдi мекенiнде тұратындығын куәландыратын үй кiтапшасынан үзiндi көшiрме.
      3. Ресей Федерациясының азаматтығына қатыстылығы көрсетiлген тууы туралы куәлiк (14 жасқа дейiнгi балалар үшiн). Кәмелеттiк жасқа толмағандардың заңды өкiлдерiнiң бiрге жүруiнсiз жол жүруi кезiнде кәмелетке толмаған адамдардың жол жүруiне көрсетiлген өкiлдердiң нотариалды түрде ресiмделген келiсiмдерiнiң болуы мiндеттi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады