Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 24 тамыздағы N 873 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 қыркүйектегі N 952 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасында Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының қазақстан-ресей мемлекеттiк шекарасын кесiп өту тәртiбi туралы келiсiм жасасу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 24 тамыздағы N 873  қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      тақырыптағы "келiсiм жасасу" деген сөз "келiсiмге қол қою" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақта:
      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаевқа" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң орынбасары Нұрлан Баймолдаұлы Онжановқа" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "келiсiм жасасуға" деген сөздер "келiсiмге қол қоюға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының қазақстан-ресей мемлекеттiк шекарасын кесiп өту тәртiбi туралы келiсiмнiң жобасында:
      мемлекеттiк тiлдегi мәтiнде кiрiспе өзгерiссiз қалдырылсын;

      1-бапта:
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы Келiсiмде пайдаланылатын ұғымдар мыналарды бiлдiредi:";
      төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "шекара" - 2005 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы қазақстан-ресей мемлекеттiк шекарасы туралы шартта белгiленген қазақстан-ресей мемлекеттiк шекарасы; 
      бесiншi абзацта:
      "шекараны кесiп өтуi үшiн белгiленген" деген сөздер "оны кесiп өтуi үшiн белгiленген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "орындар," деген сөз "орындар және" деген сөздермен ауыстырылсын;
      алтыншы абзац "шекаралық өкiлдерi" деген сөздердiң алдынан "Тараптар мемлекеттерiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-баптың бiрiншi бөлiгi "заңнамасын" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ осы Келiсiмнiң шарттарын" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-баптағы "Тараптардың" деген сөз "Тараптар мемлекеттерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-бапта:
      бiрiншi бөлiкте "Тараптардың" деген сөз "Тараптар мемлекеттерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "Тараптар мемлекеттерiнiң шекара өкiлдерi уақытша шектеулердi енгiзгенге және олардың күшi жойылғанға дейiн кемiнде 24 сағат бұрын бiр-бiрiн хабардар етедi";

      5-бапта:
      бiрiншi бөлiкте:
      "шекара өкiлдерi" деген сөздердiң алдынан "Тараптар мемлекеттерiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
      "жаяу жүру тәртiбiмен" деген сөздер "жаяу" деген сөзбен ауыстырылсын;
      екiншi және үшiншi бөлiктер мынадай редакцияда жазылсын:
      "Екiншi Тарап мемлекетiнiң шекара маңындағы аумағына келетiн, сондай-ақ шекараны кесiп өткен сол жерден керi қайтатын бiр Тарап мемлекетiнiң шекара маңындағы аумағының тұрғындары өздерiне тиесiлі жеңiл автомобильдердi, мотоциклдердi және мопедтердi осы Келiсiмнiң 2-бабында белгiленген мерзiмде шекара арқылы тiркеусiз өткiзе алады.
      Шекара маңындағы аумақтардың тұрғындары жеке басының, отбасының, үй шаруашылығының және кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырумен байланысты емес өзге де мұқтаждарына арналған тауарларды әрбiр Тарап мемлекетiнiң заңнамасында көзделген тауарларды кеден баждары мен салықтарды төлеусiз әкелу (әкету) нормаларынан аспайтын мөлшерде шекара арқылы өткiзе алады.";
      төртiншi бөлiктiң бiрiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Шекара маңындағы аумақтар тұрғындарының өндiрiстiк немесе өзге де коммерциялық қызметке арналған не әкелуге (әкетуге) тыйым салынған немесе Тараптар мемлекеттерiнiң тиiстi органдарының рұқсат беретiн құжаттарының болуы талап етiлетiн тауарларды әкелуге (әкетуге) ниетi болған жағдайда, олардың шекараны кесiп өту орындары арқылы жүруiне жол берiлмейдi.";
      бесiншi бөлiкте:
      "шекара өкiлдерi" деген сөздердiң алдынан "Тараптар мемлекеттерiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
      "шекара маңындағы аудандар тұрғындарын" деген сөздер "шекара маңындағы аумақтар тұрғындарын алдын-ала" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-баптағы "белгіленген" деген сөзден кейiн "шекараны" деген сөзбен толықтырылсын;

      7-бапта:
      бiрiншi бөлiкте:
      "3-қосымшада" деген сөздердiң алдынан "осы Келiсiмге" деген сөздермен толықтырылсын;
      "Iшкi iстер министрлiгi" деген сөздер "iшкi iстер" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiкте:
      "Iшкi iстер министрлiгi" деген сөздер "iшкi iстер" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "бұл тұлғаға" деген сөздер "көрсетiлген тұрғынға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "8-бап
      Осы Келiсiмнiң шарттары негiзiнде шекараны кесiп өтетiн шекара маңындағы аумақтардың тұрғындары барған Тарап мемлекетiнiң заңнамасын сақтауға мiндеттi.
      Тараптар мемлекеттерiнiң шекара өкiлдерi Тараптар мемлекеттерiнiң шекара маңындағы аумақтарында әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасағаны немесе шекараны кесiп өту ережесiн бұзғаны үшiн ұсталған шекара маңындағы аумақтардың тұрғындарын қабылдауды (берудi) ұйымдастыру жөнiнде шаралар қабылдайды. Бұл ретте құқық бұзу дәлелдемелерiн жинау және ресiмдеу аумағында құқық бұзушылық жасалған Тарап мемлекетiнiң заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Шекара маңындағы аумақтардың тұрғындары шекара арқылы тауарларды өткiзу бөлiгінде Тараптар мемлекеттерiнiң кедендiк заңнамасының талаптарын бұзғаны айқындалған жағдайда, Тараптар мемлекеттерiнiң шекаралық билiктерi мұндай фактiлер туралы аумағында құқық бұзушылық жасалған Тарап мемлекетiнiң кеден органдарына жедел хабарлайды. Бұл ретте, құқық бұзушылық жасаған адам, аумағында құқық бұзушылық жасалған Тарап мемлекетiнiң заңнамасына сәйкес жауап бередi.";

      9-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "шекара өкiлдерiнiң консультацияларында" деген сөздер "Тараптар мемлекеттерiнiң отырыстарында (кездесулерiнде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10-баптағы "мен толықтырулар" деген сөздер алынып тасталсын;

      11-баптың екiншi бөлiгiнде:
      "келесi бесжылдық кезеңдерге" деген сөздер "келесi 5 жылдық кезеңге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "оның" деген сөз "Ocы Келiсiмнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      Келiсiм жобасына 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Келiсiм жобасына 3-қосымшада:
      "Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн" деген бөлiмде: 
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi және шекара маңындағы аумақтың елдi мекенде тұратындығын куәландыратын, әдiлет органдары немесе ауылдық шекара маңы округтерiнiң әкiмдерi куәландырған азаматтарды тiркеу кiтабынан (тұрғындарды есепке алу кiтабынан) үзiндi көшiрме";

      2-тармақта " - шекара маңындағы ауданның елдi мекенiнде тұратындығы туралы әдiлет органдары растаған азаматтарды тiркеу кiтабынан көшiрменiң көрсетiлуiмен" деген сөздер "және оның шекара маңындағы аумақтың елдi мекенiнде тұратындығын куәландыратын, әдiлет органдары немесе ауылдық шекара маңы округтерiнiң әкiмдерi куәландырған азаматтарды тiркеу кiтабынан (тұрғындарды есепке алу кiтабынан) үзiндi көшiрме" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақта "аталған тұлғалардың жол жүруге нотариалды түрде ресiмделген келiсiмдерiнiң болуы мiндеттi" деген сөздер "аталған өкiлдердiң кәмелетке толмаған адамдардың жол жүруiне нотариалды түрде ресiмделген келiсiмдерiнiң болуы мiндеттi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Ресей Федерациясының азаматтары үшiн" деген бөлiмде:

      2-тармақта ", шекара маңындағы аумақтың елдi мекенiнде тұратындығы туралы үй кiтапшасынан көшiрменiң көрсетiлумен" деген сөздер "және Ресей Федерациясының азаматтарын тiркеу есебiне алу органдары оның шекара маңындағы аумақтың елдi мекенiнде тұратындығын куәландыратын үй кiтапшасынан үзiндi көшiрме" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақта "Ресей Федерациясының азаматтығы туралы қосымша бетi бap" деген сөздер "Ресей Федерациясының азаматтығына қатыстылығы көрсетiлген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "аталған тұлғалардың жол жүруге нотариалды түрде ресiмделген келiсiмдерiнiң болуы мiндеттi" деген сөздер "кәмелетке толмаған адамдардың жол жүруiне көрсетiлген өкiлдердiң нотариалды түрде ресiмделген келiсiмдерiнiң болуы мiндеттi" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Yкiметiнiң          
2006 жылғы 30 қыркүйектегі 
N 952 қаулысына       
қосымша       

               Шекараны кесiп өту орындарының тiзбесi

       Қазақстан Республикасы          Ресей Федерациясы
 
       Шығыс Қазақстан облысы           Алтай Республикасы

Риддер қаласы       Кордон         - Қарағай     Усть-Коксин ауданы
 
                                                 Алтай өлкесi

Бесқарағай          Березовка      - Шадруха        Углов ауданы
ауданы
Бородулихин         Коростели      - Наумовка       Углов ауданы
ауданы
Бородулихин         Переменовка    - Новенькое      Локтев ауданы
ауданы
Бородулихин         Буркотово      - Золотуха       Локтев ауданы
ауданы
Шемонаиха           Красная        - Михайловка     Третьяков ауданы
ауданы              Шемонаиха

       Павлодар облысы

Успен ауданы       Екатеринославка  - Михайловка     Бөрiлi ауданы
Успен ауданы       Галицкое         - Новоандреевка  Бөрiлi ауданы
Шарбақты ауданы    Северное         - Табуны         Табын ауданы
Шарбақты ауданы    Жаңаауыл         - Васильчуки     Ключев ауданы
Лебяжi ауданы      Бәйiмбет         - Бостан         Михайлов ауданы
 
         Батыс Қазақстан облысы             Астрахан облысы

Бөкейорда ауданы   Молодость        - Верхний        Ахтубин ауданы
                                    Басқұншақ

          Атырау облысы

Құрманғазы         Қиғаш            - Малый Арал     Краснояр ауданы
ауданы
Құрманғазы         Котяевка         - Қара-Өзек      Краснояр ауданы
ауданы
Құрманғазы         Балқұдық         - Қарабалы       Қарабалин
ауданы                                               ауданы
Құрманғазы         Жаңаауыл         - Гусиный        Володар ауданы
ауданы
Құрманғазы         Көптоғай         - Теплинка       Краснояр ауданы
ауданы
Құрманғазы         Жалғыз апан      - Басқұншақ      Ахтубин ауданы
ауданы
 
         Қостанай облысы                  Қорған облысы

Федоров ауданы     Белояровка     - Луговое          Целинный ауданы
Меңдiғара ауданы   Ұзынағаш       - Қазақ-Көшiрдiк   Целинный ауданы
Ұзынкөл ауданы     Березово       - Звериноголовское Звериноголов
                                                     ауданы
Ұзынкөл ауданы     Сибирка        - Зубаревка        Звериноголов 
                                                     ауданы
Ұзынкөл ауданы     Песчанка       - Ясная            Притобольный
                                                     ауданы
Ұзынкөл ауданы     Гренадерка     - Романово         Половин ауданы
 
         Солтүстiк Қазақстан облысы
 
  Жамбыл ауданы      Богатое        - Подувальная      Петухов ауданы
Мамлют ауданы      Михайловка     - Октябрьское      Петухов ауданы
 
         Павлодар облысы                  Новосибирск облысы

Железин ауданы     Петропавловка  - Березовка        Купин ауданы
Железин ауданы     Жамбыл         - Орловка          Купин ауданы
Успен ауданы       Қосақ          - Павловка         Карасук ауданы
Качир ауданы       Сұлу Ағаш      - Новокарасук      Карасук ауданы
Железин ауданы     Красновка      - Тереңкөл аялдама Баған ауданы
                                    пунктi
Железин ауданы     Новокузьминка  - Новокрасное      Чистоозерный
                                                     ауданы
 
         Солтүстiк Қазақстан облысы            Омбы облысы

М.Жұмабаев         Круглое        - Емонтаево        Есiлкөл ауданы
атындағы аудан
М.Жұмабаев         Надежка        - Кромы            Есiлкөл ауданы
атындағы аудан
М.Жұмабаев         Қарағанды      - Украинка         Есiлкөл ауданы
атындағы аудан
М.Жұмабаев         Куломзино      - Кисляки          Называев ауданы
атындағы аудан
Ақжар ауданы       Найзатомар     - Орехово          Одесса ауданы
Ақжар ауданы       Ұялы           - Гришковка        Одесса ауданы
Уәлиханов          Ақтүйесай      - Громогласово     Одесса ауданы
ауданы
Уәлиханов          Қаратерек      - Юрьевка          Павлоград
ауданы                                               ауданы
М.Жұмабаев         Александровка  - Мечебилово       Полтава ауданы
атындағы аудан
М.Жұмабаев         Золотая Нива   - Новоильиновка    Полтава ауданы
атындағы аудан
Ақжар ауданы       Киевское       - Длинное          Полтава ауданы
Ақжар ауданы       Горьковское    - Еремеевка        Полтава ауданы
Ақжар ауданы       Ақсары         - Новоскатовка     Шарбақкөл
                                                     ауданы
Уәлиханов          Қаратерек      - Алабота          Pусскo-Полян
ауданы                                               ауданы
Уәлиханов          Амангелдi      - Хлебодаровка     Русско-Полян
ауданы                                               ауданы
Уәлиханов          Озерное        - Калинино         Pуccкo-Полян
ауданы                                               ауданы

       Павлодар облысы

Ертіс ауданы       Майқоңыр       - Голубовка        Русско-Полян
                                                     ауданы
Ертіс ауданы       Майқоңыр       - Черлакское       Нововаршав
                                                     ауданы
Железин ауданы     Лесное         - Кузнецовка       Черлак ауданы

       Батыс Қазақстан облысы            Орынбор облысы

Зеленов ауданы     Чесноково      - Рубежинский      Первомай ауданы
Зеленов ауданы     Раздольное     - Усов             Первомай ауданы
Зеленов ауданы     Кирсаново      - Раннее           Ташлин ауданы
Бөрілі ауданы      Жаңаталап      - Затонное         Илек ауданы
Шыңғырлау          Шоқтыбай       - Озерки           Илек ауданы
ауданы           
Шыңғырлау          Шыңғырлау      - Линевка          Соль-Илецк
ауданы                                               ауданы
 
         Ақтөбе облысы

Қобда ауданы       Жиренқопа      - Ивановка         Соль-Илецк
                                                     ауданы
Қобда ауданы       Қоғалы         - Покровка         Соль-Илецк
                                                     ауданы
Мәртөк ауданы      Степь          - Веселый Второй   Ақбұлақ ауданы
Қобда ауданы       Терiсаққан     - Новомарьевка     Ақбұлақ ауданы
Қобда ауданы       Ақраб          - Шкуновка         Ақбұлақ ауданы
Мәртөк ауданы      Покровка       - Хлеборобное      Беляев ауданы
Мәртөк ауданы      Студенческое   - Новый            Қуандық ауданы
Қарғалы ауданы     Әлiмбет        - Пригорное        Новотроицк
                                                     қаласы
Қарғалы ауданы     Степное        - Полевой          Домбаров ауданы
Хромтау ауданы     Майтөбе        - Қожамберлi       Домбаров ауданы
Қарғалы ауданы     Көженсай       - Прибрежный       Домбаров ауданы
Айтеке би ауданы   Тереңсай       - Ақтөбе           Светлин ауданы
 
         Қостанай облысы

Жiтiқара ауданы    Аққарға        - Восточный        Светлин ауданы
Жiтiқара ауданы    Жалтыркөл      - Каменецк         Адамов ауданы
Жiтiқара ауданы    Волгоградское  - Комсомольский    Адамов ауданы
Жiтiқара ауданы    Бiрсуат        - Екатериновка     Кваркен ауданы
 
         Батыс Қазақстан облысы            Саратов облысы

Тасқала ауданы     Есенсай        - Новозизеевка     Дергачев ауданы
Тасқала ауданы     Чижа-2         - Восточный        Дергачев ауданы
Жәнiбек ауданы     Жақсыбай       - Петропавловка    Новоузень
                                                     ауданы
Қазталов ауданы    Болашақ        - Пограничное      Новоузень
                                                     ауданы
Қазталов ауданы    Аққурай        - Шукеев           Новоузень
                                                     ауданы
Тасқала ауданы     Беленькое      - Горный           Озин ауданы
Зеленов ауданы     Карпово        - Комсомольский    Озин ауданы
Зеленов ауданы     Вечный         - Холманка         Перелюб ауданы
Жәнiбек ауданы     Таловка        - Малый Узень      Питер ауданы
Жәнiбек ауданы     Зерновая       - Нива             Питер ауданы
Қазталов ауданы    Қошанкөл       - Варфоломеевка   Александрово-Гай
                                                     ауданы
 
         Солтүстiк Қазақстан облысы         Түмен облысы
 
  Қызылжар ауданы    Гайдуково      - Новоалександровка Қазан ауданы
Қызылжар ауданы    Долматово      - Викторовка        Қазан ауданы
Қызылжар ауданы    Красный Яр     - Ельцово           Қазан ауданы
Қызылжар ауданы    Сумное         - Благодатное       Қазан ауданы
М.Жұмабаев         Куломзино      - Новоказанка       Сладков ауданы
атындағы аудан
М.Жұмабаев         Гаврино        - Александровка     Сладков ауданы
атындағы аудан
М.Жұмабаев         Суворовка      - Красивое          Сладков ауданы
атындағы аудан
Қызылжар ауданы    Гайдуково      - Зарослое          Бердюж ауданы
 
         Қостанай облысы                    Челябi облысы
 
  Денисов ауданы     Комаровка      - Княженский        Бредин ауданы
Денисов ауданы     Приречное      - Красный Октябрь   Варнен ауданы
Қарабалық          Приречное      - Казановка         Варнен ауданы
ауданы
Денисов ауданы     Подгорный      - Маслоковцы        Варнен ауданы
Қарабалық          Победа         - Плодовый          Троицк ауданы
ауданы
Қарабалық          Шадықсаевка    - Ключевка          Троицк ауданы
ауданы
Қарабалық          Подгородка     - Кварцитный        Троицк ауданы
ауданы
Федоров ауданы     Новоукраинка   - Қаракөл           Октябрь ауданы
Федоров ауданы     Грачевка       - Қаракөл           Октябрь ауданы
Федоров ауданы     Кеңерал        - Петровский        Октябрь ауданы
Қарабалық          Боскөл         - Луговой           Чесмен ауданы
ауданы
Қарабалық          Жамбыл         - Огнеупорный       Чесмен ауданы
ауданы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады